11 - тарау. ЛИМФА АЙНАЛЫСЫ
Лимфа тамырлар жүйесі, қантамырлар жүйесімен катар, адам мен
жануарлар денесінде сан килы заттар тасута кагысатын кең ауқымды күрделі
құрылым, оның кызметі де алуан түрлі.
Лимфа жүйесі - тінаралық сүйықтық кұрамындағы су, тұз белок, липид
алмасуы кезінде пайда болган әртүрлі заттардын, микроб, денете енген бояу
т.б. қан арнасына, дэл айтсак, вена жүйесіне өтуін қамтамасыз етеді, ятни
қосымша дренаждық қызмет атқарады. Ол сондай-ақ, интерстициялық
сұйыктыктан түзілген лимфа ағысын қамтамасыз етеді. Лимфа - адам
денесіндегі
екінші
сұйық
орта.
Сонымен,
қанайналымы,
эсіресе
микроциркуляция, лимфа түзілуі, ағуы бір-бірімен тығыз байланыскан өте
күрделі үрдістер.
Лимфа
жүйесіне
Караганда
қан
жүйесі,
оның
морфологиясы,
физиологиясы анагүрлым жақсы зертгелген. Сондықтан да казіргі таңда
тасымал жүйесі тұралы әңгіме болғанда алдымен қанайналымы, оның
реттелуі еске алынады. Дегенмен, соңғы жылдары лимфа жүйесінің
морфологиясы, физиологиясы жэне патологиясы тұралы гылым, жаңа
дсректермен толыктырылды. Ғылыми-практикалык маңызы бар сол деректер
қазіргі таңга сай жан-жакты зерттеу эдістерін қолдану нәтижесінде жиналды.
Лимфа жүйесінің физиологиясы мен лимфология түралы түсінік терсңдеді.
канайналымы мен лимфа айналысының қызметі жагынан өзара байланысы,
түрлі аурулар кезінде тасымал жүйесінің кызметі қаншалықты жэнс қалай
өзгеретіні аныкталды. Ауруды аныктау оны емдеу максаттарымен клиникада
лимфа жүйесіне эсер ету әдістері кеңінен гіайдаланыла бастады. Мәселен, тірі
организмнің лимфографиясы, лимфаға эртүрлі дэрі-дәрмектер жіберу, кеуде
лимфа тамырын сырттан дренаждау, эндо- және экзотоксикоз (іштей жэне
сырттай улану) кездерінде улы заттардың уытын қайтару (детоксикация)
максатымен лимфосорбция жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |