Адам және экология Биология пәнінен 10-11 сыныптарға арналған Қолданбалы курс түсінік хат


ІІ бөлім. Тіршілік ортасы. Тірі ағзаға әсер ететін экологиялық факторлары – 17 сағ



бет4/5
Дата14.09.2023
өлшемі32,9 Kb.
#107455
1   2   3   4   5
ІІ бөлім. Тіршілік ортасы. Тірі ағзаға әсер ететін экологиялық факторлары – 17 сағ. Кіріспе. Табиғи байлықтар және оларды тиімді пайдалану. Тірі ағзаға әсер ететін ортаның элементтері. Табиғи байлықтарды топтау. Оларды тиімді пайдалану жолдары. 2.1 Су - тіршілік ортасы – 7 сағ. Су байлықтары және оларды қорғау. Адам өміріндегі және шаруашылық қызметіндегі судың маңызы. Су байлықтарының таралу географиясы, су экологиясы- Шөлдердің ұлғаю проблемасы. Қазіргі кезеңдегі дүние жүзіндегі тұщы суды пайдалану мәселесі. Қазақстанның су байлықтары, олардың қазіргі экологиялық жағдайы. Қазақстан өзендерінің суын тиімді пайдалау және қорғау. Жергілікті жердегі табиғи тұщы су көздерінің ластану себептері. Су көздерінің ластануы мен салдары. Біз қандай суды ішіп жүрміз. 2.2 Топырақ - тіршілік ету ортасы – 5 сағ. Жер қоры және оның адам өміріндегі маңызы. Топырақ байлықтарының қазіргі экологиялық жағдайы. Минералды тыңайтқыштар мен басқа дай химикат тардың топыраққа әсері. Топырақ эрозиясы және оның түрлері. Топырақ эрозиясымен күресу жолдары Практикалық жұмыс №1. Қазақстандағы жерді рекултивациялау жұмыстарымен танысу және оның табиғат қорғаудағы маңызын анықтау. 2.3 Жер-ауа тіршілік ортасы. Ауа қабатын қорғау – 4 сағ. Атмосфераның құрамы мен сапасына әсер ететін антропогендік факторлар. Атмосфераның ластануы және оны ластайтын негізгі көздер. Автокөлік және қоршаған орта. Практикалық жұмыс №2 «Жергілікті жердегі атмосфераны ластайтын негізгі орындарды анықтау».
ІІІ бөлім. Адам, өсімдіктер және жануарлар экологиясының негіздері. Тірі ағзалар – тіршілік ортасы. Өсімдіктер және оларды қорғау жолдары – 6 сағ. Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы. Өсімдіктер экологиясы. Экологиялық факторлардың өсімдіктерге әсері: жылу, жарық, топырақ, ауа. Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер және оны қорғау. Өсімдіктердің тіршілік формалары. Жергілікті жердің өсімдік топтары. Қорытынды сабақ.


Күнтізбелік-тақырыптық жоспар







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет