Адам және экология Биология пәнінен 10-11 сыныптарға арналған Қолданбалы курс түсінік хат



бет3/5
Дата14.09.2023
өлшемі32,9 Kb.
#107455
1   2   3   4   5
Курсты ұйымдастыру формасы: дәріс (лекция), ойын, есептер шығару,
топтық және жұптық оқыту әдістері, интерактивті оқыту әдістері, семинар.
Қолданатын құрал-жабдықтар:
Қазақстанның физикалық картасы, атластар, дидактикалық материалдар, электрондық оқулықтар, компьютер (слайдтар), кестелер мен үлестірмелер.
Курс сабақтарын өткізу формасы: экскурсия, көрнекі оқу құралдарымен және анықтамалық кітаптармен, интернет желісімен жұмыс, пікірталас, шығармашылық тапсырмаларды орындау (реферат жазып, жоба жасап қорғау, оны әрі қарай шығармашылықпен жетілдіру).
Күтілетін нәтиже: Бұл бағдарлама, оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде тереңдете оқыту арқылы алған білімдерін кеңейтіп, ойлауына, сараптама жасай білуіне үйретеді, өз ойын толық жеткізе білуге тәрбиелейді. Экологияның ғылыми мәселелеріне талдау жасау, салыстыру, себеп-салдарын анықтау, жоба құру және болжам жасау сияқты шығармашылық іздену мен ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін меңгерген жеке тұлға тәрбиеленеді. Табиғатты пайдалануда үнемшілдік және құқықтық принціпті сақтауды, өзінің тұрғылықты жерінің табиғатын белсенді қорғауды, табиғатты белгілі бір мөлшерде пайдалануды үйренеді.


Бағдарламаның қысқаша мазмұны (Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)
Кіріспе – 1 сағ. Табиғатпен үйлесімді өмір сүру. Табиғи ортаны қорғаудың маңызы мен міндеттері. Б.Комманердің экология заңдары - табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты үйлесімді түрде жүргізе білудің басты шарты.
І бөлім. Адам қоғамы және қоршаған табиғи орта – 9 сағ. Адам іс-әрекетінің табиғатқа әсері. Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы; Адамның іс-әрекеттерінің тікелей табиғатқа әсер етуі. Антропогендік факторлар; Экологиялық дағдарыс (немесе төтенше экологиялық жағдайлар) кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас; Экологиялық апат - әбден шиеленісіп кеткен жағдайда байқалатын табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынас. Экологиялық мәселелер: Ғаламдық экологиялық мәселелер, аймақтық экологиялық мәселелер, Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары; Қазақстандағы табиғи ортасын тұрақсыздандыру процестері, себептері мен салдарлары; Жергілікті экологиялық мәселелер. Адам және қоғам. Табиғи ортаны қорғаудың экологиялық негіздері. Экологиялық түсінік тер. Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет