Адам және жануарлар физиологиясы



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата17.04.2023
өлшемі1,43 Mb.
#83518
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ablaikhanova N.T. 5

2.Оқу элементі. 
Сыртқа шығару 
жүйесінің морфо-
физиологиялық 
құрылысы
Адамның Зәр шығару жүйесі зәрді өндіретін бүйректен, зәрді шығаратын бүйрек тостағаншалары 
мен бүйрек астауларынан, несеп (зәр) ағардан, қуықтан, несеп түтігінен тұрады. Бүйрек (почка). 
Құрсақ қуысында, жоғарғы бел омыртқаларының тұсында орналасқан. Бір-біріне бас жақтарымен 
жақын жатады. Оң бүйрек сол бүйрекке қарағанда 1-2 см төмен жатады. Бүйректер артқы жағынан 
диафрагмаға, белдің құрсақ қуысына, алдыңғы жағынан тоқ ішектің өрлеу және төмендеу 
бөліктерімен шектеледі.. Бүйректің орналасуы жас және жыныс ерекшеліктеріне байланысты 
келеді. Әйелдерде төмендеу, жас нәрестеде одан да төменірек жамбас ішінде түсе жатады. Сыртқы 
пішіні бұршақ тәрізді, ересек адамдарда ұзындығы 12 см, ені 6 см, салмағы 120 грамға дейін жетеді. 
Сырт жағынан тығыз фиброзды, оңай сыпырылатын дәнекер тканді қапшықпен қапталған. Бүрек 
беті ересек адамда тегіс келсе, жаңа туған нәрестеде бұдырлы келеді Ішкі жағында бүйрек қақпасы 
болады, ол арқылы артерия қан тамыры еніп, вена қан тамыры мен несепағар шығады. 
Қуық (мочевой пузырь) – зәрдің уақытша жиналып тұратын мүшесі. Ол жамбас қуысында, шат сүйегінің 
артында орналасқан. Оның алдыңғы кеңістігінде бос болбыр май ткані болады. Қуық пішіні жалпы оның 
созылуына, толуына, тік ішек пен жатырдың көлеміне қарай өзгеріп отырады. Ол несепке толған кезде 
алмұрт тәрізді келеді, оның төменгі жағын түбі, жоғарғы жағын ұшы, орта бөлігін қуықтың денесі дейді. 
Қуық түбінен несеп каналы басталады. Қуық – кіндік, жамбас, шат байламдары арқылы өз орнына бекіп 
жатады. Оның қабырғасы өте созылғыш келеді. Бос кезінде қабырға қалыңдығы 1,5 см-ге дейін барса, 
толған кезде 2-3 мм-ге жұқарып созылады. Қуықтың ішкі қабырғасы – кілегейлі қабаттан, ортаңғысы –
бірыңғай салалы ет қабатынан, сыртқысы – дәнекер қабаттан түзілген. 
Несеп каналы— қуықтың зәр шығаратын түтігі. Несеп каналының қуықтан басталар жерінде бірыңғай 
салалы ет талшықтарынан түзілген ішкі қысқыш (сфинктер) жатады. 2. Ортаңғы бөлімі қысқа (1—3 см) 
жіңшіке болып келеді. Ол жамбастың түп жағында орналаскан. Бұл бөлігі бұлшық еттер мен шаңдырлары 
арқылы шат сүйегіне берік бекемделген. 3. Соңғы бөлімі— басқаларына қарағанда ұзындау (16—18 см), 
бұл жыныс мүшелерінің астыңғы кеуекті денесі болып саналады. Оның басталар жерінде бадана 
(Куперово) бездің бірнеше түтіктері ашылып, оның шығаратын сүйықтығы несеп каналына шығып 
отырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет