3.Оқу элементі. Сыртқа шығару жүйесінің патологиясы Қарттық жаста бүйректің ең көп кездесетін ауруларына жатады: ✔ Созылмалы пиелонефрит; ✔ Цистит; ✔ Уретрит; ✔ Простатит; ✔
Уролитиаз (несеп-тас ауруы); ✔ Гломерулонефрит. Созылмалы пиелонефрит – бүйректің қуыстық жүйесінің және тубулоинтерстициялық аймағының басым зақымдануымен сипатталатын созылмалы бейспецификалық инфекциялық қабыну үдерісі. Пиелонефрит – нефрогенді гипертензияның және бүйректің созылмалы шамасыздығының басты себебінің бірі. Цистит — қуықтың өте жиі кездесетін қабынуы. циститпен ер адамдар да, әсіресе әйелдер жиі ауырады. Аурудың қоздырушылары: ішек таяқшасы, протей, стафилококк, т.б. инфекциялар. Бұлар қуыққа гематогендік жолмен организмдегі қабыну ошағынан немесе сырттан уретра (үрпі түтігі) арқылы жыныс мүшелерінен енеді. Уретрит-әртүрлі бактериялар мен вирустардың салдарынан зәр шығару жолдарының қабынуы.Жыныс мүшесінің тазалығын сақтамағаннан болады.Белгілері: зәр жібергенде ауырсыну және іріңді сұйықтықтың білінуі,қызаруы,қышуы. Простатит – қуық асты безінің (простата) қабынуы. Ол ер адамдар арасында жиі кездесетін урологиялық кесел. Дерт 30-дан асқан еркектерде пайда бола бастайды. Соңғы кездері простатиттің "жасаруы” байқалады. 30 жастан соң еркектердің 30%-і, 40 жастан соң 40%-і, 50 жастан соң 50%-і және с.с. простатиттен жапа шегеді деп есептеледі.
4.Оқу элементі. Такырып бойынша қорытындылау Ағза енді қайта пайдаланбайтын зат алмасудың соңғы