Адам ґмірініѕ философиялыќ МЈНІ


Өмір және өлім туралы ойларымызды қорыта келсек



бет3/4
Дата30.11.2022
өлшемі55,5 Kb.
#53913
1   2   3   4
Өмір және өлім туралы ойларымызды қорыта келсек, өмір адам үшін басты құндылық. Өмір міндетті түрде мәнге ие, ол мән өмірдің өзінде.
Адамның мақсаты өмірдің мәнсіздігі туралы құрғақ рационализімге негізделген рефлексияға берілмей оны сезіне де білу, өмірдің мәнін өмірдің өз бойынан іздеп, табиғат сыйлаған өмірді мәнімен толтыру, өмірді жоспарлап қана қоймай, іс әрекеті арқылы гүлдендіру. Адам бұл дүниеге келгенде тіршілік етуші ғана.
Адамдардың бәрі бірдей адами мақсаттарды таңдай біле ме? Жоқ, оларды адамгершілікке негізделген рухани құндылықтарды құндылықтардың басқа түрлерінен жоғары қойған, яғни, нағыз руханилыққа жеткен адам ғана таңдай алады.
Руханилық дегеніміз не? Руханилық – тек адамға тән маңызды қасиеттердің бірі. Біздің ойымызша, руханилық адамның адамгершілік келбетімен өзектес. Рухани құндылықтарды әлеуметтік философиялық тұрғыдан тереңдеп талдаған ғалым С.Нұрмұратовтың сөзімен айтсақ, “руханилықтың негізгі келбеті – адамның өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін әлемге паш етуге дайындығы.”
Руханилықтың бастауы әр адамның бойында азды-көпті бар. Ақылдың көмегімен жан жақты білім жинап, руханилыққа жетемін деуге болмайды. Адам өзінің бойында нағыз адами қасиеттерді дамытқанда, өзі мен өзін қошаған дүние туралы жинаған білімдерін адамгершілікпен ұштастырғанда ғана шын руханилыққа жетеді.
Әділдік, адалдық, ар ұят, еңбек, достық, шығармашылық, махаббат және тағы рухани құндылықтар адамды адам етеді, өміріне мән береді, руханилықтың ең биік дәрежесіне жеткізеді. Нағыз руханилыққа – қиын да күрделі, бірақ мәнді өмір сүремін деген адам жолдан өтуге міндетті. Адам оған жете ме, жетпей ме – мәселе онда емес. Н.Бердяевтің “Өмірдің мәні туралы ойланудың өзі өмірдің мәні” дегені секілді, индивидтің руханилықты таңдауының, оған талпынуының өзі мәнді өмірге баспалдақ.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ең әуелі өмірдің мәні мәселесінің қиындығының сыры туралы тереңірек ойлансақ, оның жалпы адам табиғатының күрделілігімен тығыз байланысты екендігіне көзіміз жетеді. Дүниеде адамнан жұмбақ ештеңе жоқ. Адам тіршілік етуші ретінде жарық дүниеге келген уақыттан бері өзін - өзі танып білуге талпыныс жасап келеді. Бірақ, басқа ғылымдарды айтпағанның өзінде, адамды негізгі зерттеу объектісіне айналдырған дін мен философия адам болмысын толық ашып береді деп айта алмаймыз. Өркениеттің тарихи дамуының әрбір кезеңі адам табиғатын түсіну ісіне белгілі бір жаңалық, азды көпті үлес қосып отырғанын жоққа шығармасақ та, адамның өзі әлі күнге дейін ашық проблема күйінде қалып отырғанын мойындауымыз керек. Сократтың “Өзіңді өзің танып біл!” қағидасын басшылыққа ала отырып, өзінің ішкі дүниесін тереңдеп тексеруге ұмтылған адам өзі ойламаған қиындықтарға тап болары сөзсіз. Индивид өзін танып білудің тура жолы жағына және “адам дегеніміз кім?” сауалына түпкілікті жауап болуы мүмкін емес екендігіне көзі жетеді, ол өзі үшін де, басқалар үшін де шешілмес проблема болып қала береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет