Бөбек.
Бар ӛмірімде жан сырымды соншама шынайы
шындықпен тап осылай ашып айтпаған болармын, ешқашан, жеңеше!
Мен ғашықпын!.. (Жеңгесін құшақтайды).
Дина.
О не дегенің, Бӛпежан?.. Тыйыл жаным. Байтақ елге аты
жайылған Бай атаның қызы етікшімен... Масқара
-
ай!.. Ертең халық не
дейді! Олардың құлағына ызың тисе болды, масқара болдық дей бер!
Бөбек.
Бізің қазақтардың мінезі қызық халық екен! Қайыптан
тайып біреу біреуге ғашық бола қалса, тек қыздың жеңгесі емес, тіпті
бүкіл ел болып масқара бола қалады екен... Сол қалай, неліктен
жеңеше?
Дина. Жүр! Ойбай, жүр Бӛпежан! Үйге қайталық...
Бөбек.
Балаларының бір
-
біріне ғашық болып отау тігіп жатса ел
болып масқараланғанша, ел болып қуанып жатпай ма?.. Сіз айта
беретін масқара, ол не масқара?
Дина.
Мынау үй сыртында тың тыңдап тұрғанымыз ұят болар.
Біреу
-
міреу байқап қалар. Жүр! Жүр Бӛпежан, үйге қайталық. Кейін
келерміз. Ойбай
-
ай, ойбай!.. Енді не бетімді айтамын!..
Бөбек.
Жеңеше неге жауап бермейсің?
Дина.
Ата
-
бабаң ғашықтық сезімді есі дұрыс кісінің ісі десе, әлі
ӛмірге келмегендерді атастырып, қалыңмал берісіп, тумаған
балаларының ӛмірін олар тумастан бұрын бастамас еді...
Бөбек.
Жеңеше! Мен ғашық болып қалдым! Ғашық болудың
қандай бақыт екенін сен білсең ғой, шіркін! Етікші үйіне қарай бет
алғанда, асығатыным соншалық, сол үйге жеткенше жүгіріп баруға
дайынмын...
Дина.
(үрейлене) Күнім
-
ай, сен мені қорқыта бастадың
-
ау!
Бөбек.
(шаттана)
Сенде қорқыныш! Менде қуаныш!
Дина.
Мен артын ойлап қорқып келемін!
Бөбек.
Мен қәзіргі бақытыма қуанып келемін!
Дина.
Ой
-
бой, сӛйлеме!.. Үніңді шығарма! Ертең
-
ақ қалың ел “гу
-
у” ете қалар. Жусанның да құлағы бар, бұл
далада. Желдің ызыңы
жеткізер, ӛзіңнің қимылың сездірер... Құдай
-
ай, ӛзің жар бола кӛр!..
Екеуі үнсіз қайтып келе жатады. Кенет жұлып алғандай боп,
Дина “жоқ, олай етуге болмайды ғой!” деп дауыстап жібереді.
Дина. Жоқ! Болмайды. Олай етуге қақың жоқ сенің!
Шаңырағыңды, әке
-
шешеңді масқара етесің! Ертең бүкіл ел бетіңе
түкіреді! Болмайды олай етуге!
Бөбек.
Сен не деп тұрсың? Кімге айтып келесің?
Дина.
Саған! Мен сенің жауың емеспін. Қайт бұл райыңнан! Мен
сенің болашағыңды ойлап, зәрем ұшып келеді...
Бөбек.
(мұңайып)
Мен қайтармын
-
ау!, бірақ жүрекке еніп кеткен
ана сезім деген пәлені қалай шығарамыз? Айтқанға кӛне қойса болар
еді? Сол пәле айтқанын тыңдатпай қоймайды ма деп қорқамын,
жеңеше... Мен де, сен де кеш қалып қоймасақ болар еді?..
Дина. Ӛзіңе
-
ӛзің ие бола кӛр, жаным! Сәл шыда. Тойың жақын.
Арғы жағы бір қалыпқа түсіп кетеді ғой.
Бөбек.
Жоқ, жеңеше! Қалыпқа түсер реті жоқ секілді.
Дина. (Бӛбекті құшақтай алады, жалына)
Тыйыл, жаным,
тыйыл!..
Бөбек.
Ендеше, Жеңеше! Бірдеңеге ұрынбай тұрғанда Әкеме
айтып, мына етікшіні еліне қайтарт. Етікшінің басқа біреуін алдырсын.
Мен жүректегі жынға ие бола алмай қалсам шын ұят сонда болар.
Кӛзден таса болса, мүмкін, кӛкіректен ӛшер.
Дина. Не деп тұрсың?. Ӛзің ұшқалы отырған шаңырағыңның
абыройын ойла. Жасы келіп қалған әке
-
шешеңнің жайғдайымен санас.
Бір рулы жұртыңды бар адайға масқара етпе. Атақты шеберді қолынан
іс келмеді деп қайтармайды. Жұрт не дейді? Ертең
-
ақ сан саққа
жүгіртіп, ӛзіңді қарабет етіп шығарар.
Бөбек. Сондай болып қалмау үшін де о кісіні еліне қайтар деп
тұрған жоқпын ба. Басқа амал жоқ секілді.
Дина. Қайт, бұл райыңнан! Есіңде болсын, ел салтынан шын
кетісетін болсаң менен достық пейіл таппайсың!
Бөбек. Жан сырымды сеніп тапсырып тұрған бұл әлемдегі
жалғыз жан сен едің! Бар дүние мені жалғыз қалдыруға айналдыңдар
ма? Не жазығы бар еді, мендей қазақтың бір қызының, ғашық болуға
болмайтындай?..
Дина. Менікі достық...
Бӛбек. Жоқ, жеңеше! Алла тағала сорлы қазақ қызына дос
жаратпаған секілді!.. Қайтеміз, кӛрерміз, маңдайға жазғанын. Жалғыз
сенерім сен едің... Енді тек қана жүректегі сезімге ғана сенеміз дағы...
Менің ендігі жердегі досым –
сезімім ғана болады!..
Бӛбек жеңге қолынан босанып, кетіп бара жатады. Дина қуып
жетіп:
Дина.
Менің ақ тілеуім тек қана сенің үстіңде екенін ӛзің де
білесің ғой. Ана жалғыз ағаңның тілегін де сендей тілемейтін
болармын. Құдай
-
ай, сақтай кӛр, ӛзің. Ақылды едің ғой, саған не
болған?
Енді екеуі құшақтасып бара жатады.
Шымылдық жабылады.
8-
көрініс. Бай үйінің іші. Той қамы.
Есжан байдың үйі. Той қамымен әңімелесіп отырғандар.
Есжан.
Байқаймын, соңғы кезде Бӛбекжанның назары тәуір
секілді.
Сәнтөре. Қаншама ерке дегенмен заты әйел ғой. Етікшінің
қолынан шыққан әсем заттар кӛңілін кӛтеріп жүрген болар.
Есжан.
Ей Алла! Жалғызымды жылата кӛрме.
Қойлыбай.
(қуақылана)
Маған жылайтындай не кӛрініпті? Одан
да ана алдырған етікшілеріңді тежеп ұстаңдар. Жұрт оны әнші дей ме,
күйші дей ме, бақсы дей ме, әйтеуір, бәрі табынып болыпты. Әйел
халқы әуелден сондайларға құмар болатын. Ӛзінің ақ сайтаны бар
болар. Осы маңайдың тойы онсыз ӛтпейтін болыпты. Қыздарыңның
басын айналдырып кетпесін? Жылау сонда болар. Жалғызың емес
бәрің, жыларсыңдар сонда. Шеттеріңнен еңіреп қалмаңдар.
Есжан.
Қой балам! Бӛбекті ондай тәртіпсіздікке қалай қидың?
Сәнтөре. Жалғыз қарындасына қамқор болудың орнына айтып
отырғанын қарашы. Бұ заманның жігіттері қарындасқа аға болудың да
ретін білмейді. Ей, Алла! Сақтай кӛр, ӛзің!
Қойлыбай.
Сол ағалық қамқорлық, біздің сӛзімізде, біздің
ойымызда жатырған болар.
Сәнтөре.
Құда келген күні, ӛзі сұранып қыз киімін киіп еді.
Қаншама ерке дегенмен, жас дегенмен іштей дайындығы бар ғой
деймін.
Есжан. Жарайды, доғарыңдар. Балам, той күні жақындағанда
кӛшіп қонатын, той ӛткізуге ыңғайлы қоныс қарастырып қой.
Қойлыбай.
Қарастырдық та, таптық та. Мал түгілі аң баспасын
деп қорық та қойып қойдық.
Есжан. Бәрекелді, балам. Жұрттың бәрі шаруаға сендей
тиянақты болса ғой!.. Дұрыс болған.
Ал, Келін! Бӛбек заттарының дайындығы қалай?
Дина.
Бәрі дұрыс. Тек қана қызыңыз бітіп қалған әр нәрсенің
мына жері былай екен, ана жері анадай екен деп, қайта
-
қайта бұздыра
береді. Үлгереді ғой.
Есжан.
Шеберге айтыңдар, сұрағанын алады.
Қойлыбай. Бір үйір жылқы сұраса қайтесің?
Есжан.
О кісіде де жоба бар болар. Істеген заты Бӛбек кӛңілінен
шықса, не сұраса да алады. Сұрағанын береміз.
Қойлыбай.
Сонша оңай олжа табады, неге шыр бітпейді,
осындайларға...
Есжан.
Балам! Келісіп қоялық. Егер жасау Бӛбек кӛңілінен шығып
жатса, бір үйір жылқыны шебердің ӛзі таңдап алады. Ал ортаңқол
нәрсе боп шықса үйірді ӛзің таңдап берерсің.
Дина.
Жұмсап жатқан асыл тастары мен алтын
-
күмістерінің шеті
жоқ. Бӛпежанның жасауы ешкімде болмаған жасау болатын болар.
Қойлыбай.
Сонша асыл заттарды қайдан алады?
Дина. Қара тасты отқа салып балқытып күміс ағызып аламын
дейді.
Сәнтөре.
Рас па, келін?
Дина.
Рас, рас...
Есжан.
Жә, жетер. Шаруаларыңа барыңдар.
Кетеді. Шымылдық.
9-
көрініс. Түн. Шебер үйінің сырты. Бөбек сыры. Табысу.
Түн
.
Бӛбек жалғыз ӛзі жасырынып Қайып шеберханасына
жақындайды. Іштен Қайыптың “Құан нар” сазымен ыңылдаған сазы,
оған қосарлана балға дыбысы да естіліп тұрады. Бӛбек те ыңылдап,
әнді жаттап тұрады. Сахнаның бір шетінде етік тігіп отырған
Қайып, екінші шетінде ән тыңдап тұрған Бӛбек. Аузында ағаш
шегелері бар Қайып ыңылдап отырады. Шеге таусылса ӛлеңді
сӛзбен айтады.
Бөбек. (сыбырлап)
Әй, етікші! Әлгі әніңнің сӛзі қалай еді?..
Ақбӛбек тамағыңнан бір искетсең?.. Әлде бір сүйгізсең?.. Содан соңғы
жолы қалай еді?.. Ұмытып қалыппын?.. (тығыршып сәл тұрады).
Мына етікші бұлданып айтпай қойды ғой... Қой, кетейін... Кӛзге түсіп
қалармын...
Сӛзі айтылмаған әнді тыңдағысы келмеген Бӛбек қайтып бара
жатады. Сол кезде Қайып әні естіледі. Қыз кері қайтады.
Қайып. (ӛте мұңды да, сазды дауыспен)
Ән салсам аңқытады тіл мен таңдай,
Зер салсам ӛрнектерім күн мен айдай.
Сӛзіңе жалғыз ауыз зәру қылар,
Ақбӛбек, айтшы менің, мінім қандай?
Бөбек. Тағы жаңа ән шығарған ба, мына етікші!?
Етікшінің етік тігіп отырғаны, аузының да бос емес екені
байқалады. Арасында ӛлеңін жалғастырады.
Қайып
.
Мақпалдай құлпырады екі бетің,
Мақтадай
үлбірейді
-
ау аппақ етің.
Деміңнен жұпар есер, раушандай,
Сен болдың, о дариға, есіл
-
дертім.
Оһо
-
о
-
оу, есіл
-
дертім
-
а
-
ау...
Бөбек. Сен білсең етті ғой, ағатай!.. Кімнің есіл
-
дерті кімде болып
жүргенін?
Қайып. (балғасын тастай салып, қолына домбыра алады.
Ӛлеңін жалғастырады).
Әуеде бір жұлдыз бар Темірқазық,
Керторы оза шабар бауыр жазып.
Ақбӛбек тамағыңнан бір искетсең,
Болар ед мен сорлыға алты ай азық.
Оһо
-
о
-
оһу
-
у
-
у, алты ай азық.
Бөбек. (Қосылып айтып тұрады).
Ақбӛбек тамағыңнан бір искетсең,
Болар ед мен сорлыға алты ай азық.
Оһо
-
о
-
оһу
-
у
-
у, алты ай азық.
Бӛбек үй сыртынан есікке жақындайды. Кіргісі келеді. Батылы
бармайды. Киіз үй босағасына сүйенген
Бӛбектің жылап тұрғаны
байқалады. Ән тоқтайды. Бӛгде дыбысты байқап қалған Қайып
далаға шығады.
Қайып. Жаным
-
ау, Бӛбекпісің? Қараңғыда неғып тұрсың?
Жалғызбысың?
Бөбек.
Жоқ, біз екеуміз.
Қайып. Ешкім кӛрінбейді ғой.
Бөбек. Ол кісі кӛрінгісі келмейтін кісі. Менің жүрегіме ұрланып
кіріп алып, енді шыққысы келмей жүр.
Қайып. Бӛбекжан
-
ай! Мына
сӛзің маған жұмақтың тӛрінен орын
беріп, ұшпақтың шыңына шық деп шақырып тұр ғой! Ол кісінің атын
білуге болмас па екен?
Бөбек. Ағатай! Мені енді ешқашан Бӛбек деп айтпаңызшы!
Ақбӛбек деп атаңызшы. Мен
-
ақ болайын, Сіздің іздеп жүрген
Ақбӛбегіңіз!
Екеуі бір
-
біріне ұмтыла құшақтасып ұзақ тұрысып қалады.
Қайып. Бауырындағы қызды құшарлана қысып, үздігіп:
Желден жүйрік Ақбӛкен! Қиялдағы ақ арман!
Періштенің нұрындай Ақбӛбек!
Қайып сәл кідіріп, ӛлең құрастыра бастайды.
Қол жетпес, ұсынғанмен, Ақбӛбегім!
Арманым, желден жүйрік, Ақбӛкенім!
Сыңары махаббаттың арман аққу,
Болар ма мына күрке бақ мекенім?!
Ойланып тұрып қалады. Бӛбектің екі бетінен ұстап, ӛзінен
алыстата, телміре қарап қалады.
Қайып.
Армандаудың ӛзі күпірліктей боп кӛрінген менің бақ
құсым!.. Дәметпейтін жерден, қалайша менің басыма қона қалдың? Тек
қана жарлының жыртық күркесі саған бақ мекен бола алса жарар еді?!.
Бөбек. Ағатай, біздің бұл ісіміз бағымызға ма, сорымызға ма, ол
әлі белгісіз... Бірақ болары болды, мен жүрек еркіне бағынып
қалдым...
Мен ӛзімді тоқтата алмадым!
Қайып. Ақбӛбегім менің!.. Бақытым менің!.. Арманым менің...
Бөбек. Ағажан
-
ай! Сіздің айтып тұрғандарыңыздың бәрі менің
сӛзім ғой... Сізден бұрын мен айтқанмын, сізге арнап, бұ сӛздерді!..
Бақыт құшағын ашқан да, бақ мекенін тапқан да, Мен!.. Мен дегеніме
жеттім, міне армандаған бақыт құшағым! Таптым да, еніп кеттім!
Осы
бір сәтті бар қалған ғұмырыма айырбас етпеспін!
Қайып.
Түсім емес пе?.. Бұ не ғажап!.. Ей Алла! Артын сұраусыз
ете кӛр!
Бөбек.
Ӛңің ағажан, ӛңің! Менің де ӛңім! Міне, мен сан түнгі
азабымның есесін қайтарған, аялы құшақта тұрмын, сіздің
құшағыңызда тұрмын!
Қайып. Ақбӛбегім менің! Жүрегіме бал тамызған тіліңнен
айналайын, сенің! Тек әттең...
Бөбек.
О не?.. Ол неткен әттең?.. Осындай сәттің де әттеңі
болушы ма еді!..
Қайып.
Тек қана... Мендей жарлыға, мендей жалғызға қыз
бермек түгіл, бұл туралы ойлауға да ұрқсат бермес...
Бөбек. Сіз кӛнсеңіз мен ешкімнен де ұрқсат сұрамаймын. Маған
жүрегім ұрқсат еткен!..
Қайып. Асыраған әке мен шешені қайтеміз? Бӛбегім деп
әлпештеген елді қайтеміз?
Бөбек.
Шынында да, жұрт не дер екен? Ей Алла тағала, кешіре
кӛр, ӛзіне
-
ӛзі ұя салмақ болған, мына ақымақ балапаныңды... Үйірден
адасқан құлыншағыңды...
Қайып қайтадан шабыттана, ӛлең жолдарын құрастыра
бастайды.
Қайып.
Бітімің арғымақтың құлынындай,
Кӛз тартып құлпырасың құбылып
-
ай.
Шынымен кӛңіліңді берсең маған,
Мен даяр кетуге елден шығынып
-
ай!
Бөбек. Қайып аға! Ендігі жерде тек қана кӛңілімді емес, тұтас
жан
-
тәніммен ӛзімді де бердім, сізге. Ұстадым етегіңізден!
Қайып. Ақбӛбекжан
-
ай! Жалғыз едім! Жеткізе алар ма екенмін,
арманыңа! Жарлы едім! Жауап бере алар ма екенмін, талғамыңа!
Бөбек. Менің бақытым барлықта да емес, байлықта да емес!
Анау жасаған ғажайып сәнді заттарыңыз мені сіздің ӛнеріңізге ғашық
етті! Асып
-
тасып, тӛгіліп
-
шашылып жатқан ӛлеңдегі сӛздер мен
сезімдер мені ӛзіңізге ғашық етті... Мен ғашықпын!.. Мен ғашықтықтың
не екенін түсіндім!.. Мен бақытымды таптым!.. Мен махаббат дәмін
таттым!.. Сіз мені бақытты еттіңіз!
Қайып. Ойпырмай, қалқам
-
ай!.. Мен мына жүкті, мына бақты
кӛтере алсам жарар еді?.. Ойланып айтып тұрсың ба?.. Артының
ӛкініші болып жүрмесін!..
Бөбек. Мен ойланып та толғанып та болғанмын... Ақылдасып та
кӛрдім... Жан сырласым, жан досым деп жүрген туған жеңгем де мені
түсіне алмады... Елдің әдеті дейді, жұрттың ғұрыбы дейді. Айтып
отырса бұлардың елі де, елі шығарған ережесі де маған, тек маған
емес бар қазақ қызына қарсы шығарылған екен... Қыз біткеннің жүрегі
бар екенін, оның сүйгісі келетінін бұ қазақта бұрын еш жан ойламаған
секілді...
Махаббатқа бәрі қарсы... Біз екеуміз бұ елде ғашық
болғандардың алғашқылары боламыз...
Қайып. Күнім
-
ай! Мына сӛзің мені тап қәзір ӛлетін болсам да
армансыз ӛтетін етті
-
ау, бұ Жалғаннан! Менде енді арман жоқ! Тек
сол армансыз ӛмірді қалай бастасам екен?
Бөбек. Бір бабаң айтыпты ғой: “Ер жігіт екі кезде ойланбас
болар. Бірі –
жасанып алдында жау тұрғанда, тағы бірі –
жәудіреп
алдында ғашығы тұрғанда” –
деп... Тәуекел ет!.. Тәуекел етелік!..
Қайып. Мен тәуекелге сенің ақ балтырың алақаныма түскен
сәтте
-
ақ
бекінген едім! Бірақ ол кезде орындалмас арман ғана секілді
болатын.
Бөбек. Мені ұзататын күндері жақын. Енді орындалмас арманның
орындалуы тек ӛзіңе ғана қарап қалды... Не дейсің, Қайып аға!..
Қайып. Мен не дейін, күнім!
Бір
-
екі күн мұрсат бер. Мен бізге
болашақта пана боларлық ел іздеп келейін. Нағашыларымның
тамырын басып байқайын. Елі бұл арадан қашықтау бір жездем бар
еді, хабар жіберейін. Біреуіне барып тұрақтармыз. Сен дайын бол...
Бөбек. Мен дайынмын ғой... Әйтпесе, осылайша ӛзім саған құда
түсемін бе?..
Қайып. Ниетіңнен айналдым, менің Ақбӛбегім! Мен ертең бір
сылтаулар айтып жеңгеңнен ұрқсат сұрайын.
Бөбек. Жеңешеме де сездірме. Кейін аға алдында, ауыл
алдында күнәлі болып қалмасын.
Қайып.
Жарайды, жаным, жарайды...
Шымылдық.
10-
Достарыңызбен бөлісу: |