Адам пендесі үшін тіршіліктің тірегі де мағынасы да



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата03.03.2017
өлшемі0,49 Mb.
#5468
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

көрініс.

 

Есжан үйі.

 

 

 

Есжан байдың ошақ басы.

 

 

 

 

Есжан.  Той  күні  де  жақындап  қалды.  Дайындық  шаруалары  да 

аяқталуға тақау. Балам ел

-

жұрт түгел хабарланды ма екен?



 

 

Қойлыбай.  Әке, бәрі  хабарланды. Аламан  бәйгенің бас  жүлдесі 

алтын тай тұяқ пен жүз жылқы дегесін, ат

 

әкелмейтін ауыл қалмайтын 



реті  бар.  Кейбіреулер  жеті  орын  емес,  он  орынға  бәйгі  берілсе  деп 

қолқа салады дейді. 

 

Есжан.

 

Ауылдың  ақсақалдарымен  ақылдас,  сосын  маған 



айтарсың.

 

Қойлыбай.

 

Жарайды, әке.



 

Есжан.

 

Бәйбіше! Бӛбекжанның жасауы қалай, дайын болды ма?



 

Сәнтөре.  Келіннен  ұлқсат  сұрап  кеше  шебер  аулына  кетіпті. 

Сәукеленің  маңдайына  салатын  тас  іздейді  екен.  Жасауын  қарап 

келдім.  Біз  кӛрмеген  ерекше  сәнді  бұйымдар!..  Бӛбекжанның  жасауы 

біз    осы  жасқа  келгенге  дейін  кӛргендердің  барлығынан  да  ілгері 

болатын

 

реті бар.



 

Есжан.

 

Бұлар жеті атасынан ӛнер қонған адамдар ғой. Осындай  



ӛнерлі адамдар арқасында еліміз адай шебер ел, адай зергер ел деген 

атаққа ие болып жатады. Шеберді ренжітпей жіберіңдер.

 

Қойлыбай.

 

Айттың ғой, сұрағанын алады...



 

 

Шымылдық.



 

 

 



11-

көрініс. Дина мен Бөбек шебер үйінде.

 

 

 



Бӛбек пен Дина шебер үйінде.

 

 

 

Дина.  Сау саламат оралдыңыз ба, сал жігіт!

 

 



Қайып. Ӛздеріңіз де амансыздар ма?

 

Дина.

 

Гауһар  ма,  лағыл  ма,  аты  қалай  еді,  іздеп  кеткен 



тасыңыздың? Таудан тас іздеймін деп едіңіз, табылды ма  іздегеніңіз? 

Әлде тасты сылтау етіп ел қыдырып жүрсіз бе?..

 

Қайып.

 

Таудан  тас  та  іздедік.  Ауылға  да  бардық.  Бірақ  сіздерді 



сағынып, тездетіп қайтып келдік. Бұл ауылға бауыр басып қалыппыз.

 

 



Бӛбек Қайыпқа қарап күлімсірейді.

 

 

 



Қайып.  Бірақ,

 

Бӛбек  сәукелесінің  маңдайына  лайық  тас 

таптырмады.

 

 



Дина. Қайным, қорқытпа бізді.

 

 



Бөбек.  Тас  таппасаңыз,  үйде  сәукеле  бар  еді.  Мүмкін  соның 

тасын аларсыз.

 

 

Қайып. Ӛзіңізге ұнаса, ауыстырып салалық.

 

 



Дина



(кӛрпемен жабылған, ӛзі үстінде отырған қапты қолымен 



шұқып)

 

Шебер



 

қайным, мына қабыңызда не бар осы, ортаймайды да, 

ашылмайды да...

 


 

Қайып. Күмісім таусылса балқытып алайын деп алып келіп едім. 

Күміс аралас тас, топырақ қой.

 

 

Бөбек. Алтынды да ӛзің балқытып аласың ба?

 

 

Қайып.  Бәрін  де  ӛзіміз  істейміз.  Тас  бетін  ӛңдеуді  де  үйреніп 

алдық.


 

 

Бөбек. Жеңеше, сәукелені алып келші.

 

 

 

Дина. Қәзір, алып келейін. Кетеді.

 

Қайып. (Бӛбекке жақындап, қолынан ұстайды).



 

Үш күннің соншама ұзақ уақыт екеніне енді кӛзім жетті.

 

 

Бөбек.  (Қайыптың  бауырына  тығылып)

 

Үш  күннің  қаншалықты 



ұзақ уақыт екендігі маған аян, тек қана маған аян.

 

 



Қайып.  Сен  есіме  түскенде  сағыныштан  қолқам  ба,  жүрегім  бе, 

ӛкпем  бе,  әйтеуір  іш  жағымда  бір  жерім  үзіліп  кете  жаздайды...  Не 

екенін? Мен ендігі жерде сенсіз бір сәт ӛмір сүре алатын емеспін...

 

 



Бөбек.

 

Менің ойымды Қайып деген кісі ұрлап алып, сосын ӛз сӛзі 



етіп айтуға қандай шебер еді...

 

 



Қайып.

 

Менің  жүріп  ӛткен  жерімнің  бәрі  Ақбӛбек  деп  ән  салып 



жатқан болар, бұ күндерде...

 

Бөбек. Қайда барып қайттың? Жүрген жағың аман ба?

 

Қайып. Бәрі ойдағыдай. Бұ жерден айлық жолдағы апа

-

жездеме 


хабар жібердім.

 

Бөбек. Айлық жерге қалай жетеміз?

 

Қайып. Біз бірден таптырмай кетпесек болмайды. Осы маңайда 

қалсақ ұстап алады. 



 

Бөбек. Ұстап алса не істейді?

 

Қайып. 

Айттырулы 

қызды, 


тойға 

дайындалып 

жатқан 

қалыңдықты    алып  қашқанды,



 

әсіресе  мен  секілді  қорғаны  жоқ 

жалғызды аямайтын болар.

 

Бөбек. Не дейді? Адам адамды сүю үшін жаратылмай ма? Шын 

ғашық болды деп кісіні жазаға кесетін қандай заң?

 

Қайып. Ұстап алса саған да оңай тимейді.

 

Бөбек. Маған сенсіз ӛмірдің қажеті жоқ. Сенен айрылған күні бүл 

тірлікпен  қош  айтысамын.  Мен  ӛз  заңымды  шығарып  та  қойғанмын... 

Ант  етемін,  мен  тек  қана  сенімен  Ақбӛбекпін.  Жай  Бӛбек  болып  қала 

алмаймын, мен, ендігі жерде. (Бӛбек Қайып құшағына енеді)



 

Қайып. Ертең ел жата осында кездеселік. Сол сәттен бастап сен 

мәңгілік Ақбӛбексің! Менің Ақбӛбегімсің!



 

 

Бөбек. Мен ат дайындатайын ба?

 

Қайып.  Жоқ. Екеуміз Жалғыз тӛбеге дейін Керторыға мінгесеміз. 

Сол жерде мені бір досым қос атпен күтіп тұрады.

 

Бөбек. Қайда кетеміз?

 

Қайып. Ешкім таппайтын жерге.

 

 



Динаның  келе  жатқаны  байқалады.  Бұлар  құшақтарын 

жазысады. Дина кіреді.

 

 

Дина.  Состыйып  неғып  тұрсыңдар?

 

Мен  кеткелі  орындарыңнан 

қозғалмағаннан  саусыңдар ма?

 

Бөбек. Қалай? Барып келе қалдың ба?

 

Қайып.  Үй арасы жақын ғой.

 

Бөбек.  Жүгіргеннен саумысың?

 

 

Дина.



 

Жүгіргені несі. Жай ғана, бардым да, келдім.

 

Қайып. Кәне, мына сәукеленің тасын кӛрелік.

 

Бөбек. Бұл тас маған ұнайды.

 

Қайып.    (сәукелені  қолына  алып  қарайды)  Шындығында  да 

тамаша дүние екен. Шебердің атын білмейсіңдер ме? 

 

Дина.

 

Бұл сәукеле осы үйде ертеден бар



 

секілді. Кім жасағанын 

білмедім.

 

Бөбек.  Сұрамағасын  білмейсің,  әйтпесе  бұл  сәукелені  әрі  ақын, 

әрі зергер Елбай деген кісі жасапты.

 

Дина.

 

Қайып қайным да әрі ақын, әрі зергер. Шебер біткеннің бәрі 



ақын бола ма? Жоқ, ақынның бәрі шебер бола ма?

 

Қайып.    Кім

 

білген?...



 

Ал,  мынау  ғажайып  дүние  екен.  Біз 

бүлдірмелік. Жеңгей орнына апарып қойыңыз. Тас табылар. 

 

Бөбек. Ӛзіңіз біліңіз.

 

Дина.

 

Шебер қайным, біз қайталық.



 

Қайып.

 

Рахмет жеңгесі. Қош болыңыз.



 

 

Бӛбек пен Дина кетеді.



 

Шымылдық.

 

 

 

12-



көрініс. Ғашықтар шешімі.

 

 

 



Сахнаның  бір  шетінде  қолында  түйіншегі  бар  Бӛбек,  бір 

шетінде  құрал,  заттарын  жинастырып  кетуге дайындалып  жүрген 

Қайып. Екеуінің сӛзі кезек

-

кезек естіледі.

 

 

 

Қайып. Ауыл тынышталды

-

ау! Бӛбек ұйқтап қалмаса жарар еді... 



Қой, ұйықтамас... Қалай ұйқтайды?.. Ұйқы қайда?..

 

 



 

 

Қолында  түйіншегі  бар  Бӛбек  табалдырықтан  аттамақ 

болып, ӛзімен ӛзі сӛйлесіп тұрады.

  

 

Бөбек.  Талай  кіріп

-

шығып  жүрген  табалдырығым!  Сенен  осы 



жолы  аттай  алмай  тұрғанымды

-

ай!  Кім  ойлаған?..  Бұл  қадам  бақытқа 



ма? Қасіретке ме?..

 

 

Қайып.

 

...Ал,  “Қайып  жетім”,  “Етікші  бала”,  “Күміс  кӛмей  әнші 



жігіт”,  “Бармағынан  бал  тамған  зергер”,  “Бес  аспап  шебер”  –

 

бәрі 



Қорабайдың  Қайыбы...  Не  арманың  бар?..  Айт  кәні!..  А,  ...а... 

Армансызбын деймісің!.. Солай болар!.. Алланың берері кӛп... 

 

 

Бөбек. 



 

Әрине  бақытқа!  Мен  Қайыптың  кӛлеңкесінде  ӛткізген 

әр  сәтімді  бір  жылдық  ӛмір  деп  бағалармын...  Сонда  бақыт  дегенің 

телегей теңізге айналып жүре бермей ме?..

 

Қайып.  Алла  тағала,  рахмет  саған,  мың  рахмет,  жарылғадың 

мені!.. 


 

Бөбек.

 

Қасіретке  болса  ше?..  Онда  жайына  жүрген  ана  жалғыз 

байғұстың  обалына  қалатын  болармын?..  Тағдыр  маңдайымызға  не 

жазса да, тек Қайып ӛкінбесе екен!..

 

Қайып.

 

Жыртық едім –



 

бүтіндедің!.. 

 

Жалғыз едім –



 

жар құштырдың!.. 

 

Жарлы едім –



 

бәрінен де бар еттің!.. 

 

Бақыт ӛзі келіп қонды басыма!.. Тек баянды ете кӛр... 



 

Бөбек.

 

Ей,  Алла!..  Мына  аттағалы  тұрған  қадамымды  құтты  ете 



кӛр... Тәуекел... Не де болса аттадым... Бақалардың маған дайындаған 

ұясына  қонғым  келмеді...  Қош  бол  алтын  босағам,  ӛз  ұясын  ӛзі 

салғысы келген қарылғашыңды кешіре кӛр!.. 

 

 



Табалдырықты аттайды.

 

 



Қайып.

 

Ей  Алла!  “Аш  отырып  ас  таңдаған,  жаяу  жүріп  ат 



таңдаған”  –

 

дейтін  нағыз  мен  болдым...  Бұл  тағдырына 



қанағатсыздықтан  туған  қимыл  емес...  Мені  бәрінен  бар  еткен 

болатынсың...  Оған  қоса  махаббат  сыйладың...  Осы  бергеніңді  тек 

кӛпсіне  кӛрме!..  Тек  ұзағынан  бере  кӛр!..    Қолын  жайып,  бетін 

сыйпайды. 

 

 

Сахна  ортасына  екі  жақтан  Бӛбек  пен  Қайып  біріне



-

бірі 

құшағын жайып келе жатады.

 

Шымылдық.

 

 

 

 

 

 

 

 

13-

көрініс. Есжан үйіндегі қапылыс

 

 

 

Сахнада Есжан үйі. Сәнтӛре мен Дина.

 

 

 

Сәнтөре. Келін

-

ау!.. 



 

 

Дина.

 

Ие, ене!..



 

  

Сәнтөре.

 

Сен  түскенде,  есіңде  ме,  біздің  Бӛбек  маңдайында 



құрттай кекілі бар бала емес пе еді...

 


 

Бөбек.

 

Әрине  есімде.  Мен  оны  кӛпке  дейін  ұл  бала  деп 



ойлағанмын.

 

 



Сәнтөре.

 

Келін



-

ау! (Сәнтӛре біреу естіп қалар дегендей Динаға 



жақындап  сыбырлай  сӛйлейді).  Мен  Бӛбегімді  тірі  пендеге  қиғым 

келмейді...

 

 

Дина.



 

Қыз  бой  жеткесін,  ӛз  ошағының  отын  ӛзі  жаққысы  кеп 

тұрады ғой. Қимағанда қайтесіз, кӛндігесіз. Сағынарсыз, жыларсыз...

 

Сәнтөре.

 

Белгісі  жоқ  күн  деген  осы.  Байқалмай  ӛтіп  жатыр,  ӛтіп 



жатыр.  Енді  міне  о  да  бой  жетіпті.  Тойы  да  жақындап  қалды.

 

Келін, 


Бӛбекжан қайда?  Әлі оянбаған ба?

 

 



Дина.  Таң  атқалы  кӛзіме  түсе  қойған  жоқ.  Кеше  ерте  жатып 

қалған. Қазір қарап келейін (кетеді).

 

 

Сәнтөре.



 

“Қыз  қонақ”  деп,  қалай  айтқан...  Әлпештеп  бағасың... 

Мәпелеп ӛсіресің... Бой жеткізесің... Ал сосын, біреу алады да кетеді... 

О, Жаратқанның құдіреті

-

ай!.. Менің қызым да ұясынан ұшуға жақын...



 

 

 



Сахнаға Есжан шығады. 

 

 

 

Есжан.  (Кӛңілді)

 

Бәйбіше!  Ӛзіңмен  ӛзің  сӛйлесетін  жасқа  жеттің 

бе? Жоқ әлде, ақ шайтаныңа кездесіп қалып, амандасып отырсың ба? 

 

 



Сәнтөре. Қорықпа, әзір алжи қойған жоқпын.

  

 

Есжан.  Мына  ғұмыр  соншама  тез  ӛтеді  екен

-

ау!  Бәйбіше!  Кеше 



ғана  еді  ғой,  аумаған  Бӛбекжандай  бір  қызды,  мына  сені,  менің  осы 

ауылға алып келгенім! Осы үйге кіргізгенім!

 

 

Сәнтөре.  Ой,  дүние



-

ай  десеңші!



 

Күні  кеше  секілді  еді.  Ӛзімді 

айттырып кеткеннен соң күйеуім “Қандай екен?” деп қиялға беріліп, бір 

кӛруді аңсап жүретінмін. Бақытыма дұрыс адам кезігіпті.  Сұлулығына 

кӛз  тоймас,  жібектей  есілген  ӛзіңді  кӛріп  бір  қарағаннан  ғашық  болып 

едім... Тойымыз қашан болар екен деп талай түн дӛңбекшігенмін. Енді 

міне, кезек ӛзімнің қызыма да жетіп қалыпты.

 

 



Есжан.

 

Рахмет  саған,  бәйбіше.  Сенің  маған  баяғыда  тоқал 



алдырмағаныңа  әлі  қуанамын. Біздер  жақсы  ғұмыр кештік.  Тату

-

тәтті 



ӛмір  сүрдік.  Ӛмір  бойы  сенімен  ӛткен  ӛмірімді  ойласам  болды,  ата

-

аналарымызға рахмет айтумен келемін. 



 

 

Сәнтөре.

 

Қандай рахмет?



 

 

Есжан.

 

Басқа қыз айттырмай, сені айттырғаны үшін.



 

 

Сәнтөре.

 

Жаратқанның  бұйрығы  да.  Әйтпесе,  ошақ  татулығы 



барлығына бірдей бұйыра бермейтін нәрсе екен ғой.

 

 



 

Үйге  қапылып  Қойлыбай  кіреді.  Соңында  Дина.  Динанаң  түрі 

кетіп қалған.

 

 

Қойлыбай.  Әке!  Мен  ескерткенмін!  Масқара  болдық.  Ел  бетіне 

қараудан  қалдық.  Сүйекке  таңба  басылды!..  Таңба  басып  кетті

-

ау, 


мына қаңғыған жалғыз атты, сабау қамшы, қайыршы жетім! Мынаның 

қайда қарап жүргенін, не қарап жүргенін? (Әйелін нұқып жібереді).

 

Есжан.

 

Астафралла, астафралла! Не боп қалды?



 

Қойлыбай.

 

Не  болып  қалды  дейді



-

ау,  бұлар!..  Жау  шапқан  жоқ! 

Тек  қана  сүйікті  қызың  етікшімен  қашып  кетіпті.  Есік  алдындағы, 

қайыршы етікшімен!.. Бӛбек те жоқ. Етікші де жоқ.

 

Сәнтөре.  Мынау  жау  шапқанмен  бірдей  жаманат  хабар  ғой, 

жаңсақ болмасын!.. Анықтап алып, сосын айтыңдар!

 

Дина.

 

Етікшіге тігілген үйде кереге басында ілулі тұратын бір де 



бір заты қалмапты. Жинап, алып кеткені кӛрініп тұр...

 

Есжан.  Тәңірім

-

ай!  Не  жазығым  бар  еді?..  Ел  алдында  осынша 



масқаралап!..

 

Қойлыбай.

 

Қаңғыған  етікшіні  кісі  санатына  қосып...  Тойдан 



қалдырмай, талтаңдатып... Ән салдырып... Әй, жүрегім сезіп еді... Түбі 

жақсылыққа

 

соқтырмасын...



 

Сәнтөре.

 

Біз  шақырдық  па?  Шақырса  жұрт  шақырды...  Енді 



халыққа тойыңа ананы шақыр, мынаны шақырма деп отыру қалып па, 

Есекеңе...  Есекеңнің  не  жазығы  бар?..  Балам,  байқа!..  Жаны  күйген 

Тәңірін  қарғайды  деп...  Біріңді  бірің  сӛгіп...  “жау  жағадан  алғанда,  ит 

етектен алады” болмасын... Не істеу керек екенін ақылға салыңдар...

 

Есжан.

 

Ел 



бетіне 

қалай 


қараймыз?.. 

Анықтаңдар... 

Сұрастырыңдар...  әлі де болса.   Нағыз расқа айналса, Мамыртайды 

бас  етіп,  Итбай  аулына  тез  хабар  жіберу  керек.  Айтсын  барып, 

ұяттымыз. Қалың малын екі еселеп қайтаруға да дайынбыз десін.

 

Қойлыбай.  Немене,  олар  қалың  малын  екі  еселесін  деп  саған 

салық салып та үлгерді ме?

 

Есжан.

 

Оларға айтқызып үлгертпеу керек. Кінәміздің үлкен екенін 



ӛзіміз мойындалық. Малға қызықса жаулыққа баспас. Жаулыққа басса 

жалғызыңды мерт етер.

 

Қойлыбай.

 

Ай, 



әке

-

ай! 



Жалықпадыңыз

-

ау, 



сол 

қызды 


“Жалғызым” деуден. Соның ақыры осыған соқтырды.

 

Сәнтөре.

 

(Солқылдап жылап отырады).  Құдайым

-

ау, ӛмір бойы 



еткен  бар  еңбектің    босына  болғаны  ма?  Отағасы

-

ау,  Бӛбекжанның 



күні не болмақ, ендігі жерде?.. Мына жұртқа ермек табылды ғой, енді. 

Жатса  да,  тұрса  да  айтары  бәленшенің  қашып  кеткен  айттырулы 

қызы...  Сор  маңдай  қызым

-

ай!  Нағыз  сорлы  екеуміз  болармыз,  ендігі 



жерде... Бұ заманның адамдарына ермек керек... 

 

Дина.

 

(Енесін  жұбатқысы  келіп,  айласын  таппайды).  Ене, 

ақылды адамдар да қателесе береді екен

-

ау...


 

Сәнтөре.

 

(Залға  қарап)

 

Ей,  адамдар!..  Сендер  білсеңдер  ғой, 



ӛздеріңнің соншалық қатыгез екендеріңді!.. Біреудің қайғысына қараған 

кезде су қараңғы соқырсыңдар! Біреудің арызын тыңдағанда тас құлақ 

кереңсіңдер!  Ал  енді  біреудің  қатесін  кӛргенде...  Ой,  енді  рахатқа 

батасыңдар  ғой...  Енді  барлығың  жабылып,  жалғыз  қыздың  соңына 

түсесіңдер

-

ау!.. 



 

 

Қуғыншылар,  абынып

-

күбініп, дайындалып жатады.

 

 

Сәнтөре.

 

Түтіп жейсіңдер



-

ау, бейбақты... (жылайды).



 

 

Шымылдық. Бірінші бӛлімнің соңы.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Екінші бөлім



 

 

1-



көрініс. Бегей ауылы. 

 

 

 

Қайып  пен  Ақбӛбек  паналаған  Бегей  ауылы...  Бегейдің  ӛзі 

бастап  ауыл  қалашылары  Бесқалаға (Қарақалпақстан  қалаларының 

базарына) аттанғалы жатады. Бегей үйіндегі соған арналған жиын. 

Кӛңілді кеш.

 

 

 

 



Ауыл адамдары: 

 

-

 

Енді жас келін ән айтсын!

 


-

 

Жас келін әнші ме еді?

 

-

 

Нағыз күміс кӛмей әнші.

 

-

 

Қайыптың әнін айтсын. 

 

-

 

Ӛзіне арнаған әнін айтсын!..

 

 

Бегей.  Алла  тағалаға  мың  рахмет,  мына  шебер  балдыз 

аулымызға    келін  түсіріп,  жай  келін  емес  әнші  келін  түсіріп, 

аулымыздың  сәнін  кіргізіп  тастады.  Күнде  жиын,  күнде  той!..  Ақбӛбек 

келіннің әні құлақтың құрышын қандырды, әбден. 

 

 

Қайыптың  құрдасы.  Бұ  келіншек  бізді  қашаңғы  Қайып  әнімен 



алдандырады? Есжан байдың қызы, бізге әннен басқа не әкелді екен? 

Барыңды  шығарытын  уақытың  болды  емес  пе?  Жасырып,  оңаша 

ӛздерің қызықтағанша.

 

 



Бөбек.

 

Құрдас,  басқаға  болмағанмен  саған  жетерлік  сыйлығым 



бар.  Заманы  туса  оны  сен  қызықтамай  кім  қызықтар  дейсің!..  Осы 

ауылға мен бір қап

 

дау әкелдім, аузын шеш те, пайдаңа асыра бер. 



 

 

Бегей  бәйбішесі.

 

“Аңдамай  сӛйлеген  ауырмай  ӛледі”  –



 

депті, 


қайным.  Ақбӛбек  келін  саған  ӛнерден  де,  сӛзден  де  есесін  жібере 

қоймас.


 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет