Қайып
.
Жарайды, пайдаға асса асар, аспаса одан да жақсы,
кӛрерміз. Ал онда “ұрыста тұрыс жоқ” деген. Кел қарындасым, мына
орындыққа отыра ғой.
Қайып жиналмалы тері орындықты жазып, Бӛбекті отыруға
шақырады.
Дина.
Бар. Отыра ғой, Бӛпежан.
Жеңгесінің артына тығылыңқырап, олардың сӛздеріне кӛп
құлақ аспай, кереге басындағы ілулі тұрған сәукеле, етік, жүзік
үлгілеріне қарап қалған Бӛбекті Дина итермелеп Қайып қасына
жақындатады.
Қайып
.
Отыра ғой, қалқам.
Дина
.
Шебер қайным, атам сізге сәлем айтып жатыр.
Бӛпежанның жасауын жақсылап істесін, еңбегіне сұрағанын алады
деді.
Қайып.
Алла сәтін салса іс қылып шығарамыз ғой. Мен
қарындасымның аяғының ӛлшемін алайын, Сіз ана етіктердің қай
үлгісін қалайсыз, таңдай беріңіз. Сәукеле керек пе, алқа мен жүзік
керек пе? Бірден айтыңдар. Той осы жазда болатын еді деп
асықтырып жатыр. Үлгермей қапылып қалмайық. Ал ақысы туралы
барлық заттар біткесін, жұмсалған мүліктерге, асыл заттарға
байланысты әңгіме етеміз.
Қайып қыз аяғындағы шоңқайма етікті шешеді. Ұзын іш киім
балағын балтырына дейін кӛтеріп, аппақ балтырға таң қалғаны
байқалады. Екі алақанына салып сәл кӛтере ұстаған қолындағы
балтырды еркінен тыс сыйпалай, шебер жанары бірте
-
бірте қыз
сирағын, одан әрі қыз денесін бойлай қуалап, бет ӛңіне түседі. Қыз
сұлулығына жас жігіт елтіп кеткендей, табына қараған күйінде
мелшиіп, үнсіз қалады. Қыз Қайып жүзіне бір қарайды да, оны
байқамағандай, кӛзі кереге басында болады.
Дина
.
Мына дүниелердің бәрі керемет. Қайсысын таңдасақ екен?
Қайып
.
(Дина сӛзін естімей қалады). А, не дедіңіз?
Қайып сасып қалып, қыз аяғын ыңғайсыздау тастай сала,
қалыптарды ӛлшестіре бастайды.
Дина
.
Бӛпежаннан сұрап жатырмын. Қайсысы сәнді деп сұрап
жатырмын.
Бөбек.
Менің қай қалауымды істеп жатыр едіңдер. Маған бәрі
бір.
Қайып
.
Бәрі бір деме, қарындасым. Әр адамның ӛз қалауы
болғаны жақсы. Қалаған нәрсеңді ұстап
-
тұтсаң қуанышың кӛбірек
болады. Мысалы менің Керторы деген атым бар. Ол жануарды мен
жүз атқа, тіпті мың атқа да ауыстырмас едім. Ол менің қуанышым. Сол
секілді етігіңіз ӛзіңізге ұнамды болса, сырғаңыз сәнді болса әр киген
сайын сізге қуаныш әкелетін болады. Иесіне қуанышы жоқ болса –
дүние, малдың кӛптігінен не пайда?
Бөбек.
Ағатай, біз, мағынасы түсініксіз бола бастаған мына ӛмір
дегеннің қуанышы болады дегенге сенуден қалған жанбыз. Енді
болашақ қуаныштан дәметпек түгіл күнделікті тіршілікті қызықтаудан
да қалып бара жатырмыз.
Қайып.
Ойпырым
-
ай,
қарындасым
-
ай!
Сізді
сонша
торықтырарлық не боп қалды екен? Әлде болашақ жарыңыз ...
Бөбек.
Жо... Жоқ... Ол емес. Менің алдымда оның ешқандай
кінәсі жоқ. Мені торықтырып отырған басқа нәрсе...
Дина. Олай демеші, айналайын!
Қайып.
Апырмай, ә... Сіздің соншама торыққаныңыз қиын екен?..
Дина. (Дина Бӛбек артық сӛз айтып қоя ма деп ыңғайсызданып
тұрады!. Олай деме... Саған не болған?..
Бөбек.
Маған не болғанын Сен түсінбесең, біздің елде мені
түсінер жан қалмаған екен.
Дина.
Түсінем ғой, жаным, түсінем ғой.
Қайып.
Жеңгей!.. (Әңгімені басқа тақырыпқа ауыстырмақ
ойда, Динаға) Мен
Бӛбектің аяғына шақ қалып тапқанша сіз қалаған
үлгілерді таңдап та
үлгерерсіз. (Бӛбекке)
Сіздің атыңыз Бӛбек деп
естідік қой.
Бөбек. Солай деп атапты ғой, әкеміз.
Қайыптың Бӛбек аяғына қалып ӛлшестіргенінен қыз аяғын
қызықтағаны ұзағырақ екені байқалады.
Қайып
.
Сізді қалайша Ақбӛбек деп атамаған?
Бөбек.
Ақбӛбек деген
жақсы ат па соншама?
Қайып.
Жоқ, соншалықты жақсы емес, бірақ Сіз әппақсыз ғой.
Сізді Ақбӛбек деп атамау мүмкін емес секілді... Ат қойған кісі қалай
ойланбаған? Қалай таппаған?..
Бөбек.
(Бӛбек жүзінде әуесқойлық, жылылық пайда болады).
Ойланған шығар
-
ау, бірақ мені солай атасын деп әдейі Сізге
қалдырған ғой.
Қайып. Әттең кешігіп қалғанымды
-
ай! Кезінде кездескенде
барша жұртқа жай Бӛбек емес, Ақбӛбек дегізіп қоятын едім!
Бӛбек жымиып күледі. Кӛңілдене бастайды.
Бөбек. Неге кешіктіңіз! Кешіккен жоқсыз. Құдай сәтін салған күні
үйленесіз, сосын қыз балалы боласыз да атын Ақбӛбек қоясыз.
Қайып
.
Жоқ, қарындасым! Мен енді қызымның атын емес, кім
болса да алғанымның атын Ақбӛбек деп ӛзгертетін боламын.
Бөбек
.
Маңдайыңызға қап
-
қара қыз тап болса қайтесіз?
Қайып
.
Қара болмақ түгіл, қазанның күйесіндей болса да, ұнатып
алғасын маған о кісінің ӛңі ақтың ағы боп кӛрінер, аты да Ақбӛбек
болып, барша жұртты қуанышқа бӛлейтін болсын. Тамаша ат қой!
Тыңдаңызшы... Ақбӛбек!.. Ақбӛбек!.. Ақбӛбек!..
Қайып балаша қуанады. Қайыптан жан
-
жағына бір жылы рух
сәулесі тарап жатқандай... Бӛбекке сол сәуле әсер еткендей...
Бөбек
.
Ой, шіркін
-
ай! Қандай жанның жұлдызы жанып тұр екен?
Сол бақытты қыз қай жерде “ханнен қаперсіз” жүр екен...
Қайып. Кім білген... Бақыт дегеннің не екенін?..
Дина.
(Қолында бір етік үлгісі бар, бұлардың қасына келеді,
Бӛбекке қарап)
Иә сәт! қабағыңнан қар жауып, діңкемізді құртып болып
едің. Осылай шырайланып жүрсеңші.
Бөбек.
“Ақымақ ақыр заман болса да мәз боп жүреді” –
жеңеше.
Бӛбек қайтадан тұйықталып қалады.
Дина.
Бӛпежан,
мынадай етікке қалай қарайсың?
Бөбек.
Етігі несі? Мені сол ауыл шоқаймен де қабылдайды.
Жүрші, кетейікші.
Дина. Келген шаруамызды тындырайық та.
Бөбек. Шаруасы несі? Құрысыншы бәрі де.
Етігін аяғына асығыс сұға салып, орнынан тұрады. Екеуі шығып
кетеді.
Шымылдық.
6-
көрініс.
Айтыс.
Бастаңғы жасап жатырған қыз үйі. Қыздар мен жігіттер айтысады.
1-
қыз:
Айтысты қалай ұйымдастырамыз?
1-
жігіт:
Әдеттегіше тӛрт жолды бӛліп алып айтыса берелік.
Қыздар:
Келістік. Солай болсын. Қыздар
мен жігіттердің әрқайсысы
кезек
-
кезек екі жол ӛлең айтсын.
Жігіттер:
Айтыстың ең ұтымдысы осы ғой. Біз қыздарды тағы бір рет
отырғызып кететін болдық., жігіттер!..
Қыздар:
Кӛрерміз кезінде. Ал онда бастаңдар, жігіттер. Ерлер
отырғанда
әйелдер сӛз бастамас болар.
Жігіттер:
Мына қыздың шошаңдауын...
1-
жігіт:
Қыз дегенде қыздар бар шошаңдаған,
Еркек кӛрсе болғаны қашам деген, дедімай
-
ау.
1-
қыз:
Жігіттер де жігіт бар кӛбік ауыз,
Сілекейін сол сорлы басар немен, дедімай
-
ау.
2-
қыз:
Жігіт деуге жігіт бар момын бала,
Жыртық
-
жыртық байғұстың тонын қара, дедімай
-
ау.
2-
жігіт:
Күлме қыздар жігіттің шапанына,
Ұл тапқызу қолында соның ғана, дедімай
-
ау.
3-
жігіт:
Қыз дегенде қыздар бар қымыңдаған,
Еркек кӛрсе ес кетіп жымыңдаған, дедімай
-
ау.
3-
қыз:
Ӛз атағын шақырған кӛкек мырза,
Жала жапқан жұқпайды мұның маған, дедімай
-
ау.
4-
қыз:
Жігіт десек жігітті кесер екен,
Қыз жамандап айтары ӛсек екен, дедімай
-
ау.
4-
жігіт:
Жамандаған бола ма, жасы жетсе,
Есіл
-
дерті қыздардың тӛсек екен, дедімай
-
ау.
5-
жігіт:
Қыз демей ме қыздарды қылығымен,
Мына қыздар ақтайды мұны немен, дедімай
-
ау.
5-
қыз:
Қыз біткеннің мӛрі бар ақталатын,
Ӛтейсіңдер сол мӛрдің құнын немен, дедімай
-
ау.
1-
қыз:
Жігітерде жігіт бар бейпіл ауыз,
Қыз біткенді қымыздай дейтін ауыз, дедімай
-
ау.
1-
жігіт:
Қызды қымыз дегеннің айыбы не,
Несібесін қалайда жейтін ауыз, дедімай
-
ау.
2-
жігіт:
Қыз дегенде қыз біткен сараң маған,
Мен сұрасам берер қыз жаралмаған, дедімай
-
ау.
2-
қыз:
Алар едің сұрасаң аузың лас,
Қия алмаймын ауызға арамдалған, дедімай
-
ау.
3-
қыз:
Жігіт десем қате сӛз ауыздағы,
Бұлар қасқыр, қызыл кӛз жауыз бәрі, дедімай
-
ау.
3-
жігіт:
Қара да тұр бір қасқыр дәл бүгін түн,
Бір тоқтыны тамақтап, бауыздайды, дедімай
-
ау.
4-
жігіт:
Қыз біткеннің қылығы қайда қалған
,
Әлде ойнаған жігітпен сайда қалған, дедімай
-
ау.
4-
қыз:
Періштедей тазамыз, не десең де,
Ӛз ниетің лайдан пайда болған, дедімай
-
ау.
5-
қыз:
Сӛздерің жоқ кісіге ой саларлық,
Қызға зәру не деміз қойса зар ғып, дедімай
-
ау.
5-
жігіт:
Ой салмайды жігіттер
...
сасады...
тамсанады..
жоқ олай емес... алақтап жан
-
жағына қарайды... дедімай
-
ау...
Қыздар:
Шулап кетеді...
жігіттер жеңілді... жігіттер жеңілді...
жеңілді...
1-
қыз:
Жігіт қайда қыздарға ой саларлық,
Анда
-
санда “жаным” деп қойса нандық, дедімай
-
ау
.
Осылайша құрбылар ӛнер қуып,
Айтысына қыз
-
жігіт жол салалық, дедімай
-
ау.
Бәрі қосылып:
Алма ағаштың гүліндей
-
ай,
Текеметтің түріндей
-
ай.
Жастық дәурен барады ӛтіп,
Сіз бен бізге білінбей
-
ай.
Екі рет қайталайды.
7-
көрініс. Шебер үйінің сырты. Даладан тыңдалған ән.
Сахнаның бір шетінде Қайып (үй ішінде) етік тігіп, ыңылдап
“Құнан нар”әнінің сазымен жәй дауыспен ән айтып отырады.
Сахнаның екінші шетінде (үй сыртында) Дина мен Бӛбек ән
тыңдап тұрады.
Қайып.
Кӛгімде бір жұлдыз тұр жарық
жанған,
Хал сұрар кім бар біздей ғәріп жаннан.
Тығылып зарланамын бұ күркеде,
Кең дала қуықтай боп тарылғаннан.
Оһо
-
о
-
һоу
-
у
-
у, тарылғаннан
-
ай.
Аспанда бір жұлдыз бар Темірқазық,
Керторы оза шабар бауыр жазып.
Ақбӛбек тамағыңнан бір сүйгізсең,
Болар ед мен сорлыға алты ай азық.
Оһо
-
о
-
оһу
-
у
-
у, алты ай азық
-
ай.
Бӛбек пен Дина бір
-
біріне қарап таңдана, мақұлдай бас изесіп,
әнді беріле тыңдап тұрады. Ән аяқталады.
Қайып. Беу жалған!.. Орындалмас арман!.. Зарлан, Қайып,
зарлан...
Әншінің қатты күрсінгені естіледі.
Бөбек.
Ақбӛбек деп ән салып отыр. Ӛзінің әуелден Ақбӛбегі бар
кісі болды ғой.
Дина. Олай емес қой, Бӛпежан
-
ау!
Мына сорлы етікші, соры
қайнап қалыпты ғой.
Бөбек.
(шошып)
Сорлап? Қалай сорлайды?
Дина. Қолы жетпеске қол созғасын сорлайды.
Бөбек.
Мынадай жігіттің қолы жетпесі бола ма?
Дина.
Оның Ақбӛбек деп отырғаны сенсің ғой, Бӛпежан
-
ау!
Бөбек.
Кім екенін кім білген?.. “Талаптыға нұр жауар” демей ме?
Ал талапты мен таланттыға нұр жауатыны рас болса мына жігіт құр
қала қоймас.
Дина
.
Баласың ғой, әлі! Ақылды адам түгіл, құс екеш қыран құс
та ӛз жобасына қарай ілерін таңдар болар.
Бөбек. Сонда армандауға да, ойлауға да болмай ма?
Дина.
Оған кім тыйым салушы еді.
Бөбек.
Әні қандай!..
Дина.
Шынында да! Кӛкіректен әлгідей жыр, жүректен әлгідей саз
шығуы үшін бойдағы сүйіспеншілік сезімнің мӛлшері қанша болуы
керек екен?
Бөбек.
Ол нәрсе ӛлшенеді дейсің бе? Анадай жан
-
жағына ӛнер
шашып, жан
-
жағына нұр таратып тұратын жігіт түгіл, жәй біздердей
жанның сезімін ӛлшей алар не бар дейсің?
Дина.
Мына жігіт лап етіп жалындауға айналған от қой!.. “Үп” деп
үрлеп жіберсе болды, лау ете қалғалы тұр! Саған кӛңілі қатты ауып
кеткен секілді сорлы жігіттің. Ӛзі шебер, ӛзі сазгер, ӛзі ақын!.. (Әнді
қайталайды)
Ақбӛбек тамағыңнан бір сүйгізсең,
Болар ед мен сорлыға алты ай азық.
Оһо
-
о
-
оһу
-
у
-
у, алты ай азық
-
ай. (Дина да
сезімдене күрсінеді). Ой, Алла, осы мінезің қалай? Біреуге бәрін бере
саласың, ал біреуге дым да жоқ...
Бөбек.
Екінші біреуіңіз біздің аға ма? (Жеңгесін келекелеп
күледі).
Дина
.
Жоқ, сіздің ағаңыз ӛз шаруасына мықты жан. Ӛз жолын ӛзі
білетін кісі. Ал мына бейбақ ақылсыз жігіт екен. Сорлы... Сорлы...
Бөбек. Біреуге кӛңілі құлаған кісі сорлай ма екен? Бақытын
табады дағы. Ақындығы қандай! Сӛздерін қалай қюластырған! Бұл жігіт
сорлы жігіт емес. Таудай талабы бар, үйдей ӛнері бар адам.
Дина.
Бірақ есі кемдеу болар.
Бөбек.
Неге?
Дина.
Есі дұрыс адам ұзатылғалы жатқан қызға ғашық бола ма
екен?
Бөбек.
Ғашық болар жан жан
-
жағын есептеп алып ғашық бола
ма! Періште жүрегіне сезім тастап жіберген сәтте, бар дүниені
ұмытады дағы.
Дина.
Шыр жұқпаған қу кедей, бай қызына кӛз салып?..
Бөбек.
Ӛнері теңестірмей ме?
Дина.
Қанша ӛнерлі дегенмен, салт басты, сабау қамшының бірі
ғой.
Бөбек.
Бардың ағасы мен інісі болса, ӛнерлінің халқы бар емес
пе?
Дина.
Сен сол етікшіні қалай қорғасаң да, ұзатылғалы жатқан бай
қызына үздігуі, оның есінің кемдігінің дәлелі. Сен, Бӛпежан сақ бол.
Ыңғай беріп, дәмелендіре кӛрме. Есі кем неме, аспандағы айға қол
созып, қате түсініп қалар.
Бөбек.
Жан
-
тәнімен біреуге құлай беріліп сүйе алғаннан артық
тірі пендеде бақыт бар дейсің бе? Есі кем етікші емес, жеңеше... Есі
кем –
мен!
...Есі кем сенің Бӛпежаның болып жүрмесін?
Дина.
Не деп тұрсың?
Бөбек.
Жеңеше! Менің жүрегімде үлкен сағыныш бар!.. Мына
кісіні күндіз
ойымнан, түнде түсімнен шығара алмайтын болдым...
Кӛргім келеді де тұрады... барғым келеді де тұрады...
Дина.
Бӛпежан
-
ай, саған не болған? Ойының ба, шының ба?
Достарыңызбен бөлісу: |