Бегей.
Әй, шырақтарым
-
ай, байқап сӛйлемейсіңдер ме? Жан
ашыр дос жақын адамның жарасын қасымас болар. Қайта сол жара
жазылғанша, құрдас адам бір
-
біріне қамқоршы болмас па?
Қайып. Құрдастың әзілі дағы.
Қайып құрдасы. Бірі қызын алдырып, бірі келінін қолды қалып,
бұлар неғып тып
-
тыныш жатыр екен? Кешір құрдас, менікі тіпті әзіл де
емес, уайым...
Қайып.
Олар тыныш қалатын ауылдар емес қой. Біздің қай
бағытқа кеткенімізді таппаған болар.
Қайып құрдасы. Олар сіздерді Маңғыстаудан іздеп жүр
-
ау,
шамасы.
Қайып. Біз де сол есеппен Бегей жездені паналадық емес пе.
Бегей.
Құдайға шүкір, дау ұзарса шешімін табар деген... Ақыры
олар да шығар біздің ауылға. Біз де қабырғалы ел емеспіз бе, бір
амалын табармыз. Маңайдағы бас кӛтерген ел адамдарын
сақтандырып та жатырмын.
Қайып құрдасы.
Ақбӛбек! Сен біздерді әңгімеге айналдырып,
әнді ұмытты деп ойлап қалма, сал әніңе. Ертеңгі күні Бесқала
сапарында, ауылды сағынғанда, есімізге ала жүрелік.
Бөбек. Құрдас! Мен бұл әндерді, Қайып әндерін ешкім сұрамаса
да айта беруге ӛмір бойы жалықпаспын! Қайта осындайда менен
қашан Қайыптың әнін айт деп сұрар екен деп тілеп отырамын. Рахмет
сұрағыңа!
Бӛбек ән бастайды. Ауыл қыздары қосылып айтып, әнді үйреніп
отырады.
Ән салсам аңқытады тіл мен таңдай,
Зер салсам ӛрнектерім күн мен айдай.
Сӛзіңе жалғыз ауыз зәру қылар,
Ақбӛбек, айтшы менің, мінім қандай?
Оһо
-
о
-
оу, мінім қандай
-
а
-
ау...
Мақпалдай құлпырады екі бетің,
Мақтадай үлбірейді
-
ау аппақ етің.
Деміңнен жұпар есер, раушандай,
Сен болдың, о дариға, есіл
-
дертім.
Оһо
-
о
-
оу, есіл
-
дертім
-
а
-
ау...
Кӛпшілік Бӛбекке алғыстарын жаудырып жатады.
Дауыстар:
-
Тағы бір ән салшы!
-
Ең алғашқы шығарған Қайып әнін айтшы...
Қайып құрдасы. Ӛнер Қайыпта деп жүрсек, нағыз ӛнер
Ақбӛбекте ғой! Шіркін! Бұ жалғанда Ақбӛбек жалғыз болмағай дағы.
Тағы біреуінің хабары шықса, мен де басты тігер едім бәйгіге... Кетер
едім іздеп...
Бегей.
Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу деген... Әр адам ӛз зайыбын
жақсы кӛрсе Ақбӛбегі қасында отырар. Міне біздің Ақбӛбек!
Қараңдаршы кімнен кем!..
Кӛпшілік күледі. Бегей бәйбішесіне мақтау сӛздер айтады.
-
Біздің жеңгейге кім жетсін?
-
Жеңеше, сенде ағайдың ӛзіңе арнаған бір әнін айтып берші.
-
Бегей бәйбішесі
.
Жұрттың бәріне бірдей менің інімдей болу
қайда?
Қайып құрдасы. Құдайдың әділетсіздігіне таң қаламын. Қайыпқа
бәрін бере салғанда, маған біреуін де қимаған.
Бегей бәйбішесі. Шетте, елімнен алыста жалғызбын деп
жүргенде Қайып інім мені жеткізді ғой. Қолыма келін түсіріп, анау
-
мынау емес әнші келін түсіріп... Ізеті қандай, ӛнері қандай... Қайып
әнінің тағы бірін айтып берші, Ақбӛбекжан...
Бөбек.
Жарайды, апа. Ән салады.
Кӛгімде бір жұлдыз тұр жарық жанған,
Хал сұрар кім бар біздей ғәріп жаннан.
Торығып зарланамын мен күркемде,
Кең дала қуықтай боп тарылғаннан.
Оһо
-
о
-
һоу
-
у
-
у, тарылғаннан
-
ай.
Аспанда бір жұлдыз бар Темірқазық,
Керторы оза шабар бауыр жазып.
Ақбӛбек тамағыңнан бір сүйгізсең,
Болар ед
мен сорлыға алты ай азық.
Оһо
-
о
-
оһу
-
у
-
у, алты ай азық
-
ай.
Қошамет сӛздер.
-
Пай, шіркін
-
ай!
-
Айтады
-
ау!
-
Құдай қосқан ғой екеуін.
-
Екі жақсыны бір қоспайды дейтіні қайда?
Қайып құрдасы. Қайып, құрдас, ертең жолға шығар алдында,
мына Ақбӛбек тамағынан бір
сүюді ұмытып кетпе. Сосын жолда бізден
тамақ дәметпейсің.
Қайып.
Бұл ӛмірден мен ӛз сыбағамды толық алған жанмын.
Қалғанының бәрін саған қидым.
Бөбек.
Құрдас! Менің әкелген қапшығым да сенікі екенін ұмытпа.
Отырғандарду күледі.
Қайып құрдасы.
Мен ол дау қапшықты сатып алсам ба деп
жүрсем, сен маған тегін бермексің бе? Маған да Құдайдың берері бар
екен ғой!..
Отырғандар күліп, мәз болып қалады.
Көпшілік.
-
Бұның ӛзі бір даукес еді, жақсы болды, бір қап дау деген
қалған ӛміріне азық болатын болды.
-
Бұл қызғаншақ, ешкімге татырмас...
-
Бір қап дау қаншаға жетеді екен?
-
Бір қап дау ма? Бір қап дау ең кемі бір ғасырға жететін
болар.
-
Біреуге қалдырып кетпесе, ӛзінің ғұмыры жетпейді десеңші.
Отырғандар күліп, мәз болып қалады.
Шымылдық.
2-
көрініс. Итбай ауылы.
Итбай ӛз үйінің тӛрінде домбыра тыңқылдатып, ойланып
отыр. Үйге бәйбішесі Гүлсара кіреді.
Гүлсара. Кедей үйіне тӛрт
-
бес кісі келіп түсіп жатыр.
Итбай.
Менің аулыма келіп, менің үйіме түспей Кедейдің үйіне
түссе не оңған кісілер дейсің... Ел аралап, тамақ
асырап жүретін
қаңғыбастар шығар...
Гүлсара.
Жоқ, “кӛліктері күліктей, жігіттері сүліктей” дейтіндей,
дұрыс адамдар секілді.
Итбай.
Не ӛлеңдетіп отырсың? Адамдары сүліктей дейтін сӛз
айта ма қазақ?
Гүлсара.
Неге айтпайды, айтады. Ықшам, ыңғайлы жігітті
жүзіктің
кӛзінен ӛткендей екен, сүліктей екен деп жатпай ма?
Итбай.
Қой шырағым, соңғысын ӛзің қосып отырсың...
Жарқыным, Гүлсара шешен, Гүлсара би дегенге артық кетіп
қалатының бар, сенің... Бұл жолы да солай болып тұр...
Гүлсара.
Бай
-
еке, бұл сӛздің кемшілігі тек қана біздің ауыздан
шыққанында болып тұр. Егер де атақты біреу айтса, “пай, пай, біздің
пәленшекең, түгеншекең қалай айтады” деп тамсанар едіңіз дағы. Би
қасында жарлы менен жетімнің, бай қасында жақын менен қатынның
аузынан шыққан сӛз де бақытсыз.
Итбай.
Пай, пай! Біздің бәйбіше бүгін бабында екен. Саулатуын
-
ай!
Гүлсара.
Бай
-
еке! Қыдырып ішкен тамақтың кенеуі жоқ, қыдырып
айтқан ӛсектің елеуі жоқ дегендей, сұрап алған мақтаудың да бағасы
тӛмен... (Гүлсара сӛзін аятап үлгермейді)
Үйге Кедей бастаған Мамыртайлар кіреді. Сәлемдеседі.
Итбай.
Мамыртай құда! “Бауыздау құдаңның” үйіне түспей, басқа
үйге түсіп, бізді менсінбегеніңді сездіргенің бе?
Мамыртай. Құдай сақтасын.
Итбай. Ӛзің тура келіп сӛйлеспей, Кедейді тілмаштыққа
ерітетіндей не боп қалды? Әлде, бет ұяларлық айыпты болып келдің
бе?..
Мамыртай. Танып отырсыз бәрін де.
Итбай. Бұ не суыт жүріс? Мал
-
жандарың аман ба? Не хабар?
Мамыртай.
Аманбыз. Суыт жүріп келгеніміз де рас... Сіз танып
отырсыз... Біз онша келісті хабар әкеліп отырған жоқпыз. “Тілде сүйек
жоқ” деген екен, қазағымыз... Мынау арсыз тілдің ауыз бармас нәрсені
де айта алатынын ескерген болар...
Итбай Мамыртайға сақтана қарап қалады.
Итбай.
Әй, Мамыртай! Менің әкем баяғыда ӛліп қалған. Не
естірткелі отырсың. Айтшы айтарыңды!.. Естірт жаманатыңды!..
Мамыртай.
Тіл былқылдақ, айтқаныңа кӛне береді дейтіндер
қателеседі екен. Менің тілім бүгін маған кӛнер түрі жоқ. Ағаштан
істеген нәрседей қатып қалыпты...
Итбай.
Мамыртай, неменеге күмілжисің? Немене келін бірдеңеге
ұшырап қалды ма?
Мамыртай. Ұшырады...
Гүлсара. Алда, айналайын
-
ай! Жазым болды ма?
Мамыртай.
Одан да жаман... Келініңіз біреумен қашып кетіпті.
Гүлсара. Кӛтек! О несі?..
Итбай.
А... Не дейді! (орнынан ұшып тұрады, кереге басынан
қолына қамшысын алады). Айт кәне! Адайдың сүйегіне таңба баспақ
болған қай ел? Ӛзінің бетіне қоса кӛрдегі жеті атасының сүйегін
таңбалап берейін! Қаптатайын мен қалың адайды!
Мамыртай
.
Кім екені әлі белгісіз, бірақ ұры сол ӛз адайымыздан
-
ау дейміз...
Итбай.
Не дейді, мына сорлылар? Ендігі жетпегені осы еді, мына
азған адамға!.. Адамды аздырған заманға!.. Іні ағаға, бала әкеге, қыз
анаға қарсы келеді деген не масқара!..
Итбай ызадан жарылардай боп отырып қалады.
Итбай.
Кімге алдырдыңдар? Кім сіздерді қорлап отырған? Айт
кәне, менің жесіріме қол салуға батылы барған
қай ауыл?
Мамыртай
.
Құда! Біздің...
Итбай.
Жап аузыңды. Тоқтат енді құда деген сӛзіңді... Қай
бетіңмен маған құда деп отырсың?..
Мамыртай
.
Ақсақал...
Алып қашқан белгілі ауыл емес, жалғыз
басты жігіт секілді. Қыз жасауын жасақтауға алдырған етікші ме деген
қаупіміз бар.
Итбай.
Ой, шіркін
-
ай! Мына қорларды
-
ай!.. Есіктегі жалшысына
қыз алдырып!.. Елі жоқтың қай биімен дауласарсың?.. Ері жоқтың қай
батырымен жауласарсың?.. Кімнен кегіңді аларсың?.. Құдай шұнақ
-
ай!
Жаманаттасқасын тістескен жерде тіс кететін, ұстасқан жерде қар
үзілетін, жау да тап болмай?.. Салт басты, сабау қамшы біреу дейді?..
(
Ызадан қалшылдап):
Қорлық
-
ай... мына қорлықты
-
ай!.. Шауып алар байы жоқ, айдап
алар малы жоқ... Шулатып айдар елі жоқ... Рулы ел маңыңнан сескеніп
ӛтетін, біздің айбынымызға не болған?.. Енді, сонда жетімдер ауыз
салатын шамаға жеткеніміз бе?..
Кедей.
Соқа бас, сабау қамшы қаңғыған жалғызға қыз алдырып
отырсыздар, ә...? Қуғыншы кетті ме, із кесуге?
Мамыртай
.
Баланың жоқ екенін сәске түсте байқап, бірден
қуғыншылар кетті. Маңғыстаудың ойына құлайтын екі бағытқа да
қуғыншы жібердік.
Кедей.
Маңғыстауға қашпай басқа жаққа кетсе не істейсіңдер?
Итбай.
Осылар не істеуші еді!.. Кедей, тыңда мені! Ұстасатын
рулы елі болмаса, жауласуға тұрарлық анық жауың болмаса мен
тындыратын іс емес екен мынауың... Анау Есберген ініңмен ақалдас та
қалған шаруаға сен ие бол... Енді мені араластырма, бұл іске...
Мамыртай.
“Айыпкерде айбат жоқ” –
дегендей, үйіңе тіке де келе
алмай... Алдымызға мына Кедей батырды салып... Сол айбатсыз
айыпкер біз болып қалдық. Біз ұятты болдық. Не десеңдерде иілген
бас мінеки. Кесем десең кесесің, жазалаймын десең жазаға кӛнеміз.
Есжан құдаларың...
Итбай.
Жап деп едім ғой аузыңды! Айтпадым ба, мен саған?
“Иттің бажасы” кӛп деген, ана бұзылған қыздарың тірі болса
талайлармен құда қылар сіздерді, әлі... Тек қана менімен емес...
Мамыртай
.
(Ашу шақыра, сыздана сӛйлеп, даусы пыси
бастайды).
“Бұға берсе сұға береді” –
деген екен, бұрынғылар! Ит
-
еке!
Біздің намысымыз сіздікінен аз тапталып отырған жоқ. Шамадан
шығып кетпеңіз!..
Итбай.
Есігіңдегі жалшысын тыя алмай отырып, маған қайрат
кӛрсетпекші, мына сорлы!..
Мамыртай.
Ит
-
еке, жетер бізді осы балағаттағаныңыз!.. Енді
бізде де әңгіме басқа!.. Біз қызымыздың басын босат деп сұрағалы
келдік!.. Тап осы жерде, кәзір босат!.. Айыбымызға сұрағаныңды
аласың. Алған қалыңмалындай тағы бір қалыңмал алыңыз...
Тапталып жатқан намыс та біздікі, қашып кеткен қыз да біздікі... Би
алдына да барамыз, хан алдынан да қаймықпаймыз!.. Сол қыздың
тапталғаннан қалған арын да қорғаймыз!.. Қыз да біздікі!.. Сүйек те
біздікі...
Итбай.
Сіздермен енді сӛз жоқ. Біз Сіздермен сӛзді доғардық.
Әкеле алсаңдар қыз бен ұрыны алдыма әкелесіңдер, тек қана сол
кезде сӛйлесеміз. Басын босату туралы әңгіме де жоқ...
Мамыртай
.
Ит
-
еке! Қомы бауырына кеткен буыршындай
туламаңыз. Адамға қай уақытта да жӛн мен шама керек... Ит
-
еке...
Кедей.
Ей, сенің қайта
-
қайта ит
-
екең не, осы?
Мамыртай.
Оның атын Итбай қойған мен деп пе едің? Ұрынудың
да жӛні болу керек емес пе, Кедей батыр? Құда деп айтқызбаса, ӛзі
ауызға ұрса... Атын айтқызбай енді сен ауызға қақсаң?.. Қалай
сӛйлесеміз енді біз?.. Ей, айтыңдаршы!.. Бұл не тулау?.. Ел
-
жұрттарыңнан бұрын қыз қашып кӛрмегендей.. Сіздердің қыздарың
емес пе еді, осыдан
үш жыл бұрын, түрікпенмен қашып кетіп, екі елді
бір жыл бойы соғыстырған?..
Итбай.
Әй, Кедей! Неғып отырсың? Бұлармен сӛз жоқ дедім ғой!
Тыңдама сӛзін... Тұр, бәрін ӛргіз. Бәрін аяғынан тік тұрғыз!.. Жердің
астына кіріп кетпесе, екеуін де тірілей осында жеткізіңдер. Қыз
бұлардікі болса, келін біздікі... Бұлардың сүйегіне таласы болса, біздің
етіне таласымыз бар. Әзірге тірі тұрғанда еті біздікі... Жүр, кеттік...
Итбай мен Кедейлер Мамыртайды қалдырып шығып кетеді.
Мамыртай. Ай, Бӛбекжан
-
ай! Мыналар бізді осылай қорлай алар
ма еді? Мені ӛз үйінде жалғыз қалдырып, тарап кеткенін қарашы...
Құда деп те, қонақ деп те сыйламады
-
ау!.. Ай, Бӛбекжан
-
ай! Арттағы
жұртыңның ел арасындағы бағасы осындай болып қалды... Ӛзіңнің
күнің не болар екен?.. Байғұс балапан
-
ай!.. Бӛбекжан
-
ай... Бӛбекжан
-
ай...
Кемсеңдеп, қорланады. Шымылдық жабылады.
3-
көрініс. Кедей мен Есберген.
Кедей және сарбаздар жолға жинақталып жатады.
Кедей.
Сарбаздар! Ер қаруы бес қару, сақадай сай болатын
болсын!
Олар Маңғыстауға қашсын деп тілелік. Осы жерден Маңғыстаудың
ойына құлайтын ұрымтал екі
-
ақ жол бар. Онымен кетсе ешқайда
барып тығыла алмайды.
Бұлардың үстіне Есберген келеді.
Кедей. Есберген!.. Шырағым
-
ай... (күмілжиді)
Есберген. Естіп келемін!..
Ештеңе айтпашы,
Кедей аға!
Кедей. Бұл таңба сүйегімізден енді кете қоймас!
Есберген. Батыр аға! Бәріне де шыдауға болар еді,” тек қана
мені кіммен айырбастағанын білесің бе?
Кедей. Білемін!
Есберген. Есік алдындағы етікшімен! Тегі де жоқ, елі де жоқ
қаңғыған қара тобырдың бірі... Қолындағы балғаман былай етіп шеге
қағып, аузындағы тарамыс кірін шырт
-
шырт былай түкіріп отырған
етікшіге...
Кедей. Ӛтеуі жоқ қорлық болды.
Есберген. Құдайым
-
ау! Нар кӛтермес мынау жүкті мен қалай
кӛтермекпін?.. Ит арланар мынау қорлыққа мені қалай шыдайды деп
ойладың?.. Не жазығым бар еді басыма қасіретті үйе салатын?.. Ел
бетіне қалай қараймын... Кедей аға?..
Кедей. Ал, інім! Ойламаған жерден басымызға сын сағаты туды.
Бұл
уақиғадан абырой жоғалтпай шығу қажет. Енді соған еңбек етелік.
Есберген. Сенің айтып тұрғаның қай абырой, аға? Сол абырой
дейтін нәрсеңнің әлі де біздің басымызда қалғаны бар деп ойлайсыз
ба?
Кедей. Шырағым қыз қашқан деген елге мін емес. Қашқан қызды
басына жіберсе мін сол болар. Мәселе қашқан қызда да емес. Мәселе
қызды аздырған ерде. Сол еркекті аяқ астына салып, былайша
таптамай, еркекпін деген кеудесін ездік кейіпке түсірмей ел сӛзін
тоқтата алмаспыз...
Есберген. Елдің несі кетіп жатыр? Менің ішімнің от боп жанып
жатқанын неге ойламайсыз?.. Ӛртеніп барады ғой!..
Кедей. Сен ер жігіт емессің бе? Тек ыңғай білдірші! Тап қазір
барып
Есжан аулының бір қызын ӛңгеріп келейін. Қалыңмалы тӛлеулі. Ана
Есжан қызынан он есе сұлуын таңдап әкелейін!
Есберген. Жоқ ағасы... Онымен жара жазылмас...
Кедей. Баласыңдар ғой! Жара дейді... Жазылмайды дейді... Жоқ,
жазылады... Күзге дейін бірін емес екі қатынды қатар алшы... Қалай
жазылмас екен!..
Достарыңызбен бөлісу: |