Адамдар қарым-қатынасқа бір-бірінен белгілі бір ақпаратты алу және сол


атрибуция эффектілері, проекция мен контраст



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата27.04.2023
өлшемі1,6 Mb.
#87369
1   2   3   4
атрибуция эффектілері, проекция мен контраст қателері, қарым –
қатынасқа түсу барысында аса қажетті болып табылады.


Ореол эффектісі
Ореол эффектісі аса таныс емес адамдардың бір көргенде басқаларға
қалдыратын әсерінен туындайды. Дегенмен, кейде бұл эффект ұзақ уақыт бойы
таныс болып келген адам жөнінде, нақты білмегендіктен де болуы мүмкін.
Ореол эффектісі жағымды да, жағымсыз да болады. Жағымды ореол кезінде, сол
адам жайлы алғашқы әсер жағымды болса, оның жеке ерекшеліктеріне,
қылықтарына, әрекеттеріне тек қана жағымды сипат беріле бастайды.
Керісінше, адам жайлы алғашқы әсер жағымсыз болса, ары қарай да, оның
тіпті жағымды әрекеттері мен қылықтары еленбей, керісінше жағымсыз деп
бағаланады немесе байқалған кемшіліктерге ерекше көңіл аударылып
отырады.


Алғашқылық эффекті
Алғашқылық эффектісі, яғни таныс емес адам жайлы алынған алғашқы
әсер, оған деген көзқарасты қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.
Қабылдау процестерін зерттей келе, адамдардың бірін – бірі жағымды-
жағымсыз, білімді-білімсіз, ақылды-ойсыз, жаман-жақсы деген сияқты,
алғашқы шекаралық субъективті қабылдаулары мен бағалаулары,
контактінің алғашқы 15 секундында қалыптасатыны белгілі болды.


Жаңалық эффекті
Жаңалық эффектісі жақсы білетін адам жайлы соңғы мәлімет, ол адам
туралы жалпы көзқарасыңызға елеулі ықпалын тигізген кезде көрініс береді.
Көп жағдайда, мұндай ақпарат адамға деген көзқарастың түбегейлі өзгеруіне
себепші болып жатады. Бұл кезде аталмыш ақпаратты қабылдауда, ол
жөніндегі бұрынғы білгендердің, одан алған әсерлердің, серіктеске деген
көзқарастың, іскерлік қарым-қатынасты жолға қоюдағы оның үлесінің
ескерілмей қалатындығы, үлкен қателік болып табылады.


Гало эффект
Гало эффект адамның жеке қасиеттері мен мінез–құлық ерекшеліктерінен
алынған әсерлер, оның тұлғасын жалпы бағалауда қолданылатындығынан
көрінеді. Мысалы, адамның келбеттілігі, кербездігі, сыпайылығы, әдептілігі,
көңілшектігі, сырт келбеттің жағымдылығы, әдемілігі, парасаттылық,
адамгершілік деп қате қабылдануы мүмкін. Дегенмен, адамның жүріс-
тұрысынан сырттай көрініп тұратын мінез-құлқы, қашанда оның шынайы
ішкі ниетін, рухани болмысын, тұлғалық қасиеттерін таныта бермейтіндігін
өмірдің өзі – ақ дәлелдейді.


Проекция
Проекция басқа адамның мінез – құлқын оған өзінің жеке саналы түрде
меңгерілетін және меңгерілмейтін ниеттерін таңу арқылы түсіндіруге
талпынумен сипатталады. Яғни, проекция дегеніміз, адамның өзі қандай
болса, қандай – да бір жағдайды өзі қалай түсініп, қабылдаса, басқаларды
да дәл солай ойлайды, солай әрекет етеді деп түсінуі,өзге адамға өз ойлары
мен көзқарасын көшіруі, тануы болып табылады.


Контраст қатесі
Контраст қатесі барлық адамдарды, олардың қылықтары мен сөздерін не
«ақ», не «қара» түспен, яғни «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағалауға
тырысудан көрінеді. Бұл қабылдау қатесі бойынша, адамдар басқаларды екі
шекаралық түсінікпен, «жақсы» не «жаман» деген бағамен өлшейді.


Қорытынды
Қоғамда әрекет ету барысында алдын-ала жоспарланған қарым-қатынас
құрудан аулақ болу үшін, мысал етіп келтірілген әлеуметтік – перцептивті
эффектілерді дер кезінде көре білу, анықтай алу және олардың әсерін алдын
алу қажет. Ол үшін өзара іскерлік әрекеттесу процесінде өз-өзіңізге «Мен оны
дұрыс бағалап жүрмін бе?», «Қателесіп жүрген жоқпын ба?» және т.с.с.
сұрақтарды әрдайым қойып, өзіңіздің іс – әрекеттеріңізді бақылап
отырғаныңыз дұрыс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет