Жалпы адамгершілік құндылықтарға бастар жол- өзін-өзі тану болып табылады. Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім жобасы республикамыздың барлық мекемелрінде жүргізіледі.1 курс студенттеріне өзін-өзі тану қосымша сабағы өткізіледі. Бұл сабақта білім алушылар өзінің потенциалды және жеке бас қасиетін,интелектуалды ерекшелігін, мінез құлқын,өзінің қатынасын өзге адамдар арқылы өзін тану процесінен өтті.
Білім алушы Ата-ана Топ жетекшісі Психолог Рухани адамгершілік ті дамыту:
Ұсыныстар:
Тәрбие жоспарына Рухани-адамгершілік бағытында тәрбие сағаттары көбірек қойылса;
Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек.
Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр.
Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс.
Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр.
Білімалушылар, әсіресе, жас ұрпақ Рухани жаңғыру, рухани адмгершілік жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін.
Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.