Сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу - тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс - әрекеттің байланысы. Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен, бір жағынан оқытудың психолого – педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген. Сабақ түрлері және оның құрылымы Түсіндіру сабақтары: Жаңа сабақ – жаңа білім беру мақсатында. Біріккен сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында. Зерттеу сабағы – іздендіру мақсатында. Панорамалық сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында. Пысықтау сабақтары: Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау. Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту. Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету. Қайталау сабағы – пәндерден алған білімді толық қалыптастыру. Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау. Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру. Талқылау сабағы – ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау. Сынау сабақтары: Сынақ сабақ – білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру. Диспут сабақ – білімі мен дағдысын қалыптастыру. Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту. Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту.