Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған:Алтынбекова Анель
Қабылдаған:Карабекова Азина
Тобы:есеп және аудит
Ерік — адамның өз мінез-кұлкын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе,— мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды.
Ерік әлеуметтік қалыптасқан психологиялық реттеуші құбылыс ретінде танылған.Еріктік әрекет барысында эмоциялар басылып, адам өзіне өзі билік жүргізеді. Қажетті нәтижеге жету жолында табандылық көрсету осы ерік мәнін құрайды.
Басқаша айтқанда, бұл — адамнын бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істері де жатады.
Негізінен,адамдардың бүкіл қимыл-әрекеттері екі үлкен топқа бөлінеді.Бұлар:
Еріксіз әрекеттер(түшкіру,жөтелу т.б)
Ерікті әрекеттер:қарапайым қозғалыстан (жерге түскен затты көтеріп алу сияқты) бастап,ерекше ерлікке (оққа кеудесін тосу тәрізді),күрделі тарихи қызметке (мемлекет құру,дегендей) дейін болуы мүмкін
Ерік әрекеттері қарапайым және күрделі келеді. Қарапайым ерік әрекеттерін адам көзделген мақсатқа жету үшін ойланбастан іске кіріскенде, нені істейтіні түсінікті және қандай жолмен табысқа жететінін білсе, пайдаланады.
Күрделі ерік әрекеттерінде төменде аталған кезеңдерден өту қажет: - мақсатты пайымдау және оған ұмтылыс; - мақсатқа жетудің мүмкіндіктерін білу; - мүмкіндіктерді қолдаушы не оларды жоюшы сеп-түрткілердің пайда болуы; - сеп-түрткілер тайталасы және олардың арасынан қажеттісін таңдау;
- мүмкіндіктердің бірін шешім ретінде қабылдау; - қабылданған шешімді іске асыру; - қабылданған шешім мен көзделген мақсат іске аспағанша, сыртқы кедергілерді, іс-әрекеттің өзіне тән қиыншылықтарды, басқа да әрқилы кесір жәйттерді табандылықпен жеңіп беру.
Іс-әрекетті саналы реттеп беру үшін еріктің психикалық қалыптар жүйесі талап етіледі. Мұндай қалыптар жүйесінің құрамы: ынталылық, мақсат бағыттылық, сенімділік, табандылық, батылдық және т.б. Аталған ерік қалыптары іс-әрекеттің ұдайы барысында өзара ажыралмас бірлікті қатынастарымен көрінеді.
Еріктік іс- әрекеттердің құрылымы:Саналы мақсаттардың қойылуы (құмарлық, тілек, талпыныс);Шешім қабылдау (мотивтер күресі, басқа талпыныстардың пайда болуы);Жоспарлау және ұйымдастыру (тәсілдер мен құралдарды таңдау, орындаудың бірізділігін орнату, ішкі және сыртқы кедергілерді есепке алу), орындау.Мотивтердің ішкі күресі еріктік акттің пайда болуы мен іске асу шарты ретінде көрінеді.
Адамның өз шешімі бойынша жасалған әрекет пен қылықты Аристотель (б.д.д.384-322 ж.ж.) ерікті деп атады. Ежелгі Рим ойшылы және дәрігер Гален (б.д.д. 130-200 ж.ж.) ерікті және еріксіз қозғалыс жайлы айтып, соңғысына тек ішкі мүшелердің (жүрек, асқазан) бұлшық ет жиырылуын жатқызды. Қалған барлық қозғалысты ол ерікті қозғалыс деп қарастырды. Рене Декарт ерікті жанның тілегін қалыптастыруға қабілетті және кез келген адам әрекетінің пайда болуын анықтайтын, рефлекс негізінде түсіндіруге болмайды деп түсінді. Декарт еріктің басты мәселесі – заттың әсерінен пайда болған құмарлықпен күрес деп есептеді. Т. Гоббс бойынша, тілек, ойлау және ойлану актісінде пайда болған, тікелей қозғалысқа итермелейтін күш - ерік.
Р.Ассаджиоли төменгі ерік сапаларын бөліп көрсетеді:1) қуаттылық – динамикалық күш –қарқындылық; бұл сапа мақсатқа жетудің күрделігімен анықталады;
2) шеберлік – бақылау - тәртіптілік. Бұл сапа ерікпен басқа психикалық функциялардың реттелуі және бақылануы;
3) шоғырлану – жұмылу – зейін, бұл сапаның объектіге әсер етуде және тартымсыздығында маңызы ерекше;
4) шешімділік – жылдамдық – ептілік шешім қабылдауда көрінеді;
5) табандылық – беріктілік – шыдамдылық;
6) бастамашылдық – ерлік – шешілу; бұл тәуекелге бел буу;
7) ұйымдасқан – ықпалдастық – жинақтау. Ерік бұл жерде міндетті шешудегі барлық құралдарды ұйымдастырушы.
Назарларыңызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |