Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы. Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. Қазақстан аумағы – homo sapіensтің қалыптасу ошақтарының бірі



бет2/7
Дата21.10.2023
өлшемі29,51 Kb.
#120133
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Адамны тарих а дейінгі эволюциясы. Тарихи дерісті кезе дерге б

Палеолит: Табиғат: плейстоцен – жер шарындағы ең соңғы қайталанған мұздықтар кезеңін қамтитын, шамамен 2,6 млн жыл бұрыннан 11,700 жыл бұрынға дейінгі аралықтағы геологиялық дәуір. Периодты түрде жерді мұз басып отырды.
1.ЕРТЕ ПАЛЕОЛИТ (2,6млн-100к бзб) Шаруашылығы: терімшілік
⊙Бөріқазған мен Шабақты. Орналасуы: Оңт. Қаз. , Жамбыл обл. 5000-ға жуық тас құралдар табылды, бәрі де қашау мен үшкіртас-р. Терімшілік
⊙Шақпақата мен Арыстанды. Орналасуы: Маңғыстау түбегі мен Қаратауда.
ерте тас ғ. тұрақтарының ең көнелері, табылған құралдар Шығыс Африканың Олдувэй сайынан табылған ең көне құралдармен бір заманға жатады.
2. ОРТА ПАЛЕОЛИТ. (100к-40к бзб) Шаруашылығы: терімшілік+аңшылық
⊙Обалысай. Орналасуы: Жезқазған. Ерекшелігі: мустьерлік кезеңнің ең ежелгі тұрағы.
⊙Мұзбел. Орналасуы: Орт. Қаз. ⊙Қанай. Орналасуы: Шығ. Қаз. ⊙Ш. Уәлиханов атындағы көпқабатты тұрақ. Орналасуы: Арыстанды өз. бойында. Ерекшелігі: неғұрлым жақсы зерттелген тұрақ.
3.КЕЙІНГІ ПАЛЕОЛИТ. (40-12к бзб) Адамдар терімшілік, аңшылықпен айналысқан.
⊙Батпақ. Орналасуы: Орт. Қаз. Ерекшелігі: 300-ге жуық тас құрал табылған.
⊙Шульбинка.Орналасуы: Шығ. Қаз. Ерекшелігі: 5000 еңбек құралдар табылды. ⊙Семізбұғы.
Орналасуы: Орт. Қаз. Ерекшелігі: түзу, кейде қайқы ас пышақ сияқты қырғыштар табылды.
⊙Ащысай. Орналасуы: Оңт. Қаз. Ерекшелігі: бизон, арқар, жабайы жылқы сияқты жануарлардың сүйектері және пышақ тәрізді тілгіштер табылды.
МЕЗОЛИТ (ОРТА ТАС ДӘУІРІ 12-5к бзб). Табиғат: Голоцен - жыл бойына 4 түрлі мезгіл орнауы. Мезолитте мұз басу дәуірі тоқтап артынан кішігірім қуаңшылықпен алмасты.
Тұрақтар саны (жалпы Қаз. б/ша): 20-дан астам. ⊙Мичурин, Явленко.
Орналасуы: Қызылжар қ., Есіл өзені бойы. ⊙Дүзбай.
Орналасуы: Торғай ойпаны ауд.⊙Тельман.Орналасуы: Атбасар маңы.⊙Ерейментау.
Орналасуы: Ақмола ⊙Әкімбек, Қарағанды Орналасуы: Қарағанды маңы. ⊙Қызылсу.Орналасуы: Маңғыстау.
НЕОЛИТ. (5к-3к бзб) Шаруашылыққа үй жануарларын асырау +қыс ыдыс жасау+егіншілік қосылды. 150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындарымен әйгілі. ⊙Жезқазған өңірі. Ерекшелігі: жерлеу орындарының үстіне тас үйген, қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған, адамның басын батысқа қаратып, шалқасынан жатқызды. ⊙Усть-Нарым. Орналасуы: Шығ. Қаз. Ерекшелігі: құрал-саймандарға өте бай, өткір, ұсақ сынатастар көп табылды. ⊙Зеленая Балка, Қарағанды. Орналасуы: Орт. Қаз. Ерекшелігі: үй малының сүйектері табылды.⊙Пеньки. Орналасуы: Солт. Қаз Ерекшелігі: тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көптеп кездеседі. ⊙Сексеуіл. Орналасуы: Қызылорда обл. Ерекшелігі: табылған сүйектердің 80% қойлар мен сиырдікі. ⊙Железинка. Орналасуы: Солт. Қаз.Ерекшелігі: селосының маңында өліктің кремациясы (өрттелу) рәсімі орындалып, күлінің жанына үш құмыра, жебелер және сүйектердің жасалынған әшекейлер қойылған.⊙Қараүңгір.
Орналасуы: Қаратау. Ерекшелігі: мекенінен табылған қыш ыдыстардың дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет