Адамның тірек-қимыл жүйесі



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата19.11.2023
өлшемі275,29 Kb.
#124897
1   2   3   4
Сүйектің құрамы
. Сүйек – дәнекер ұлпасының бір түрі. Ол
- өте тығыз ұлпа. Сүйек сыртқы жағынан жұқа сүйек
қабығымен қапталады. Сүйек клеткалары мен олардың
өсінділерін клетка-аралық сұйықтық толған өте ұсақ
өзекшелер қоршап жатады. Осы сұйықтық арқылы сүйек
клеткалары қоректенеді және тыныс алады. Сүйек
клеткаларының өзегі арқылы қан тамырлары мен жүйкелері
өтеді. Сүйектің құрамы 30% органикалық және 60%
бейорганикалық заттардан тұрады. Оның құрамында не бары
10% су болады. Органикалық және бейорганикалық заттар
сүйекке иілгіштік, серпінділік және мықтылық қасиет береді.
Егер сүйекті біраз уақыт тұз қышқылына салып қойса, ол
жұмсарады. Оны жіп сияқты түйіп, байлауға болады. Себебі,
оның құрамындағы минералды заттар тұз қышқылының
әсерінен еріп, ерітіндіге бөлініп, органикалық заттар ғана
қалады. Егер сүйекті жағатын болсақ, органикалық
қосылыстар жанып, су буланады. Сүйек құрамында тек
минералды заттар ғана қалады. Сүйектің қаттылығы,
негізінен, бейорганикалық заттарға байланысты. Адамның
жасы ұлғайған сайын минералды заттар көбейеді, сүйек
сынғыш болады. 
Сүйектің химиялық құрамына ішкі секреция бездері әсерін
тигізеді. Қалқанша безінің маңындағы бездердің гармоны
сүйектің органикалық және бейорганикалық құрамын
реттейді. Қалқанша маңы бездерініің жұмысы күщейгенде,
сүйекті минералды затар (кальций карбонаты мен фосфаты)
нәжіс пен несіп арқылы шығып кетеді. Ал қалқанша маңы
бездерінің жұмысы нашарласа, онда сүйектің өсуі және
дамуы тежеледі. 


Сүйектің өсуі
. Сүйектің ұзарып, жуандап өсуі, шеміршек
ұлпасы клеткаларының бөлінуіне және сүйек ұлпаларына
айналып отыруына байланысты. Адамның қаңқасы 22 – 25
жаста қалыптасады. Гипофис гормоны жетіспегенде немесе
жоқ болғанда, шеміршек клеткаларының көлемі үлкейеді,
құрамында минералды зат азаяды. С витамині жетіспегенде,
сүйек ұлпасының химиялық, морфологиялық (құрылымы)
және қызмет атқару жүйелері бұзылады. Қаңқаның дұрыс
дамуына Д витамині (әсіресе бас сүйегіне, омыртқаларға,
қабырғаларға) әсер етеді. Мешел ауруымен ауырған баланың
аяғы қисық, басы және қарны үлкен болады. Сүйегінің
құрамында минералды заттар үш еседей аз болып, витамині
мөлшерден көп болса, сүйектің өсуі бұзылады. Д витаминінің
жетіспеуі ересек адамдарда, әсіресе әйелдерде кездеседі.
Жас босанған әйелдерде Д витаминінің жетіспеуінен сүйек
аздап қисаяды. Д витаминінің жетіспеуі күн сәулесінің аз
болуына, тамақтың құрамында кальций мен фосфордың
қажетті мөлшерінің өзгеруіне, ішек және бүйрек
ауруларынан минералды заттардың сіңірілуінің бұзылуына
байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет