Жетім көңіл маңырар да отығар. Түркістанға түн ала алмас түр берген Құдай құлы - шайхы атанған сопылар... Белгісіз, жалпылама болғанмен, деректі қозымен байланысты ассоциация
нәтижесінде дерексіз көңіл сөзінің мағынасы кеңейіп, өлең модальділігін
байытады.
Поэзиялық шығармалардағы келтірінді элементтердің мәтін түзушілік
қызметін Ғ. Жайлыбайдың «Қаратаудың басынан көш құлады», «Толқындар»,
«Оралыңның барында ойна да күл» өлеңдерінен байқауға болады. Бұларда
жекелеген лексемалардың қайталамасы арқылы претекстердің семантикасы
өзектеніп, жаңа мәтіннің мазмұндық-нақты ақпарын түзіп, астарлы және
концептуалды ақпарды қалыптастыруға қызмет етеді. Алғашқы екеуінде
эпиграф ретінде алынған жолдардың жекелеген лексемалары, метафорасы
арқылы актуалданып отыратын претекст контексі интертекстегі күмәнділік
модальділігін тудырса, соңғысында интертекстуалды элемент өлеңнің алғашқы
жолында келтіріліп, мәтінаралық байланыс контрасқа негізделеді.
3.3 Интертекстердің бағалауыштық қызметі
Интертекстуалды элементтер көркем мәтін авторының претекстің өзіне
немесе претекст авторына, прецедентті құбылыстар арқылы көрінетін түрлі
экстралингвистикалық факторларға субъективті пікірін, бағалауын эксплицитті,
имплицитті түрде көрсетеді. Белгілі бір прецедентті құбылысты өз
шығармасына претекст ретінде кіргізуінің, оны лингвомәдени кеңістік пен
когнитивтік базадан өзектендіріп алуының өзі қаламгердің оны бағалауын
көрсетеді. Ол бағалау мелиоративті немесе пейоративті болуы, әрине, оның
болмысты қай тұрғыда танытуына байланысты.
Интертекстуалды элементтердің бағалауыштық қызметі авторға оларды өз
баяндауында да, кейіпкер сөзінде де келтіруіне мүмкіндік береді. Мәселен,
арнайы баяншының сөзінде келтірілген аллюзивті субстантив композитордың
бүкіл шығармашылығын еске салатын метонимиялық сипатымен қазіргі, масс-
медиа тұтынушы адамдарды бағалау қызметін атқарып тұр: