Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет131/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

есектен түйелерді, 
Тыңдамай-ақ 
халықтық күй-өлеңді. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


164 
Ақиқаттың тізгінін
жылдар бойы 
Жәдігөйлік, жылпостық иеленді.
Өлең кеңестік қоғамдағы жылдар бойы қалыптасқан формалды қарым-
қатынасты, адамдар бойындағы селқостықты, бейжайлықты бұзып, жаңа леп 
әкелген сәуір өзгерістеріне арналған. Сәуірмен жеткен жақсылықты айқындап 
көрсету үшін социализм тұсындағы қасаңдықты, жамандықты есекке теңейді. 
Дәстүрлі қолданыс болғандықтан, бұл заңды да, ал оған қарама-қарсы халық 
арасынан шыққан таңдаулы адамдарды түйеге теңеу қазақ тілінде сөйлеушілер 
үшін түсініксіз, уәжсіз. Әрине, халық тілінде түйе сөзінің парадигматикасына 
кіретін 
нар тұлғалы, қара нардай, бурадай
сияқты эпитет, теңеулер мен 
түйедей, түйеден түскендей, түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты
тәрізді қолданыстар кездеседі, алайда соңғы тілдік бірліктердің семантикасы 
аса жағымды емесі аңғарылады. 
Ақын метафорасы «Абай жолы» романындағы Абай мен білімсіз орыс 
чиновнигінің диалогін еске түсіреді. Қаламгер жадында Абайдың өзін 
бағалауда түйе сөзінің жағымды коннотациясына сүйенгені қалған, соның 
нәтижесінде осындай тосын метафора пайда болған деген ойдамыз.
Прозалық мәтіндердегі интертекст негізді айшықтаушы құралдар арқылы
оқырмандар өз когнитивтік базасын кеңейтеді. Оқу барысында ол қайтсе де 
мәтін ақпарын адекватты түсінуге ұмтылып, тропқа негіз болған прецедентті 
құбылысты өз жадында болса, еске түсіріп, өз жадынан таппаса, әр қилы 
анықтамалық әдебиетке жүгінетіні сөзсіз. Әрине, контекст бойынша ондай 
троптарды түсінуге, тіпті претекст туралы белгілі бір болжам, интерпретация 
жасауға болар, алайда олардың семантикасын өзі оқып отырған мәтінмен 
қабыстыра алмауы мүмкін. Мұндай жағдай көбінесе әлемдік білім аясынан 
алынған троптарға байланысты туындауы ықтимал. Мәселен, 
«...Сәбилік 
періште күйін сақтап қалған ешкім жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет