Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


«Қиырдан келіп, күнде мойнына оратылып, аймалап-құшып



Pdf көрінісі
бет100/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

«Қиырдан келіп, күнде мойнына оратылып, аймалап-құшып, 
қойнына түнеп кететін опасыз бұлттардың 
не сыбырлағанын есіне түсіре 
алмай, 
шым-шытырық түсініксіз түс көргендей басы зеңіп
шыңдар
түнереді. 
... Шың түбінде тостағандай дөңгеленген тұнық көлдің аспан түсті айна жанары 
мөлдіреп, көкке бағып, 
мұңаяды
– жаңалық күтеді!». 
Т. Шапайдың «Жаңалық тыңдаңыз» әңгімесінің үзіндісі мен Абай өлеңі 
арасындағы байланыс лексикалық деңгейде танылады: 
Қонады
бір күн 
жас бұлт,
Жартастың төсін құшақтап. 
Жөнелді ертең

қалды ұмыт, 
Көк жүзінде 
ойнақтап.
Ажымды жүзі
тершіген, 
Кәрі жартас таң қапты: 
«Бәрі осы-ау, - деп, - қыз деген!» 
Томсарып тұрып жылапты. 
Екі мәтін байланысын бір лексика-семантикалық парадигмаға кіретін 
сөздердің эпидигматикасы [142, 367] мағыналық ұйытқы болуы көрсетеді: 
Абайдағы 
бұлт - жас, ұмытшақ, ойнақы,
Т. Шапайдың 
бұлты – опасыз;
Абайда 
жартас – кәрі, жүзі әжімді, томсарыңқы
болса, Шапайда 
шың – 
мең-зең.
Мәтіндер континуумы әр түрлі: Абайда өткіншілік семантикасы 
басым болса, Т. Шапай туындысында қайталанбалылық, тұрақтылық семасы 
алға ұсынылады. Бұған қарағанда қаламгердің тілдік жадында претекст ретінде 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


131 
алған Абай өлеңінің семантикасымен қоса М.Ю. Лермонтов шығармасының да 
мән-мағынасы сақталған сияқты. 
Келтірілген мысалдардан Абайдың шығармаларын жасы, білімі, 
қалыптасқан ортасы, ұстанған кредосы әр түрлі қаламгерлердің әрқайсысы 
орынды, ұтымды қолданғаны байқалады, ал кез келген оқырман претекст пен 
интертекст арасында байланыс орнататыны сөзсіз, яғни Абай шығармаларының 
әсер-қуаты, танымалдығы, таралу аясының кеңдігі, қолдану жиілігі, 
өміршеңдігі, қайталай жұмсалуға бейімділігі айқын танылып отыр.
Бұл мысалдарда Абай шығармаларының жоғары коммуникативтік регистрі 
сақталған. Олар идеал, эталон ретінде алынғандықтан, авторлардың Абай 
сөзіне ерекше ықыласпен, айрықша құрметпен қарайтыны көрінеді. Мұндай 
көзқарас Абай өлеңі негізінде коммуникативтік регистрі төмен шығарма 
туындатуға да бөгет бола алмайтынын төмендегі мысал аңғартады: 
Дүниеде, сыра, мендей саған жар жоқ, 
Саған жар менен артық табылса да... 
Соңғы мысал, әрине, біздің когнитивтік базамызда қалыптасқан нормаға 
сәйкес келмейтіндіктен, көбімізге жат, түсініксіз, орынсыз болып көрінуі 
заңды, алайда сөйлеу фактісі, яғни мәтін ретінде бары ақиқат. Орыс тілінде 
претекстердің коммуникативті регистрі төмен мәтіндерге негіз болғанын 
зерттеуші А.С. Пушкин шығармалары мысалында нанымды түрде көрсетеді 
[143]. Жалпы қазақ әдебиетінде мұндай үрдіс аса көп байқалмайды. 
Келтірілген барлық интертекстерден қаламгердің претекст авторы, 
претекст нысаны, өзі суреттеп отырған ситуацияға, кейіпкерге қарым-қатынасы 
білініп, оқырман екі мәтінді қатар қою арқылы жаңа, толық, жан-жақты 
мағыналы туындыны қабылдайды.
Күшті 
әдеби 
мәтіндерге 
Махамбеттің, 
М. 
Жұмабаевтың, 
Қ. 
Аманжоловтың, М. Мақатаевтың шығармаларын да жатқызуға болады.
Мысалы, кейінгі буын ақындарының М. Жұмабаевтың «От», 
«Пайғамбар», «Күншығыс» сияқты өлеңдерінің жекелеген фрагменттерін 
цитатаға алғандарының өзі жалпы семантикалық, құрылымдық, эстетикалық, 
идиоэтникалық, танымдық тұрғыдан эталон мәтіндер деп қабылдағанға 
байланысты деген пікірдеміз:
 Осындай боп, білмеймін, кімнен тудым, 
Бәлки қайсақ, бәлки бір гуннен тудым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет