десті, десті, десті жұрт...
Алғашқы екеу қалған шақта ес біліп,
ұмытылғанда алғашқы өсек ескіріп,
балалардың бойы ғана емес,
саны өсіп,
бесеу бопты деген хабар естідік.
Тозды десті ел қыздың сұлу беті ептеп;
бір баланы көтеріп,
бір баланы жетектеп,
кіріп-шығып жүред десті
сол баяғы ауладан
бес баламен дәл өзінен аумаған.
Баласы жоқ бірер әйел қызғанды,
бірер әйел аяп жүрді қызды әлгі,
өйткені олар бағалаушы еді шындықты:
-Бес бала, рас, өз баласы емес қой,
жасырын сыр бар ғой, десті, сұмдық бір!
Ал, көпшілік білмейтұғын ештеңе-
кешірімшіл де,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
62
кеще де
құр қаңқуға сенетұғын;
сыздасаң да
сызда, жүрек, өмірде де, өнерде
өтірікке, жамандыққа сенерде
дәлел талап етіп едік біз қашан! ...
Балладаның мазмұндық-нақты ақпарында өсек сөзінің парадигмалық,
синтагмалық өрісіне кіретін қаңқу, өсекші, хабар сөздері мен олардың
предикаттары (қаулады, ұмытылып, ескірді, десті, сенетұғын) автордың өз
сөзі мен бөгде сөздің өзара әрекеттесуін көрсетіп, жағымсыз коннотативті
мәндерге ие болуына байланысты мәтін модальділігін түзуге, кейіпкерін
даралауға, басқа жұрттың шындыққа сәйкес келмейтін пікірін көрсетуге
пайдаланылады.
1.2.5 Синкретті интертекстуалдылық
Эстетикалық-прагматикалық құрылым болғандықтан, көркем мәтін
коммуникация феномені ретінде қарастырыла алады. Сол себептен де мәтіннің
тілдік құрылымына кіргізілетін скульптура, живопись, фотография, кино
сияқты визуалды образдардың сипаттамасы сол мәтіннің толық, автор ниетіне
сай түсінілуіне ықпал етеді. Мәтінаралық байланыстар теориясында басқа
семиотикалық
жүйелердің
көркем
мәтінде
вербалдануы
синкретті
интертекстуалдылық терминімен белгілі.
Қазіргі мәтінаралық байланыстардың лингвистикалық теориясында
синкретті интертекстуалдылықты түсіндіруде әр түрлі көзқарастар кездеседі.
Біздің ойымызша, бұл терминге берілген дефинияциялардың ең белгілісін
әрі ең оңтайлысын ұсынған – И.В. Арнольд. Оның пікірінше: «Мәтін ішіндегі
мәтін өнердің әр саласын көрсетіп, живопись, музыка, архитектура және т.б.
туындылардың мазмұны мен формасын сөзбен бере алады.
... шын мәнінде бейвербалды семиотика жүйесіне жататын туынды емес,
оларға кейіпкерлердің реакциялары вербалданады» [8, 55]. Ал бұның өзі
авторға жанама түрде өз кейіпкерлеріне қатысын білдіруге мүмкіндік береді де,
мәтін модальділігін түзуге жәрдемдеседі.
З. Минц сөз өнеріне жатпайтын өнер туындыларының орнына жүретін
таңбаларды цитата деп атап, оның ең қарапайым түрі ретінде көркем мәтінде
сол өнер туындыларының атаулары, ән-романстардың жолдары келтірілетінін
көрсетеді [58].
Прозалық шығармаларда цитаталардың қолданылуын қарастырған Н.Н.
Семенова цитацияны жалпы интертекстуалдылыққа жатқызғанмен, көркем
мәтінде
басқа
семиотикалық
жүйелердің
туындыларын
суреттеуді
парацитацияға қосуға бейім: «Цитация санатына парацитаталарды – басқа
семиотикалық жүйелердің цитатасын (оның ішінде музыка, живопись
туындыларын сөзбен суреттеуді де) жатқызу дұрыс болмайтын сияқты...» [57,
305].
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
63
Алайда көркем шығарманы талдап, интерпретация жасағанда, оның
вербалды құрылымындағы бірде-бір тілдік құрал зерттеуші назарынан тыс
қалмауы тиіс, өйткені мәтін семантикасын ашуға олардың барлығы бірдей
қызмет етеді. Демек, визуалды образдардың вербалдануы да белгілі бір
мақсатты көздейтіні ескерілуі қажет.
Өз кезегінде Н.А. Фатеева көркем мәтінге басқа семиотикалық жүйелер
таңбасының кіргізілуін «интермедиалды семантикалық фигуралар» [38, 36] деп
атайды. Зерттеуші келтірген мысалдарда басқа семиотикалық жүйелер
туындыларының авторлары мен атаулары олар кіргізілетін мәтіндермен
«метонимиялық» байланыстарға түсіп, аллюзиялық сипат алады. Ғалымның
айтуынша, мұндай вербалданған визуалды және музыкалық образдар көбіне
теңеу ретінде қолданылады.
Жалпы алғанда, түрлі семиотика жүйелері мәтіндерінің бұлайша өзара
әрекеттесуі біршама жиі кездеседі. Дегенмен визуалды немесе музыкалық
образдың вербалды мәтінмен өзара байланысының басқа да түрі – көркем
мәтінге визуалды яки музыкалық бейненің толық немесе бір бөлігінің
суреттелуі де - бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Біздіңше, осы типтегі
мәтін
ішіндегі
мәтін
«синкретті
интертекстуалдылық»
терминінің
дефинициясына барынша толық сәйкес келеді.
Әрине, бұл жағдайдағы сөйлеу субъектісінің өзгеруі шартты нәрсе. Қалай
болғанда да көркем мәтіннің вербалды құрылымындағы кіргізіліп отырған
визуалды немесе музыкалық образ оқырманға танылып отырады, өйткені
қаламгер оны түрлі тілдік сигналдармен көрсетіп отырады.
Бейвербалды семиотикалық жүйелер туындыларының суреттеліп көркем
мәтіннің тілдік құрылымына немесе иллюстрация түрінде публицистикалық
мәтіннің құрылымына кіргізілуі өте жиі кездеседі. Бұл визуалды немесе
музыкалық образ бен негізгі вербалды құрылымның қатар қабылдануы
тудырған ассоциациялар нәтижесінде біртұтас мазмұн қалыптастырып, мәтінді
дұрыс түсінумен, оның семантикасын ашумен байланысты.
Публицистика мен көркем коммуникацияда синкретті интертекстуалдылық
әр түрлі байқалады. Публицистикада иконикалық мәтіндер (фотографиялар,
шарждар, суреттер) вербалды мәтіннің қатарында, астыңғы, ортаңғы, үстіңгі
жағында келіп, оның негізгі мазмұнын байытып, толықтырып, күшейтіп тұрса
да, олардың ресімделуі мәтін ішіндегі мәтін форматында болмайды және олар
өздерімен қатар алынған мәтіннің мазмұнын визуалды, кейде астарлы, ал енді
бірде нақты түрде әр түрлі бағалауыш реңкте береді. Мұндай мәтіндерді қазақ
зерттеушілері «креолды мәтіндер» деп атап, оларда берілген ақпар сатылап
түсінілуі қажеттігін көрсетеді [97, 65]. Шынында да, солай. Мәселен, «Жас
Алаш газетінің» 2008 жылғы 21 қазандағы санында «Ақпараттық соғыс немесе
ұлтшылдық пен ұлтсыздық хақында» мақаласын Жеңіс Кәкенұлының
суретімен безендірген. Суреттің атауы жоқ, алайда оның өзі жеке тұрып-ақ,
интертекстуалды яки аллюзивті-реминисцентті, себебі Абылай ханның тарихи
деректерден де, І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясынан да белгілі
атақты түсі негізінде салынған. Романда Бұқар түсті ханның тікелей өз
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
64
ұрпағына қатысты жорығанмен, кейінгі тарихшылар, публицистер оны қазақ
халқының тағдырына трансполяция жасап жүргенін ескерсек, осы ақпарлардың
бәрі мақаланы түсініп, интерпретациялауды біртіндеп жүзеге асыруға ықпал
етеді. Мақала ақпары астарлы түрде, синкретті түзіледі.
Ал көркем коммуникацияда визуалды немесе музыкалық материалдың
суреттеліп кіргізілуі - әдеттегі нәрсе. Вербалданған образ оқырманды қайтсе де
реалды визуалды немесе музыкалық образды көз алдына елестетуге яки есіне
түсіруге, оларды салыстыруға жетелейді. Басқа семиотикалық жүйенің реалды
мәтіні, оның вербалды көрінісі және жалпы тұтас мәтін оқырман ойында
біртұтас картина жасап, қабылданып отырған мәтіннің эмоционалдық әсерін
ұлғайтып, эстетикалық құндылығын арттырады. Көркем шығарма авторы үшін
басқа семиотикалық жүйе туындыларын вербалдап енгізу мазмұндық-
концептуалды және мазмұндық-астарлы ақпарды жеткізу тәсілі болса, оқырман
үшін сол берілген ақпарларды қабылдау, ашу жолы болып есептеледі.
Осы тұрғыдан М. Мақатаевтың «Теңізге бір барамын» өлеңін қарастырып
көрелік:
Көргемін жоқ теңіздің тулағанын,
Естігем жоқ шағала шулағанын.
Аспанда емес, теңіз де жерде шығар,
Жерде болса, әйтеуір бір барамын.
Сапар шегіп теңізде жүрмеп едім,
Тірі болсам, оны да бір көремін.
Достарыңызбен бөлісу: |