ете түсті, бұрқ ете түсті, лаулады, қоздады, басылды; қауесет (желше) гу- гу етті, желп-желп етті, шарлап кетті, аралап кетті, көтерілді; қауесет (қарша) бұрқ етті, борады; қауесет (өсімдікше) қаулады, жайлап кетті, қаптап кетті, (саңырауқұлақтай)тез, қабынып өседі.Дақпырт,бұлардан
басқа, жер жарады, дүңк ете түседі, сарт ете қалады. Бұл предикаттарда динамизм, қарқындылық семасына қоса, жинақтық,
дыбыстық еліктеу мәндері мен уақыт, кеңістік белгілері бар.
Е.В. Осетрова әділ көрсеткендей, бұдан 15-20 жыл бұрын мұндай
қауесеттер
жазба
бұқаралық
ақпарат
құралдарында,
радио-,
телебағдарламаларда талқыланып, ақпараттық кеңістікте ресми тұрғыда
тарамақ тұрсын, оларды бар деп мойындаудың өзі тиісті мемлекеттік қызметтер
тарапынан қауіпті болғаны мәлім.
Қауесет тұрмыстық коммуникацияда, яғни қоғам мүшелерінің бір-бірімен
күнделікті қарым-қатынасында өзіндік орны, тілдік көрінісі бар факті екені
ежелден белгілі. Қоғам мүшелері бұрын қауесетті бір-біріне жеткізгенде
белгісіз айтушыға сүйенсе, енді бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме
жасайтын болды. Баспасөз беттерінде осы бір феноменнің тұрақты түрде
орныққанына орай бұны газет дискурсындағы белгісіздіктің тілдік көрінісінің
бір түрі деп тануға тиіспіз. Сондықтан Е.В. Осетрованың: «...наблюдения над
речевой действительностью потверждают вывод о том, что слухи, наряду со
сферой бытового общения, включены в пространство СМИ. Это не должно
оцениваться исключительно отрицательно, только как наступление на
достоверность факта и манипулирование мнением массовой аудитории, а
следовательно, ущемление ее интересов. Анализ потверждает наличие ряда
объективных причин, повлекших за собой возникновение данного явления, и,
помимо этого, эффективность его использования как приема, который
увеличивает естественность и диалогичность публичного общения» деген пікірі
«Жас Алаш» газетіндегі Гу-Гу айдарына да қатысты деп есептеу керек.
Ресми коммуникациядағы қауесет жоғарыда көрсетілген барлық
белгілерімен басқа пікірге негіз болатындықтан әрі интертекст, әрі претекст
деп қарастырыла алады.
Көркем коммуникациядағы қауесетті де солай қарастыруға болады. Тек
қана ондағы қауесеттің авторы – қаламгердің өзі, демек ішкі
интертекстуалдылық байқалады. Әрине, көркем шығармадағы қауесеттің
көлемі, субъектісі әр түрлі болуы ықтимал.
Қазақ әдебиетінде прозалық және поэзиялық шығармаларда авторлар
қауесетті түрлі мақсатта жұмсайды. Мәселен, М. Мағауиннің «Көкбалақ»
романында полилогпен берілген қауесет арқылы сол кездің шындығы
танылады. Автор өз кейіпкерлері өмір сүріп, өзі суреттеп отырған тарихи-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
59
әлеуметтік кезеңнің барлық детальдарын өзі тәптіштеп, баяндаса, оның әсері
кеміп, оқырмандарды бірыңғай монологтен жалықтырып алушы еді. Сонымен
қатар қаламгер болып жатқан оқиғаларға өз бағалауын бөгде адамдардың
сөзімен астарлап, жанама түрде беріп отыр. Жазушы бидің үйінде күй тыңдап
отырған адамдардың әңгімесін эмоционалды-экспрессивтілігі айқын сөздермен
вербалдайды және контекске біртіндеп етістіктің түрлі шақтары мен қауесет
парадигмасына кіретін сөздерді енгізу арқылы субъективті көзқарастарға
ойысады: «...Іс ыңғайын аңдаған үлкендер көлденең әңгімеге көшкен. Қысыр