61
Гүл секілді шешек жарған жаңадан
әсерлі-ақ ед,
адам деуші ек жаны адал.
Бір күні
өсек, қаңқу сөздер қаулады, ал –
өсекші айтты:
әлгі сұлу ауладан
шықты деді егіз бала көтеріп
дәл өзінен аумаған.
Таң қалысты сенгіш, аңқау-әңгі көп,
«қай уақытта»,
«қалай болып» қалды деп.
Тек, қыз бейқам.
Көзге іліккен адамға
аса обал, ә -
Күйеу қайда?
Қызда күйеу бола ма?
Көрініп ед беті теңбіл, белі тоқ...
Ойбай, десті ел, бәлесі бар, жолама.
Сырттай сүйіп атағанмен жорта атын
кезіккенде-мінезінен қорқатын,
зиялы елдің жігіттері мен-мен кіл
«бәлесінен» қорқатұғын болды енді.
Өсекші айтты - тағы сендік біз бастап -
екі бала - үшеу болды бір күні,
бұрынғыдай қайқимайды кірпігі,
көрдіңдер ме, қарамайды қыз да
асқақ-
Достарыңызбен бөлісу: