Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


жатқан - өзіңнің бақ-талайың. Жолбарыс болып жатқан - өзіңнің баққан



Pdf көрінісі
бет57/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   118
Байланысты:
Әділова. Көркем мәтін. Цитация

жатқан - өзіңнің бақ-талайың. Жолбарыс болып жатқан - өзіңнің баққан 
елің – ұлы далада көсіліп орналасқан. Жолбарыс аюға айналса, сенен кейінгі 
заманда елің аюша алысар күн туар, одан қасқырша ырылдасып, жауымен 
жұлысатын заман да болар. Ақыр түбінде елің күштінің алдында түлкідей 
бұлаңдар, алдау-арбауға үйренер. Түлкінің түбі бақа-шаян болса, қоян-қарсақ 
жүрсе, ол дегенің соңғы ұрпақ ұсақталып сол күйге жетер. «Құл жиылып бас 
болмас, тас жиылып құм болмас» деген сөз келер, жақсының түбі тұқымынан 
қиылар, бидің түбі сұйылар, еліңнің берекесі сөйтіп тиылар» (Ж. Омари). 
Алғашқы мәтінде автор Абылайдың түсін Кенесарыға цитация жасатуы 
бекер емес, кейіпкерін, оның өскен ортасын таразылап, болашағын болжап 
бағалауда автор-субъектінің экслицитті бағалауы пен субъектінің имплицитті 
пікірі бірін-бірі толықтырып, коммуникацияға түсушілерді сипаттауға
мәтіннің концептуалды ақпарын түзуге, оқырманға мәтінді интерпретациялауға 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


80 
жәрдемдеседі. Ал екінші мәтінде түс пен оның жоруын басты кейіпкерлердің 
өздеріне айтқызған автордың бағалауы ашық. 
Екі мәтіндегі прагматикалық бағдар да - екі түрлі, І. Есенберлин 
контексіндегі бағдар тек Абылай хан айналасына ғана бағытталса, кейінгі 
мәтінде жалпыхалықтық сипат алады. Оны вербалданған түстердің лексикалық 
құрылымындағы ортақ номинативтер, сол лексиканың парадигматикалық 
коннекторларымен берілген символдармен қатар, айырмашылықтар көрсетеді. 
Бұл көркем мәтіндер жазылған кезеңдегі саяси-идеологиялық жағдайларға 
немесе экстралингвистикалық факторларға байланысты болу керек. Қазіргі 
қазақ қоғамындағы ұлтсыздық, тілсіздік, күншілдік, тез еліктеушілік, басқа ұлт 
өкілдеріне жалтақтаушылық, жемқор сыбайластық, өз ұлтына қайырымсыздық 
сияқты түрлі жағымсыз мәселелер сөз болғанда Абылайдың осы түсі мен оның 
Бұқар жоруы еске түсіріледі. Оны жоғарыда айтылып кеткен газет мақаласын 
осы түстің екінші нұсқасы негізіндегі суретпен (қосымша Б) иллюстрациялау-
ақ дәлелдейді, яғни дискурсқа түсушілер қажеттілік пайда болғанда өздерінің 
семантикалық жадынан өздері үшін аса маңызды, айрықша мәнді, әсерлі, 
бейнелі мәтін таңбасын тауып, қолдана алады. 
 
1.2.8 Пародия және перифраз 
Көркем мәтінде қаламгер өзі куә болып отырған шындық болмысты жан-
жақты, толық көрсетуге ұмтылады. Бұл орайда автор қоршаған дүниеге сыни 
көзбен қарап, оған қатысын ирониялық тұрғыда көрсететін пародиялық 
шығармалардың орны ерекше. 
Пародияны дербес жанр қатарында тану Аристотель заманынан белгілі. 
Пародияны сатиралық жанр, сын жанры [104; 105] деп түсінумен бірге, оны 
белгілі бір мәтін негізінде туындайтын жаңа көркем мәтін, яғни екінші, кейінгі 
немесе туынды (вторичный) мәтін ретінде қарастыру да қалыптасқан. 
Пародияларды соңғы мағынада түсіну мәтінаралық байланыстар теориясына 
тән, яғни Ю. Карауловтың прецедентті мәтіндерге берген анықтамасының 
негізінде ресейлік тағы бір зерттеуші М.В. Вербицкая екінші, кейінгі немесе 
туынды мәтін теориясын ұсынып, автор сияқты оқырман да претекспен 
міндетті түрде таныс болса ғана, оның эстетикалық әлеуеті күшейе түсетінін 
көрсетеді.
Пародия әдетте белгілі бір шығарманың құрылымдық, семантикалық 
ерекшеліктерінің цитациясы негізінде жазылады. Екінші мәтіндер қатарына 
бурлеск, спуф (орысша буфф, мәселен, В.В. Маяковскийдің «Мистерия - 
буфы»), травести, перифраз, пастиччо (пастиш) жатады. Ағылшын тілінде 
бұлардың барлығы да - комикалық әсер тудыратын шығармалар. Бұл 
мәтіндерге «бір ортақ белгі тән: сөз бұларда екі бағытты - әдеттегі сөз сияқты 
сөйлеу тақырыбын да, басқаның сөзін де – қамтиды» [106, 9].
Бұл пікірдің негізінде Ю.Н. Тыняновтың көзқарасы жатқанын айту керек, 
яғни: «Пародияның мәні – белгілі бір тәсілді механизм түрінде қолдану; бұл 
механизация, әрине, солай қолданылып отырған тәсіл белгілі болған жағдайда 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


81 
ғана сезіледі; сонымен, пародия екі бірдей міндетті жүзеге асырады: 1) қандай 
да бір тәсілді механизм ретінде қолданылады, 2) жаңа материал 
ұйымдастырады, оның өзінде бұл жаңа материал механизм ретінде 
қолданылған ескі тәсіл болып шығады» [10, 210]. Пародиялық шығармалардың 
негізінде белгілі бір көркем туындының стилі, семантикасы, лексика-
фразеологиялық қабаты жататындықтан және бұлар претекстпен айқын 
контраст жасайтындықтан, пародияны мәтіннің жаңа типі ретінде түсіну 
қалыптасты. Мәтінаралық байланыстар теориясына сүйене отырып, 
интертекстуалды 
корреспонденция 
– 
интертекстуалды 
қозғалыс 
– 
интертекстуалды 
жаңғырту 
формасы 
(форма 
интертекстуального 
реферирования) ұғымдарын енгізген орыс зерттеушісі О.А. Проскурин [107] 
А.С. Пушкиннің атақты «Евгений Онегин» романын сол кезең алдындағы 
элегия жазушыларға және өзінің алғашқы шығармаларына пародия деген 
қорытынды жасайды. Әрине, ғалымның бұл қорытындысы Батюшков, 
Жуковский, Карамзин сияқты элегия жазушылардың, сондай-ақ жас 
Пушкиннің шығармашылық контекстерін зерттеу, салыстыру нәижесінде 
жасалды, себебі элегия жаңа заман шындығын беруге жарамайтын еді
сондықтан А.С. Пушкин белгілі бір ситуацияға қайта оралып, оны басқа 
формада жаңғыртуға мәжбүр болды. Мәселен, романда Ленский көбіне 
комикалық тұрғыда көрсетіледі, өйткені зерттеушінің пікірінше: «Комизм, 
алайда, заңды: ол шын мәнінде драмалық жағдайлардың алдында элегиялық 
сананың дәрменсіз екенін көрсетеді» [107, 172]. 
Екінші (туынды) мәтін ретінде пародиялар мәтінаралық байланыстар 
теориясының нысаны болып есептеледі, өйткені олар лексика-семантикалық 
құрылымы тұрғысынан претексі ескерілмей, толық қабылданып, түсініліп, 
интерпретациялана алмайды. Бұл жерде претекст құрылымдық, лексикалық 
деңгейде цитацияға түседі де, жаңа мәтін түзу механизміне айналады.Соның 
нәтижесінде семантикасы претекске айқын қайшылықта болып, жасырын 
ақпар, мән түзіледі. Пародияда эксплицитті ақпардан гөрі имплицитті ақпардың 
әсер-қуаты басым. Автор түзіп отырған пародия мен оған үлгі, негіз болған 
мәтін арасындағы контраст айқын сезілгенде ғана оқырман үшін оның түрлі 
дәрежедегі комикалық, прагматикалық эффекті танылады. Мысалы: 
ҰЙЫҚТА, ҚАЗАҚ! 
Ұйықта, қазақ! Ұйқыңды қандырып ал, 
Көлден балық аулама, балдыры бар. 
Бау-бақша, егін егіп керегі не, 
Даланың дауылы бар, жаңбыры бар. 
Ток соғады, жолама электрге, 
Май боласың, жуысаң трактрге. 
Бес ешкіңді баға бер қораңдағы
Ғылыми жаңалыққа құлақ түрме. 
Қазақты сорлатпағын ұшқыш болып, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


82 
Жермен жүр аяқ-қолың күс-күс болып. 
Аспаннан жерге құлап мерт болғанша, 
Тірі жүрген артық қой ішкіш болып. 
Ұйқы қалың, өмірден кеш қаламыз, 
Соны сезбей, кей кезде төс қағамыз. 
Желтоқсанда жастарға жала жауып,
Жылап-сықтап Қайратты еске аламыз. 
Байқалып отырғанындай, М. Дулатовтың ұлттық когнитивтік кеңістіктен 
белгілі «Оян, қазақ!» кітабына эпиграф етіп алынған бір шумақ өлеңінің 
вербалды құрылымы мен семантикасына контраст арқылы қазіргі қазақ 
қоғамында қалыптасқан жағдайға пародия жасалған. Оқырман пародияның 
претексін толып жатқан интертекстуалды элементтерден оңай таниды: 
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, 
Өткізбей қараңғыда бекер жасты! 
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп, 
Қазағым, енді жату жарамасты! 
Пародияда қазақ халқының ділі горизонтал және вертикал контекстің 
өзара әсер-ықпалы нәтижесінде өте сәтті ашылған. Вертикал контекст аллюзия 
арқылы берілген, яғни қазақ қоғамындағы қазіргі заманға сай ұлттық мамандар 
тапшылығына, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына байланысты қазақ 
зиялыларының жағымсыз іс-әрекетіне сілтейді. Жалпы алғанда претекст пен 
туынды мәтіннің арасындағы байланысты танытатын интертекстуалды 
элементтердің конвергенциясы және лексика-семантикалық контраст ашық 
байқалады: ұйықта, қазақ – оян, қазақ; ұйқыңды қандырып ал – көтер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет