Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


бундурхит – вундеркинд, қулық, понятка, конкретный



Pdf көрінісі
бет59/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   118
Байланысты:
Әділова. Көркем мәтін. Цитация

бундурхит – вундеркинд, қулық, понятка, конкретный), макаронизмдер 
(заявление, дача, вилла, казино, азарт, история, мистер) мен 
жалпыхалықтық, ұлттық мәдени-рухани лексика айқын контраста алынған. 
Перифразда Абайдың сөзқолданысы, сөйлем құрылымы, сатира нысандары 
бірден танылғанмен, дәстүрлі қазақ отбасындағы құндылықтардың да, 
қалыптасқан тәртіптің де өзгергенін ақын ықшамды көрсетеді: ана тілдің 
шаласы, секеңдейді анасы
Байқалып отырғанындай, келтірілген мәтіндерде претекстердің шумақ 
саны сақталмаған, алайда комикалық әсер бірінші мысалда (Ұйықта, қазақ!) 
форма мен мазмұнның сәйкессіздігінен, семантика кереғарлығынан туып тұр. 
Ал екінші мысалда ащы шенеу Абай контексін жаңғырту арқылы жасалған.
Бір жағынан бұл перифраздарды қазақ әдебиеттануында еліктеу, орыс 
филологиясында подражание, стилизация терминдерімен аталатын құбылысқа 
ұқсатуға болатын сияқты. Алайда еліктеуде автор өзі үлгі тұтқан шығарманың 
сыртқы құрылымы мен семантикасының жалпы модальділігін сақтап, өзі 
суреттеп отырған объектісіне жағымды көзқарасын ашық көрсетіп отырады, 
яғни автор-субъект пен объект арасындағы коммуникация уақытқа тәуелді 
емес, осы шақта болып жатқандай әсер қалдырады.:
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


85 
Сен, сен едің, сен едің, 
Арман тиелген кеме едің. 
Ұлылық деген ұғымға 
Тек сен ғана тең едің. 
Алаштың үнін бір өзің 
Өзгелермен теңедің (Д. Мәсімхан).
Прецедентті мәтіндегі І жақ ІІ жаққа ауыстырылып, мелиоративті 
лексикамен түзілген еліктеу сыртқы коммуникацияға, демек, әрі өз объектісіне, 
әрі оқырманға бағытталған.
Ал перифраз сияқты екінші туындыда немесе интертексте претекстің 
лексика-фразеологиялық қабаты, синтаксистік, метрикалық құрылымы 
цитатаға алынғанмен, екі мәтін семантикасы мүлде қайшылықты болады: 
Мен, мен едім, мен едім, 
Мен студент кезімде 
Еңіреп жүрген ер едім. 
Арғымақ мініп таксиден, 
Сайран салған сері едім. 
Мұндағы коммуникация ішкі, яғни автор-субъект пен субъект арасында 
болғандықтан, бағалауыштық немесе пародиялық, комикалық мән субъектінің 
өзіне қарай ауысқан.
Махамбеттің бір ғана өлеңі әрі еліктеуге, әрі перифразға претекст болып 
тұр.
Бұл мысалдардан байқалатыны - орыс және шетел зерттеушілерінің 
интертекстер топтамасына кіргізіліп жүрген еліктеу, стилизация көбіне 
құрылымдық деңгейдегі цитацияға негізделсе, пародияда немесе перифразда 
оған қоса семантикалық контраст та қамтылады.
Прозалық пародияға мысал ретінде Т.Шапайдың «Диссертация» әңгімесін 
айтуға болады (толық келтіруді жөн көрдік): 
Тақырыбы: Арба 
Кіріспе 
Арбаны осы күнге дейін ешкім зерттемегендіктен, біз зерттейміз. 
1. Зерттеудің маңыздылығы. Өте маңызды. 
2. Зерттеудің жаңалығы: Тарихи-типологиялық, тарихи-салыстырмалық 
әдістемелерін негізге ала отырып, арбаның түрлерін анықтадық. Олар: ат 
арба, есек арба, өгіз арба, қол арба, ескі арба, жаңа арба... қазақ арба, орыс 
арба... және тағы басқа арбалар. Бұл – зерттеуіміздің жаңалығы болып 
табылады. Ал, негізгі жаңалықты қазір негізгі бөлімде айтамыз. 
Негізгі бөлім 
І тарау. Мынау – арба. 
ІІ тарау. Ал, мынау - арбаның дөңгелектері. 
ІІІ тарау. Осы дөңгелектер болмаса, осы арба жүрмес еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет