83
Перифраз терминінің мәтін деңгейін қамтитын тағы бір мағынасы бар
екені және ол мәтінаралық байланыстар теориясы үшін аса маңызды екені
ескеріліп жүрген жоқ. А. Квятковскийдің сөздігінде
бұл терминнің мынадай
анықтамасы беріледі: «Жазушының белгілі шығарма формасын пайдалануы,
бірақ онда айрықша қарама-қарсы, көбінесе сатиралық мазмұн беріліп,
түпнұсқаның синтаксистік құрылысы мен шумақ саны, кейде тіпті жекелеген
лексикалық құрылымы да қатар сақталады» [79, 209].
Ал екінші (туынды) мәтіндер арасында перифраз – «суреттеу
нысаны
шындық болмыс болып табылатын туынды мәтін: оның формасы перифраздың
авторы оң қарайтын, кеңінен белгілі қандай да бір шығарманың стиль
ерекшеліктерін жаңғыртып, қайталап туындатады: автордың бағасы болмыстың
суреттеліп отырған қырларына бағытталады, ал «өзгенің стилін» қолдану
форма мен мазмұнның сәйкес келмеуі есебінен комизм тудыру мақсатын
көздейді» [106, 88] деген анықтаманы байқауға болады.
Мұндай перифраздар
қазақ әдебиетінде жиі кездеседі.
Оқырмандардың ұлттық когнитивтік кеңістігінде ерекше орын алатын
пародияның бірі – Абайдың «Интернатта оқып жүр» өлеңі. Осы өлеңнің бірінші
жартысының буын, бунақ өлшемі мен ұйқасын бірден еске түсіретін «Англияда
оқып жүр» перифразында автор Абай өлеңінің сатиралық семантикасын сақтай
отырып, өзі куә болып отырған дәуір шындығын көрсетеді. Перифразда
лингвистикалық және әлеуметтік-тарихи вертикал контекст ұштаса келіп,
сатиралық семантика түзген, яғни объектінің әлеуметтік жағдайы, өскен
ортасы,
алған тәрбиесі, білімі, тәртібі туралы ақпар әрі эксплицитті, әрі
имплицитті берілген. Бұл шығарманың концептуалды-мазмұндық ақпарын
түзуде қаламгер Абай өлеңінің контексіне сүйенген, претекстің лексикалық
құрылымы перифраздың сатиралық мәнін өзектендіретін бірден-бір контекст:
АНГЛИЯДА ОҚЫП ЖҮР
Англияда оқып жүр,
«Дөкей» көкем баласы.
Новый қазақ, бундурхит,
Ана тілдің шаласы.
«Балам бәрін білді» - деп
Секеңдейді анасы.
Басында жоқ олардың
Историяның саласы.
«Дача», «Вилла» дәруі
Салсам деген таласы.
«Заявление» жазуға
Ұрысса келер шамасы...
Жігерсізге не керек,
Тек «доллар» ғой шарасы.
Жуып, кием демейді,
Кірленсе көйлек жағасы.
...Болмаса ісі «қулықсыз»
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
84
Ілінбес қыздың сарасы.
Сол «мистерді» азсынса,
Қашса, кейін қашқынша,
«Кім кінәлі?» - қарашы.
«Көкем» дұрыс айтпайды,
Шаша бер деп олжаңды.
Ойнағаны «казино»,
Кім құтқарар ол жанды?
Жасаса да болжамды,
Бұл «азартқа» кім тартты?
Я, ағылшын баласы,
Я, немістің данасы?!.
Миында жоқ бірінің
Ақыны мен термеші...
«Я кемірсем, я жесем
Қоям» деген бір-ақ ой,
Ісінің жоқ мазасы.
«Поняткасы» кімнің бар болса,
Түсінер бәлкім санасы,
«Скажите» болсаңыз
«Конкретный»
Қандай болар бағасы? (Е. Сапаров)
Атауының өзі осы перифразда тілдің түрлі деңгейіндегі цитаталардың бар
екенін
көрсетеді, сол себептен әр қилы ассоциациялар тудыруға, болжам
жасауға, интерпретациялауға негіз бола алады. Эмоционалды мәні жағымсыз
лексика, қазіргі қазақ қоғамына тән жаргондар (
дөкей, көкем, новый қазақ,
Достарыңызбен бөлісу: