95
Интертекстуалды байланыстар уақыты жағынан бұрын және кейін пайда
болған көркем мәтіндердің арасындағы, бір
функционалды стильге жататын әр
жанрдағы көркем мәтіндер арасындағы семантикалық сабақтастықты, көркем
мәтін мен басқа функционалды стильдегі мәтіндердің өзара байланысын,
көркем мәтін мен басқа семиотикалық жүйеге жататын мәтіндердің қатысын,
көркем мәтін мен түрлі тарихи-әлеуметтік, саяси-қоғамдық деректермен
астарлы байланысын және бір автордың әр уақытта жазған шығармаларының
арасындағы байланыстарды көрсетеді. Бұл байланыстардың тілдік көріну
механизмдері мен
олардың мәтіндегі позициясына, қызметіне, екі мәтіннің
қабысу тәсілдеріне байланысты бірнеше топтамасы болғанмен, олар, негізінен,
мынадай түрлерге бөлінеді: 1) цитаталық тақырып, 2) эпиграф, 3) қыстырынды
романдар, 4) хаттар, 5) күнделіктер, 6) цитаталар, 7) аллюзия, 8)
реминисценция.
Қазақ көркем әдебиетінде кездесетін интертекстуалды элементтер
типологиясын төмендегіше құруға болады: цитата және цитация, аллюзия және
реминисценция, центон интертекстер, мәтін ішіндегі хаттар, құжат негізді
интертекстер, синкретті интертекстуалдылық, роман ішіндегі роман, мәтін
ішіндегі күнделік және түс, пародия және перифраз, мәтіндерді жалғастыру.
Көркем мәтіннің вербалды құрылымындағы сөйлеу
субъектісі өзгеруінің
нақтылығына орай ішкі немесе сыртқы интертекстуалдылықты ажыратуға
болады, яғни интертекстуалдылық өмірде нақты бар прецедентті құбылыс
цитациясына негізделсе, сыртқы болып есептеледі. Егер шығарма авторы
интертекст ретінде өз қиялынан туған сурет, құжат, хат яки күнделікті
пайдаланса, оны ішкі интертекстуалдылық деп атайды. Аталған келтірінді
элементтер проза және поэзия жанрындағы көлемді және шағын туындыларда
ұшырасады.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
96
2 ТІЛДІК ТҰЛҒА ЖӘНЕ ПРЕЦЕДЕНТТІЛІК ФЕНОМЕНДЕРІ
2.1 Тілдік тұлға және интертекстуалдылық
Көркем шығарманы зерттеу аса қарқын алған 20-ғасырдың 60-жылдарынан
бастап түрлі бағыттар қалыптасты. Алайда бұл бағыттардың барлығы да, сайып
келгенде, көркем әдебиеттің эстетикалық-коммуникативтік табиғатынан
туындайтын автор – мәтін – оқырман триадасын ескеретін еді. Себебі автор
туындысы оқырманға жеткеннен кейін сол оқырманның жасы, ұлты, білімі,
өмірлік тәжірибесі,
әлеуметтік жағдайы, қоғамдық мәртебесі сияқты түрлі
параметрлер
бірлігінен,
жиынтығынан
тұратын
пресуппозициясына
байланысты әр қилы қабылданып, интерпретацияланатыны айқын. Бұл тұрғыда
оқырман қолына алған мәтінді толық, автордың ұстаным-ниетіне сай түсінуі,
қабылдауы үшін оның лексика-фразеологиялық қабатындағы барлық
бірліктерді дұрыс, өз мәнінде түсінудің маңызы зор, яғни оқырманның тілдік
тұлға ретіндегі құзіреті өз дәрежесінде болуы керек. Ал тілдік тұлғаның
құзіреті оның интеллектуалдық әрекетіне тікелей әрі тығыз байланысты екенін
көрсете келіп, Ю.Н. Караулов тілдік тұлға құрылымының үш деңгейден
тұратынын айтады: а) вербалды-грамматикалық; ә) когнитивтік; б)
прагматикалық. Ғалымның пікірінше: «Бұл деңгейлердің әрқайсысы өз
бірліктерінің жиынтығымен сипатталады, олар тіл үйрену кезінде
қолданылатын барлық бірліктерді қамтиды да, аталған деңгейлердің
ерекшелігіне сәйкес бөлініп отырады» [110, 672]. Тілдік тұлға құрылымының
соңғы деңгейін көрсететін тілдік бірліктер туралы ғалым былай дейді: «Тілді
тұтынушының интенциясы мен мақсаттарын, оның өмірдегі белсенді
позициясын және, тиісінше, оның әлем бейнесінің динамикасын көрсететін
прагматикалық деңгей бірліктерінің жиынтығына пресуппозиция, дейксис,
рефлексия элементтері, баға, «ұйытқы сөздер», прецедентті мәтіндер,
аргументация тәсілдері, «сценарийлер», жоспарлар, сондай-ақ өзін-өзі көрсету
бағдары жатады (программы поведения)» [110, 672]. Сондықтан көркем
мәтіннің мазмұндық-нақты ақпарында, демек, оның вербалды қабатында түрлі
интертекстуалды байланыстардың келтірілуі және олардың ашылуы тілдік
тұлға ретіндегі автор мен оқырманның тілдік құзіретіне тәуелді.
Тілдік тұлғаның жады тіл жүйесінің
заңдылықтары мен лексика-
фразеологиялық қазынасын ана сүтімен бойға дарытумен қатар, ұланғайыр
білімді түрлі мәтіндерден алады, яғни өз ғұмырында оқыған сан алуан кітаптар
қайтсе де оның жадында өз ізін қалдырады. Ол із шығарманың мазмұны,
сюжеттік желісі, образдар жүйесі ғана емес, автордың немесе кейіпкердің тілдік
тұлғаға ерекше әсер еткен сөзқолданысы да болуы мүмкін. Ондай сөзқолданыс
жеке сөз, сөз тіркесі, сөйлем немесе мәтін фрагменті ретінде оқырман жадында
өзінің бейнелілігімен, құрылымдық әсерлілігімен, көп мағыналылығымен
еріктен тыс сақталып қалады да, кезі жеткен, қажет болған уақытта қайта еске
түсіріліп, жаңа жағдайда, жаңа мәтінде пайдаланылуға бейім болады. Олар
адам жадында белгілі бір тақырып немесе оқиға төңірегінде емес, бей-берекет
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
97
(хаосты түрде) орналасып, белгілі бір ассоциация негізінде еріктен тыс еске
алынып, қолданысқа түседі. Бұл жағдайда ондай фрагменттерді оқырман
немесе тыңдаушы оқып яки тыңдап отырған мәтіннің жекелеген оқиғасының
бір ғана белгісі өзектендіреді. Мәтінаралық байланыстардың маркері саналатын
мұндай келтірінді құрылымдардың өзектенуіне уақыт әсер етпейді. Претексті
өмір жасының қай кезеңінде оқыса да, ол адам жадында ұзақ мерзім сақталып,
қатталып жата береді де, тек нақты қажет болған кезде ғана өз бетінше
актуалдана алады. И.П. Смирнов [18, 126] адам жадының бұл түрін
семантикалық деп атайды да, мәтінаралық байланыстар теориясының дамуын,
зерттелуін осы құбылыспен байланыстырады.
Тілдік тұлғаның жадында өзінің жекелеген үзіктерін қалдыратын мәтіндер
тек бір ғана функционалды стильге жатпауы мүмкін. Ондай мәтіндердің
қатарында жалпыға ортақ сакральді мәтіндерден бастап, функционалдық,
жанрлық сипаты жағынан мүлде ұқсамайтын мәтіндерді атауға болады.
Ұлттық тілді тұтынушы тілдік тұлғаның құзіреті мен жады қалай
қалыптасатыны жөнінде А. Байтұрсыновтың пікірі бұдан 80 жылдай бұрын
жазылса да, дәл қазіргі заманғы психолингвист айтқандай әсер қалдырады:
«Адам ана тілін жасынан естуінше үлкендерден үйренеді. Сонан соң тіл
танытқыш кітаптардан таниды.
Онан кейін үлгілі жазушылардың сөзін оқып,
өзі іс жүзінде иә ауызша айтып, иә жазып қолданумен біледі» [1, 349]. Бұның
ақиқаттығын А.Сүлейменовтің «Бесатар» повесіндегі басты кейіпкердің бірі
Сәруардың үлгісінде көрсетуге болады:
«Сәруар, әсте, өлең жаттамайтын.
Достарыңызбен бөлісу: