Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


«Туғанда дүние есігін ашқан өлең»



Pdf көрінісі
бет82/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   118
Байланысты:
Әділова. Көркем мәтін. Цитация

«Туғанда дүние есігін ашқан өлең» 
Мен саған жетіп едім жалғасқалы. (Ғ. Жайлыбай) 
Байқалып отырғанындай, алғашқы мысалда интертекст автор тарапынан 
ешқандай да ресімделмеген, ал екіншісінде графикалық тұрғыда ерекшеленген. 
Интертекст оны қолданған қаламгерге претекстің мән-мазмұны мен өз 
шығармасының семантикасын қоса алып, жаңа контекст жасауға, дамытуға, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


129 
яғни оған жаңа мән үстеуге, мәтін модальділігін байқатуға, бағалауыштық 
қызметте қолдануға мүмкіндік береді. Мәтін ішіндегі мәтін кейде өзі енгізілген 
мәтінмен тұтасып, оның семантикасын толықтырып, байытатыны соншалық, 
оның басқа контекстен алынғаны, жаттығы, бөгделігі еш сезілмейді. Мысалы: 
Көп ішінен іздеп тапқан батырым, 
Баспай анық, жүрмей кеткен ақырын
Ағыл-тегіл құт бермек ем мен саған, 
Аз нәрсеге жетпеген-ай ақылым. (Ж. Сәрсек) 
Осы өлең шумағында Абайдың «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес 
далаға» жолдары өзгеріске ұшыраған: поэзияның дистинктивті ерекшеліктеріне 
сәйкес инверсияланып, претекстегі болымдылық жаңа контекске, семантикаға 
сай болымсыздық мәнге ауысқан. 
Интертекстуалды байланыстар кейде құрылымдық деңгейде байқалады:
Жерден сырлас таппадым сөз ұғарға, 
Көкте жүрген көзелдің көзі бар ма? 
Тіршіліктен түңілген тамам бала, 
Өзін асып жатыр ғой өзі дарға. 
Жау жықпаған қазақты арақ жығып, 
Қайта басты даламды қараңғылық.
«Қартта – мейір, балада – пейіл қалмай» 
Әлекедей жалаңдар арам қылық. (Ұ. Есдәулетов) 
Бұл мысалдағы автор ресімдеуі - оқырманға интертексті таныту құралы. 
Претекст құрылымдық-семантикалық деңгейде болғандықтан, лексикасы 
өзгерген. Алайда Абайдың «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлеңіндегі 
«Байда бейіл, жалшыда мейір де жоқ, аңдыстырған екеуін, құдайым-ай» 
жолдарын трансформациялау арқылы ақын тұтас өлең семантикасындағы екі 
әлеуметтік топ өкілдері арасындағы бітіспес рахымсыздықты, қайшылықты 
қазіргі заман шындығымен қатар қойып, мүлде жаңа, соны контекст жасайды.
Кейде тілдік қоғамның мүшесі өз жадында сақталып қалған түрлі (мәдени, 
әдеби, әлеуметтік, психологиялық, саяси) деректерді әр қилы трансформацияға 
түсіріп, сөз мағынасын дамыту, өзгерту арқылы жаңа бір мәтінге (ауызша, 
жазбаша) енгізеді. Бұл үдеріс кейде саналы түрде болса, кейде еріктен тыс 
болуы да мүмкін. Ол адамның тілдік-мәдени құзіретіне, когнитивтік кеңістігіне, 
пресуппозициясына байланысты болады. Мәселен, Д. Исабековтің «Пері мен 
періште» повесіндегі мына үзіндіні қарастыралық: «Тыныс алғаны да 
сезілмейді. Оның жүзінде әбіржу де, қайғыру да, опыну да жоқ, сүйікті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет