Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


жұмыстан босатсаңыз екен» деп арыз жазыпты



Pdf көрінісі
бет90/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   118
жұмыстан босатсаңыз екен» деп арыз жазыпты.
Сол кездегі Баспалар комитетінің төрағасы Шериаздан Елеукенов арызға 
бірден қол қоя салмай, Қабдешті кабинетіне шақырып жөн сұрайды: 
- Қартайып тұрған жоқсың. Қызметтен кеткенің қалай? Әлде бізге өкпең 
бар ма? – десе керек. 
Сонда қалайда қызметтен кетуді ойлаған Қабдеш сөз аяғын әзілге 
айналдырып: 
- Маған бірегей қызмет бермедіңдер, плебей болып менің жүргім 
келмейді. Сірә, мен осы аға редакторлықтан түсіп қалмай тұрғанда, 
қызметтегі карьерамды аяқтағаным жөн шығар, - депті.» 
Бұдан байқалатыны, претекстер ұлттық, әлемдік болумен қатар, автордың 
жеке өзінікі де болуы мүмкін. Яғни автор өзінің бұрын жазған шығармасын 
кейінгі мәтінге претекст ретінде кіргізе алады. Бұл мәтінаралық байланыстар 
теориясында автоинтертекстуалдылық немесе автоцитация, автореминисценция 
деп аталады. Ғылыми айналымдағы әдебиеттерде мұндай құбылыстар әр 
дәуірде өмір сүрген қаламгерлер шығармашылығында кездесетіні туралы 
деректер аз емес [79, 238; 47, 112; 24, 82]. 
Америкалық зерттеуші О. Роненнің пікірінше, автоцитация – бір автордың 
түрлі 
шығармаларын 
байланыстыратын 
«лексика-семантикалық 
қайталамалардың тізбегі», яғни мәтінаралық қайталама болса [70], Т. 
Сильманның ойынша, белгілі бір қаламгердің бір көркем шығармасындағы 
мәтінішілік қайталамалар түрлі ассоциациялар тудырып, бағалауыштық мәнге 
ие болғандықтан, символға айналса, автоцитация деп саналады [147]. Біздің 
ойымызша, мәтінішілік қайталамалар көбінесе экстралингвистикалық 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


137 
сипаттағы мазмұндық-астарлы ақпарды вербалдайды, сондықтан автоцитата 
терминін анықтауда біз О. Роненнің анықтамасын ұстанамыз. 
Докторлық диссертациясында автоцитацияға жеке бөлімше арнаған 
ресейлік ғалым Н.В. Семенова бұл құбылыстың көркем шығармадағы қызметі 
туралы кейбір зерттеушілердің (18; 148) пікірлерін келтіре отырып: 
«Автоцитация фактісі автоцитатаның пародиялық қызметте қолданылуы 
арқылы дәлелдене алады» дейді де, өз тұжырымын Набоков мәтіндерінде 
барлық деңгейде кездесетін автопародия арқылы дәйектейді [57, 224]. Ғалым 
автоцитаталар «басқа да қызмет» атқара алатынын көрсеткенмен, пікірін 
тереңдетпейді. Біздің ойымызша, автопародия әдеби үдерісте мейлінше сирек 
кездеседі, сондықтан автоцитата претекст және интертекст тұрғысынан, 
олардың бір-бірімен семантикалық байланысының вербалдануы тұрғысынан 
қарастырылуы қажет. Бір автор шығармашылығындағы мәтіндерді салыстыру 
нәтижесінде қайтсе осы мәселе туындайды, өйткені оның мәтіндері арасында
«басқаларына қарағанда (жанасатын, түсіндіретін) метатекст – немесе 
автоинтертекст - рөлінде көрінетін бір мәтін болады, немесе бұл мәтіндер бір-
бірінің мән-мағынасын өзара толықтырып, әрқайсысының беткі семантикалық 
өзгерулерін көрсетіп, мәтін-метатекстік тізбек құрайды...» [100, 91]. 
Автоцитацияның көрінісі әр түрлі болады, кейбір шығармаларда қаламгер 
өзінің бұрынғы шығармасында қолданған сөз, сөз тіркесі немесе сөйлемге 
вербалды түрде сілтеме жасаса, кейбір шығармаларда ондай маркерлер 
берілмейді. Ондай байланыстарды оқырман өз тарапынан орнатуы керек. 
Мысалы, 
Сіз – тау, жартас, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет