130
кесектей езіліп, жаншылып, ішкі дүниесіне қара қан боп тамшылап
таусылғанша төзіп бағады».
Үзінді семантикасы бірден Абайдың қалың көпшілікке жақсы таныс өлеңін
еске түсіреді:
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да.
Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да.
Сорлы асық сарғайса да, сағынса да,
Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да,
Шыдайды риза болып жар ісіне ,
Қорлық пен мазағына да табынса да!
Келтірілген екі мәтіннің арасында
ешқандай ашық байланыс жоқ, алайда
прецедентті мәтін вербалданатын
феномен болғандықтан, екі мәтінді
лексикалық деңгейде салыстыру қажет.
Прозалық шығармада претекст
мағыналық ұйытқы сөздердің парадигматикалық және синтагматикалық
қатарлары арқылы вербалданған және авторға екі бірдей кейіпкерін мінездеуге,
өзінің субъективті пікірін білдіруге жәрдемдеседі.
Абайдың тағы бір шығармасын келесі үзіндінің
претексі деп есептеуге
болады:
«Қиырдан келіп, күнде мойнына оратылып, аймалап-құшып,
қойнына түнеп кететін опасыз бұлттардың не сыбырлағанын есіне түсіре
алмай,
шым-шытырық түсініксіз түс көргендей басы зеңіп шыңдар түнереді.
... Шың түбінде тостағандай дөңгеленген тұнық көлдің аспан түсті айна жанары
мөлдіреп, көкке бағып,
мұңаяды – жаңалық күтеді!».
Т. Шапайдың «Жаңалық тыңдаңыз» әңгімесінің үзіндісі мен Абай өлеңі
арасындағы байланыс лексикалық деңгейде танылады:
Достарыңызбен бөлісу: