Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет99/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   118
қой жауды, арман не, құрбым»  жолдарын (жанындағы досымен, бастығымен, 
тіпті қоғамдық көліктегі мүлде танымайтын адаммен сөзге келіскен) түрлі 
ситуацияларға бейімдеп қолданушы тілдік тұлғалар бар. М. Мақатаевтың «Сен 
мені, сезесің бе, неге іздедім?» жолын өз ниетіне сай «Білесің бе, мен сені неге 
іздедім» деп өзгертіп қолданушы туралы да осыны айтуға болады. Мұндай 
тұлғалармен сөйлесу барысында «қандай жауды жеңдің? қашан, қалай? неге, 
қашан іздедің?» сияқты қарсы сұрақтар арқылы коммуникация орнатылып, әрі 
қарай жалғастырылады. Бұл қолданушылар локалды кеңістікте жаңағы 
интертексті насихаттаушы деуге де болады. Интертекстің бұлайша ауызекі 
сөйлеу тілінде локалды кеңістікте, локалды уақытта аз ғана рет жұмсалуын 
кейбір зерттеушілер (156; 50) коммеморат деп атайды, яғни коммуникация сөзі 
терминнің сыртқы формасына негіз болған. Қолданыс жиілігіне, көптігіне 
байланысты мұндай интертекстердің бірте-бірте қанатты сөздер қатарына да 
өту мүмкіндігі бар екенін айта кетуге тиіспіз.
Осындай жағдайларды ескерген Г.В. Денисова интертекстердің қызметін 
10-ға бөледі: 1. Интертекст - коммуникацияның алғашқы құралы; 2. Интертекст 
– ойын мезетін құру құралы; 3. Интертекст – бағалаудың жасырын құралы; 4. 
Интертекст – реципиентті сендіру құралы; 5. Интертекст – коммуникативтік 
әсер ету құралы; 6. Интертекст – ойды кіргізудің өзіндік құралы, пайымдаудың 
алғашқы баспалдағы немесе контакт орнату тәсілі; 7. Интертекст - өзіндік 
интерпретатор; 8. Интертекст – семантикасы және/немесе стильдік бояуы 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


150 
бойынша қарама-қарсы контекске түсіру жолымен пародиялау тәсілі; 9. 
Интертекст – «өз адамдарына» қарасты эрудиция көрсету тәсілі; 10. Интертекст 
– мәтінді айшықтау тәсілі [13]. 
Ғалым тізіп көрсеткен қызметтер, негізінен, жоғарыда көрсетілген 
классификацияның ұсақталған түрі деп айтуға болады. Жасырын 
бағалауыштық қызметі және қарым-қатынастың алғашқы құралы екендігінен 
басқа бесеуін сілтемелік қызмет тобына кіргізуге болады. Тек стилистикалық 
контраст контекске түскен интертекстердің барлығы пародия болмайтынын 
айта кеткен жөн. Сондай-ақ ғалым жіктеуіндегі интертекстердің бірінші 
көрсетілген қарым-қатынас орнатушы қызметі кең мағынада мәтін түзушілік 
қызмет атқаратынын ескере отырып, өз тарапымыздан көркем мәтіндегі 
интертекстердің қызметін бес топқа біріктіруді ұсынамыз: 1. Интертекстердің 
сілтемелік қызметі; 2. Интертекстердің мәтін түзушілік қызметі; 3. 
Интертекстердің бағалауыштық қызметі; 4. Интертекстердің айшықтаушы 
қызметі; 5. Интертекстердің парольдік қызметі. 
Әрине, көркем мәтінде интертекстердің тек бір ғана қызметі емес, 
бірнешеуі қатар байқалады. Көбінесе сілтемелік және бағалауыштық қызметі 
қосарлана көрінеді, өйткені интертекст авторы өзі эталон немесе түкке 
тұрғысыз деп таңдап алуының өзімен-ақ претекске және оның авторына 
бағалауын да, сілтеуін де көрсетеді. Ал бұл автор мен оқырман үшін 
интертекстер қызметі үнемі сәйкесе бермейтінін көрсетеді.
3.1 Интертекстердің сілтемелік қызметі 
Интертекстуалды элементтердің сілтемелік қызметі түрліше вербалданады. 
Интертекстуалды элементтерді автор көбіне өз шығармасының 
семантикасын оқырманның толық түсінуі үшін қажетті басқа мәтінге сілтеме 
ретінде қолданады. Интертексте оқырман толық немесе жете түсініп, 
қабылдамаған локальді позицияларды претекст контексін еске түсіру арқылы 
түсінуге болады. Бұл жағдайда оқырман интертекст пен претекст контекстерін 
қатар алып, салыстыру, қарсы қою нәтижесінде оны өзі оқып отырған мәтін 
ақпарына үстемелеп, сонымен толықтырады, байытады. Көбіне сілтемелік 
қызметті эпиграф-интертекст атқарады. Мысалы, өткен ғасырдың басында өмір 
сүрген С. Дөнентаевтің «Бозторғай» және со ғасырдың 70-жылдарының 
аяғынан бастап шығармашылықпен айналыса бастаған Е. Раушановтың 
«Білмеймін» өлеңдерінің арасындағы семантикалық байланыс осыны 
дәлелдейді. Прецедентті мәтінде вербалданған күш, билік иелерінің әлсіздерге 
жасаған зорлық-қысастығы арада қанша уақыт өтсе де, әлеуметтік формация 
өзгерсе де сол қалпында қалып отырғанын кейінгі мәтін көрсетеді. Екі мәтін 
арасындағы байланысты претекстен алынған эпиграф қана емес, мезгіл 
қатынасты білдіретін лексикалық индикатор, яғни мәтін континуумын 
анықтайтын тілдік бірлік те (әлі) нақтылайды:
Бозторғай 
зорлық 
көріп
тұрымтайдан...
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


151 
С.Дөнентаев.
. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет