147
Тілдік тұлғаның жеке когнитивтік кеңістігі отбасылық, ұжымдық, кәсіби,
діни танымдық кеңістігінен тұрады және сол тұлға өмір сүріп отырған
қоғамның ұлттық-тілдік-мәдени танымдық базасына негізделеді. Мәтінаралық
байланыстарға негіз болатын прецеденттілік феномендері осы когнтитивтік
кеңістіктен алынады, өйткені олар белгілі бір дәрежеде сол қоғам мүшелерінің
бәріне дерлік таныс болады. Көркем шығармада прецедентті құбылыстардың
негізгі атрибуттары немесе перифериялық бір белгісі өзектендірілуі мүмкін.
Тілдік тұлғаның когнитивтік деңгейінің интертекстуалды құрылымы үш
қабаттан тұрады: интертекстуалды өзегі, динамикалық интертекстуалды қабаты
және перифериялық интертекстуалды қабаты. Бұлардың әрқайсысының өзіндік
ерекшелігі
болғандықтан,
интертекске
негіз
болған
прецеденттілік
феномендерін автор қолдануында және оларды оқырман тануында,
интерпретациялауында айырмашылықтар болып жатады.
Прецедентті құбылыстар өзінің репрезентациясына
қарай вербалды және
вербалданатын феномендер деп екіге бөлінеді. Вербалды прецедентті
құбылыстарға прецедентті атаулар мен прецедентті айтылымдар жатса,
вербалданатын феномендерге прецедентті мәтіндер мен прецедентті
жағдайларды кіргізеді. Бұлардың арасында тек прецедентті атаулар ғана еш
өзгеріссіз басқа мәтінде келтіріле алады, ал басқалары түрлі трансформацияға
ұшырауы мүмкін. Прецедентті мәтіндер мен жағдайларды вербалдайтын
лексика мәтіндегі мағыналық ұйытқы сөздермен парадигматикалық,
синтагматикалық, эпидигматикалық байланыстар негізінде түзіліп отырған
интертекске қосымша мән-мағына үстейді.
Прецедентті құбылыстар
өздерінің таралу шегіне, қамтитын білім аясына
сәйкес социумды-прецедентті, ұлттық-прецедентті және универсалды-
прецедентті деп ажыратылады.
Прецедентті атаулар ономастиканың әр саласына қатысты онимдерді
қамтиды да, әр қаламгер шығармашылығында ол атауда қатталған ақпардың ең
негізгісі яки жанамасы алға шығарылуы ықтимал.
Прецедентті айтылымдар кейде өзгеріске түссе, енді бірде еш өзгертілмей
қолданылады. Олар көбінесе синтаксистік трансформацияға ұшырайды.
Прецедентті мәтіндер көбінесе жеке сөз, сөз тіркесі,
сөйлем цитациясы
арқылы вербалданып, автор тарапынан кейде маркерленсе, кейде
ресімделмейді, яғни оқырман оны өз тілдік құзіреті шегінде өзектендіре алады.
Претекстерді күшті әдеби мәтіндер, әлсіз әдеби мәтіндер, күшті әдеби емес
мәтіндер және автопретекстер деп бөлуге болады. Кейде автордың жеке аясына
қатысты ақпар аллюзиямен немесе реминисценциямен беріледі. Аллюзия
оқырман үшін толық түсінікті болмауы мүмкін, ал реминисценцияны автордың
өз сілтемесімен нақтылауға болады.
Прецедентті жағдайлардың таңбасы ретінде
прецедентті атаулар немесе
сол жағдайды вербалдайтын концептілерді атауға болады, бұл концептілерде
автордың ұлттық болмысы, ділі қайтсе көрінеді. Прецедентті жағдайларды
сипаттайтын шығармалар интертекстуалды мәтіндер парадигмасын құрайды.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
148
3 ИНТЕРТЕКСТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ
Интертекстер көркем мәтінде түрлі қызмет атқара алады. Интертексті өзі
түзіп отырған текске кіргізгенде қаламгерлер қандай мақсатты көздейтіні
туралы зерттеушілер пікірінде бірізділік жоқ. Ғылыми дискурстағы
интертекстуалдылық мәселелерін қарастырған Е. Михайлованың ойынша автор
өз шығармасына интертекстерді 4 түрлі мақсатпен енгізеді: 1)
референциялық
Достарыңызбен бөлісу: