Адамзаттың асыл тәжі мұхаммед (с а. у.) пайғамбардың өмірі



бет57/107
Дата21.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#142185
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   107
Онсыз да қурады…
Мал-мүлкінің, жиған-тергендерінің оған титтей де пайдасы болған жоқ.
Ол жалындаған отқа күйетін болады…
(Пайғамбарға қарсы шыққан оның) әйелі де (тозаққа) отын тасушы боп бірге түседі.
Мойынында есілген арқан байланған күйде…”
Расулаллаhқа, хақиқатқа наразылық білдірген кім де болса, Аллаh ақыр соңында өз нұрын тәмамдары хақ…
Осыны білгендіктен Мұхаммед (с.а.у.) қаншалықты наразылыққа ұшырап, қарсылыққа душар болса да, еш мойымастан алған бағытымен ілгерілей берді.
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗҒА ЖАСАЛҒАН
ЗҰЛЫМДЫҚТАР
Сафа төбесінен ашықтан-ашық пайғамбарлығын жариялап, жалпы халықты Исламға шақырған үндеуінен соң Мұхаммедке (с.а.у.) құрайыш мүшріктері арасынан қарсылық білдіріп, қастандық ойлаушылар көбейді. Мүшріктер зұлымдық жасауда бірінен бірі қалыспады.
Ал пайғамбарымыз болса, қажымай-талмай халқын тәухидке шақыра берді. Мүшріктер қасарысып аталарының дінін – пұтқа табынушылықты үдете түсті.
Мұхаммед (с.а.у.) оларды адамгершілікке, түсіністікке, екі дүниенің ләззатына шақырған сайын көңіл көздері байланған бейбақтар жарқанаттың жарықтан қашқаны сияқты бақилық бақыттан бас тартты.
Екі дүниенің сұлтаны оларды адамгершілік қасиеттерге үндеген сайын тас түнекке телміргендер кеуделерін көтеріп, айуандықтарын асыра түсті.
Әлемдердің мақтаны қапастағы көңілдерді мәңгі әдемілікке, өшпес әсемдікке, ғажайып өмірге тартса, олар оны кеудесінен итеріп, білгеннің тілін алмай қатал қарғысқа ұшырады.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) өсиет, уағыздары арқылы қарайған көңілдерді пенделік тірліктен періштелік биікке көтеруге ұмтылды. Бірақ олар текетіресіп бақты. Жақсылыққа ермегендерімен қоймай кірленген көңілдер Хазіреті Мұхаммедке сәт сайын залал келтіруден танбады, қаскөйлік әрекеттерін жалғастыра берді.
Залымдар зұлымдық жасауда бір-бірімен сайысып, ойларына келгенін істей берді.
Ал Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) болса, наразылық күшейген сайын өзін-өзі қайрап, жігерленді.
Өйткені, қашанда ақ, адал жандардың, тура жолдағылардың дұшпаны көп. Бұл мәселеде Мұхаммед (с.а.у.) өзіне дейін өткен пайғамбарлар өмірін өнеге тұтты.
Адамзат жаратылғалы бері адалдықтың жолы ауыр, пайғамбар атаулының бәрі басына не күн туса да шыдамдылықпен төзе білген. Сабыр түбі – сары алтын демекші, әрқашан аққа – Аллаh жақ. Қара пиғылдылардың басым түскені дүние жалғанда болмаған. Егер сенің мұратың- Аллаh жолына қызмет ету болса, тартынатын тіпті ештеңе жоқ. Бір жүз жиырма төрт мың пайғамбар Аллаhтың әмірімен өз міндеттеріне кіріскен шақта небір сорақылықтың, дарақылықтың тақсіретін тартқан. Қорлық пен зорлыққа кеуделерін керіп, шегініс дегенді білмеген. Қайраттары қажымаған, жігерлері жаншылмаған, мұраттары мұқалмаған. Өйткені олар наразылықты – ілхамның27 қайрағы деп білген, пікірлер қайшылығы, көзқарастар сәйкессіздігі ақиқатты туғызатындығына кәміл сенген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет