Адамзаттың асыл тәжі мұхаммед (с а. у.) пайғамбардың өмірі


Әбу Ләһаб бастап, әйелі қостап…



бет58/107
Дата21.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#142185
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   107
Байланысты:
Adamzatty 1187 asyl t 1241 zhi 1

Әбу Ләһаб бастап, әйелі қостап…
Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) қарсы шығып, өле-өлгенше өрескелдігін тыймаған қара ниеттілердің көшін бастаушы– туысқаны Әбу Ләһаб пен оның әйелі Үммү Жәміл болды.
Қаскүнем Әбу Ләһаб пайғамбардың басқан ізін аңдып, халыққа әлдеқалай уағыз айта бастаса, аузына қақпақ болуға тырысып, жағаласып, Расулаллаhтың айтқандарын жоққа шығарып, тайталасатын, елдің санасын улайтын.
Оның мақсаты – Мұхаммедтің (с.а.у.) дінін таратпау .
Бір күні Хазіреті Расулаллаһ Уқаз жәрмеңкесінде қалың көпшілікке Аллаhтың бірлігін, өзінің пайғамбарлығын мойындауға шақырып:
“Уа халайық, лә иләһә иллаллаh деп мәңгі азаптан құтылыңдар”– деп насихатын бастай бергені сол еді, Әбу Ләһаб килігіп кетіп:
“Ей адамдар, бұл менің жақын туысым, айтқандары шылғи өтірік. Өзінің осылай жалған айтып, жалпақ басқысы келген арам ниеті бар. Бірде-бір сөзіне сенбеңдер, жанына жоламаңдар, аулақ жүріңдер”- деп, онсыз да екіұдай ойдағы халықты таратып жіберді.
Бұл ғибратқа толы көрініс: інісі Аллаhқа иман келтіруге, мәңгілік бақытқа шақырады, ал ағасы болса, оған қарсы шығып, көпшілікті де қарсы қояды.
Әбу Ләһаб мұнымен де тынбады.
Бір күні пайғамбардың есігінің алдына, үйінің тура кіре берісіне иісі мүңкіген қоқысты төгіп, үлкен іс тындырғандай масайрап тұрады. Бірақ қуанышы көпке бармай, (ол кезде әлі иман келтірмеген болса да ) Хазіреті Хамза әлгі сасық шіріндіні жинап алып Әбу Ләһабтың басына төгеді.
Мұны көрген Пайғамбарымыз ақырын ғана:
“Ей, Әбдіманаптың ұрпағы, бұларың не? Көрші деген тату болмас па?”- деп табалдырықта қалған қоқысты тазартып сыпырады да қояды.
Іштен шыққан жау жаман деген осы-ау. Қасиетті Құранда Әбу Ләһабтың тозақ отын тілеп алғандығы, сұрап алған аурудың емі табылмайтындығы білдірілген.
Қарғыс атқан Әбу Ләһаб кей-кейде Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) мазасын алу үшін терезесіне тас жаудыратын.
Әкеге қарап ұл өсер…
Әбу Ләһаб Аллаhтың сүйікті құлына қарсы сорақы пиғылдарын жүзеге асыру үшін ұлы Утайбаны да соңынан ертеді.
Он сегіз мың ғаламның пайғамбары Хазіреті Мұхаммедтің көзін жою, әрине, оның қолынан келмес еді. Сонда да болса әйелін, бала-шағасын Мұхаммедке (с.а.у.), оның дініне қарсы қойып, санасын билеген сайқал сезімге оларды да ортақ етеді.
Күндердің күнінде пайғамбарлар сардары оңашада “Нәжім” сүресін оқып, ойға шомып отырады. Осы сәтті пайдаланып, Әбу Ләһабтың ұлы Утайба оған жақын келіп:
“ Нәжімнің (жұлдыздардың) Жаратушысының атымен ант етемін, мен сенің пайғамбарлығыңды мойындамаймын”- деп оңбағандықпен мүбәрак бетіне түкіріп жібереді.
Оқыс оқиғаға қатты ашынған Мұхаммед (с.а.у.):
“Я, Раббым, Утайбаның қылғаны мынау, қорлыққа өзін-өзі итермеледі”- дейді.
Жаратушы Аллаh сүйікті құлының наласын да, алғысын да жауапсыз қалдырмаған. Пайғамбардың жоғарыдағы нала түріндегі сөздері де көп ұзамай орындалады. Утайба Йемен маңында Хауран деген жерде әкесімен, бірнеше жолдасымен бірге демалып жатқанда кенеттен бір арыстан пайда болып, топ адамның ішінен оған тарпа бас салып, пәрше-пәршесін шығарып, жер жастандырады.
Пайғамбар дұғаларының міндетті түрде қабыл болып, мүлтіксіз орындалуы да – оны өзге адамдардан ерекшелейтін айрықша қасиеттерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет