«Адамзаттың асылы-Ана деген құдірет»



бет2/2
Дата30.03.2023
өлшемі26,34 Kb.
#77756
түріСабақ
1   2
Байланысты:
ана

Ән:Анашым
10- бала: Қуаныштың ағайын,
Қоңырауын қағайын.
Ағартпасын тентектер,
Бір ананың самайын.
11- бала: Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана- күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
12- бала: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың,
Еңбегіңді ақтаған,
Аман болшы, анашым.
13- бала: Айтсаң болды тіл алам,
Әйбат анам, пәк анам,
Сен керексің қайда да,
Айналайын ақ анам.
14- бала: Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Ән: « Ертегілер» әні орындайды.
15 –бала: Әлпештеген, аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
16- бала: Қадірлі анашым,
Аялар баласын.
Төрт бөлген ұйқысын,
Жас сәби бала үшін. 
17-бала: Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп мені
Құлыншағым, күнім дейтін.
18-бала: Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз,
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
19- бала: Сіздерден өскен балалар, 
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар!
Би: « Қара жорға »
1-ші жүргізуші: « Менің балам» ойыны. Мақсаты: Ана мен бала арасындағы қарым- қатынас. Түрлі- түсті шарлардың ішінде сұрақтар бар. Сол түрлі- түсті шарларды әрбір ана өзіне ұнаған түсті таңдап алып, сол шарды жарып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді.Әрбір таңдаған шарлардың түстеріне қарай психологиялық сипаттама беріледі.
Түстер жайлы:
Ақ түс – Бейкүнә жан.
Қызыл түс - Өткір тіл, басқара білу, қабілетті жан.
Сары түс – Байлық, сән салтанат.
Қоңыр түс – Көндіру.
Сұр түс – Үміт.
Жасыл түс – Данышпандылық пен ойлау.
Апельсин түстес сары – бейімділік.
Көгілдір күлгін түс – достық, еске түсіру, тұрақтылық т.б. түстер.
1- ші жүргізуші:
Ана –ол өмірдің тірегі, перзенттің жүрегі, отбасының ұйтқысы. Қандай ана болмасын, ол мақтауға, марапаттауға, құрметтеуге лайық жандар! Ендеше балалар, Ана туралы кім қандай мақал –мәтел біледі?
1-оқушы: Атадан- өсиет, анадан – қасиет.
2-оқушы: Ана баласын арыстанның аузынан алады.
3-оқушы: Мылқаудың тілін анасы біледі.
4- оқушы. Қызымның баласы, балдан тәтті анасы.
5- оқушы: Ұлымның баласы, қара жылан анасы.
6- оқушы: Ананың сүті – бал, баланың тілі-бал.
Ән: Е.Хасанғалиевтің « Анаға сәлем» әні орындайды .
2- ші жүргізуші:
Құрметті қонақтар бүгінгі біздің 2- сынып оқушыларының дайындаған « Ана өмір шуағы» атты ашық тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Мұғалімнің сөзі: Анам менің жасыл бағым жайнаған. Сол бағында асыр салып ойнағам. Пәк жүрекпен жыр жазады перзентің ,- демекші осымен 2-сынып оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасын жабық деп жариялаймыз. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет