Тәрбие сағатының тақырыбы: «Адамзаттың асылы-Ана деген құдірет»
Өткізген: Рамазанова.Г
2022-2023 оқу жыл
Күні: 2.03.2022 Тақырыбы: Адамзаттың асылы – Ана деген құдірет Сабақтың мақсаты: Аналар мейрамы.
Адамда не қасиет болса да,бәрі күннің көзі мен ананың ақ сүтінен жаралған. Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы аналарға деген сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ақ жаулықты аналарды құрмет тұтып, адал да парасатты ұлы мен қыздары болуға тәрбиелеу. Балалардың жүрегіне « Ана» деген есімді мәңгі ұялату мақсатын көздедім .
Сабақтың көрнекілігі: «Алып – анадан туады» стенді, шарлар,плакатқа жазылған қаннатты сөздер.
« Ана – ұлы адам!
Ана – құдіретті жан!
Ана – өмір шуағы
Ана – барлық өміріміздің бастауы.»
Тәрбие сағатының барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыптың барысында кіріспе
сөз сойлеу, мақсатын түсіндіру.
ІІІ. Енді тәрбие сағатын әрі қарай оқушылардың өз бетінше өткізуіне көңіл
бөлсек.
Мұғалім.
Өмірде ана-бұлақ, ана пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол- біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы – Отанды да
« Ана» деп біздің халық текке айтпаған.
1913 жылы 8 наурызда Санкт-Петербургте тұнғыш рет халықаралық әйелдер күні атап өтілді.Содан бері жыл сайын біздің елімізде осы күн ерекше салтанатпен атап өтіледі. Міне, аналар мейрамы біздің сыныпта да аталып өтілгелі отыр. Халқымызда « жан қысылса, жақынын табады» деген сөз бар. Адам баласы қуанса да, қиналса да ауызға алар сөзі «ана». Ақын ананы ән-жырына қосады, суретші оның бейнесін салып қалдырады.Сәулетші оны тастан қашап жасайды. Ана- барлық адамның және бүкіл дүниенің тірегі. Ана баласын құрсағында көтеріп, оған өмір береді, өз өмірін де соған арнайды. Шырылдап жерге түскеннен – ақ әр нәрестенің ең жақыны- анасы. Сондықтан анаға деген махаббат құндақта жатқан күннен –ақ басталады. « Ана» сөзі де ыстық. Адамда не қасиет болса да, күннің көзі мен ананың сүтімен дарыған.
Ал, балалар, барлығымыз бірдей аналарымызды құттықтап жіберейік:
Барлығы:
Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймыз, анашым.
1-ші жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, аяулы аналар және қыздар. Сіздерді 8 –наурыз « Халықаралық әйелдер күнімен» құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, баянды бақыт, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз.
2 –ші жүргізуші:
Құрметті қонақтар, бүгінгі 2- сынып оқушыларының дайындаған « Ана өмірдің шуағы» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
1-ші жүргізуші:
Әлемде өзгермейтін үш – ақ зат бар,ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі.
2 –ші жүргізуші:
Ана мен бала арасын көзге көрінбейтін тілсым сырлы жіп жалғап тұрады. Міне, сол арқылы бала көңіліндегі қылаудай мұң ана жүрегіне жетеді, сол арқылы ана баласының титтай қуанышын да бар болмысымен сезінеді.
1-ші жүргізуші:
Ана десем, шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Барлығы:
Әлпештеген анамыз,
Біз бақытты баламыз.
Оқып, білім аламыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
2-ші жүргізуші:
Нәзіктік атаулының жиындығы ананың алақаны, сондықтан ол- сәби үшін ең жылы ұя.
1- бала Бүгін - наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі - адамның,
Анаға айтар лебізі.
2-бала: Ана –өмір шырағы,
Ана- өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр- әні,
Жүрегімде тұрады.
3-бала Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаршамасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
4-бала: Әйбат анам,әй анам,
Жұлдыз анам, ай анам!
« Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам!
5- бала: Айналайын анашым.
Ақылы асқан данасын.
Балаң үшін не керек
Бәрін іздеп табасың.
Ән: « Құттықтаймын, мама, туған күніңмен»
2-ші жүргізуші:
Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді! Осынау 3- әріптен құралған қасиетті сөздің түп- төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші!
6- бала: Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап
Мерекесін тойлаймыз.
7- бала: Анашымды сағынам,
Оған ешкім жетпейді.
Анасының жанынан
Бөбегі де кетпейді.
8- бала: Ана- біздің гүліміз
Ананың біз гүліміз.
Бар баланы қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
9- бала: Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!