16-22 наурыз 2015 жыл
пейіл мен татулықтың мерекесі.
Баршамызға ырыс-дәулет ала келсін, -
деп атап өтті аудан әкімі өз
құттықтауында.
Шеру салтанаты - асқақ
Биылғы жыл атаулы даталарға толы
жыл. Бұл да Наурыз нақыштарымен әдемі
үйлесімділік тапты. Бұл ретте Абай
мектеп-лицейі ұжымы, аудандық
ветеринария және ауыл шаруашылық
қызметкерлері даярлаған «Қазақ
хандығының 550 жылдығына» арналған
көрініс тамашаланып, қол бастаған
батырлар мен Керей ханның биден бата
алып, таққа отыру сәті көрсетілді. Ал
«Абай жолы - ха лық жолы»
тақырыбымен дана Абайдың 170
жылдығына арналған көріністер де
айшықты сәттерге толы болды.
Құндызды ауылының өнерпаздары Абай,
Айдар мен Ажардың бұғаудан босап
шығуына араша түсу сәтін сахналап,
қошеметке бөленді.
Өз кезектерінде қасқабұлақтық
өнерпаздар «Үш әлемдік классиктер»
тақырыбында Абай, Пушкин, Гете болып
жыр оқыды. Келесі бір көрініс «Абайдың
ақындық, әншілік мектебі» деп аталып,
Абайдың ақын шәкірттері Шәкәрім,
Көкбай, Ақылбай, Мағауияны сомдаған
Кеңгірбай би ауылдық округінің және
Абай колледжінің өнерпаздары,
сонымен қатар Мұқа, Әлмағамбет,
Мұхамеджан сынды әншілерді
бейнелеп, Абайдың әншілік мектебінен
көрініс көрсеткен Өнер, Саз мектебі
ұжымы өнерпаздары кемеңгер ақын
тұлғасын тіптен айқындай түсті.
Келесі кезекте «Жеңісті жақындатқан
батырлар» атты Ұлы Жеңістің 70
жылдығына арналған Шыңғыстау
батырларының шеруі өтілді. Ең алдымен
«Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!»
атты шерумен Закария Белібаев,
Серікқазы
Бекбосынов,
Баян
Байғожина сынды батыр апаларымыз
бен аталарымыз туған Архат ауылы топ
бастап шықса, келесі автокөлік шеруін
Жанғазы Молдағалиевтай айбынды ұлы
бар Тоқтамыс пен Медеу ауылдары
жалғастырды. Батыр тұлғалардың
өмірдеректері мен майдандағы ерліктері
дауыстап айтылып тұрды.
Сондай-ақ,
Қазақстан
Конституциясының-20 жылдығы мен
Ассамблеяның 20 жылдығы да бұл күнгі
нақышты шарадан тыс қалмады. Бір
тудың астында бірлікте, ынтымақта өмір
сүріп жатқан ұлттар достығын паш
еткен көріністі алып шыққан Қарауыл
гимназиясының шеруі мәнді болды.
Мұнымен қатар, «Мәңгілік елдің
жастары» атты біріңғай өнер мен
спортты серік еткен жалынды жастар
шеруі мерекелік жиынның салтанатын
тіптен арттыра түсті. Патриоттық
жалынмен көк байрағымызды
желбіретіп, қолдарына жалаушалар мен
шарларды ұстап ұрандатып өткен
оларға көпшілік ризашылықтарын
білдірді.
Осыдан соң жиылған жұртшылық
талай додаларда жеңіс тұғырынан
көрінген жас спортшыларымыздың,
ауданымызда дамыған таэквондо спорты
шеберлерінің
өнерлерін
тамашалады. Айбыны асқақ ұл-
қыздарымыздың өнері таңдай
қақтырарлықтай еді.
Әз Наурызға ән
шашу
Осылайша
думанды
мерекенің
шарық
сәті
басталды. Наурыз тойын
әдеттегіше
жергілікті
«Қаламқас» ән-би ансамблінің
өнерпаздары
концерттік
бағдарламалары арқылы
жалғастырып
әкетті.
«Шыңғыстау» оркестрінің
орындауында «Көңілашар»
күйімен ашылған концертте
әуелеп ән шырқалды, күмбірлеп күй
шалқыды. Көктемнің құлпырған
қызғалдақ гүлдеріндей мың бұралып
билеген «өрнектік» биші өрендер өнері
де дүйім жұртшылықты тәнті етті. Шат-
шадыман көпшіліктің мерекелік көңіл-
күйін еселеуде қаламқастық өнерпаздар
еш аянып қалмады. Әншілер Бақыт
Шағатаева, Тамара Көзбаева, Косманавт
Төлеуханов, Нұргүл Демесінова,
Жанат Хайсина, Қайрат Қабышев,
Қонысбек Байдашев, С.Дәулет, Еркін
Жолжігітовтер
талғампаз
тыңдарманның құлақ құрышын қандыра
білді.
Осынау күні Қарауыл аспаны шайдай
ашық еді. Күн де мамыражай жылы,
шуақты болды. Мерекелеуші
көпшіліктің көктемгі қуанышын еселей
түскен осынау жайлы ауа-райы да
тойдың өз мәнінде тамаша өтуіне
септігін тигізгені анық. Наурыздың
басты нақышы келістіре тігілген қазақ
үйлер десек, бұл жолы да жылдағы
дәстүрге сай ауданымыздағы барлық
ауылдық округтер мен аудан мекемелері
бір-бір киіз үй тігіпті. Аға сұлтан алаңы
мен Құнанбай қажы атындағы көшеге
бейне бір ауыл тұтастай көшіп келіп
қонғандай ма дерсіз. Тағы бір
байқағанымыз, жастарымыздың жеке
қазақ үй тігіп, алдыңғы буыннан алған
тәрбиенің үлгісін көрсетуі еді.
Барлық ауылдар мен мекемелер
тіккен киіз үйге бас сұғып, дәм татып,
ұлттық рухымызды оятқан дүниелерді
тамашалауға мүмкіндік алдық. Наурыз
нақыштары айқындап берген мерекені
Абай елі де жоғары деңгейде ұлан-асыр
тоймен өткізгеніне осылайша куә
болдық.
Жәрмеңкеде арзан өнім
Мерекенің мәнін арттыратын тағы бір
елеулі шара осы күні қызып сала беретін
сауда-саттық екені белгілі. Аудан халқын
орталық алаңға жинаған мерекелік шара
бастауы арзан бағадағы жәрмеңкелік
саудамен қыза түсті. Ауданның
кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және
ветеринария бөлімінің ұйымдастыруымен
өткен жәрмеңкеде негізінен көкөніс
өнімдері саудаға шығарылды. Оның ішінде
картоп, сәбіз, пияз, орамжапырақ пен
қызылша, сондай-ақ, бірінші
қажеттіліктегі азық-түліктер - күріш, қант,
май, қарақұмық өнімдері жергілікті
нарықпен салыстырғанда біршама арзан
бағада саудаланды. Алдын-ала газет бетіне
берілген хабарлама бойынша құлақтанған
базбір көпшілік базаршылауға да
даярлықпен келіпті. Алушылар қарасының
көптігі сонша, жәрмеңке сөресіндегі
тауарлар жылдам сатылып кетіп жатты.
Қыстағы қор сарқылған қазіргі көкөзек
шақта қолжетімді бағадағы көкөніс
өнімдері көпшілік үшін жасалған үлкен
жеңілдік болды.
Сайыс жолында
Наурыз думаны қазақтың өзге де той-
томалақтары тәрізді түрлі сайыстарсыз,
спорттық ойындарсыз өтпейтіні белгілі.
Бұл жолы да аудандық дене шынықтыру
және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен
ұлттық ойындар түрлерінен жарыс өтті.
Осынау сәттері алаңның бір шетінде
тамашалаушы
жұртшылықтың
демеуімен қол күресі өтіп жатқан
болатын. Бұлшық еттері бұлт-бұлт
ойнаған құрыш білекті жігіттер осынау
сында өзара мықтыларды сарапқа салып,
қайраты тасығандары топтан озып
жатты. Бұл сайыстың нәтижесі бойынша
І- орынды Зәкиев Азамат жеңіп алса, ІІ-
орын Қадымбаев Қуанышқа бұйырды.
Ал ІІІ- орынға Тайтөлеуов Ербол
тұрақтады.
Мерекенің мәнін кіргізіп, жанкүйер
қанын қыздыруда гір көтеру спортының
да айтарлықтай орны бар. Бұл жарысқа
қатысуға ынта білдіргендер қатарында
І- орын Қабланбеков Сайлауғазыға
бұйырды. Ол гір тасын бір деммен 81
рет көтеріп, алдына жан салмады. Ал
екінші орын 80 рет көтерген Үркімбаев
Айдосқа бұйырды. ІІІ- орын 63 рет
көтерген Қабланбеков Ерұланның
еншісінде кетті.
Тамашалаушы көпшіліктің қарасы
басым келесі сайыс түрі - арқан тартысы
болды. Бұл ойынның шарты бойынша
әр команда 5 адамнан құралды.
Мейлінше тартысты әрі қызықты өткен
жарыста І- орын Көкбай ауылының
мықтыларына жазылса, ІІ- орынға Абай
колледжі тұрақтап, ІІІ- орынға 1995
жылғы Қарауыл жастары жайғасты.
Десекте, Наурыздың әрін кіргізетін
әлбетте ұлттық ойынымыздың төресі –
бәйге екені белгілі. Алдымен көмбеге
жіберілген жас жүйріктер бәсекесі - тай
жарысы болды. Үш шақырым меже
етілген бұл бәйгеден мәре сызығын
бірінші болып кесіп өтіп, І орынды
иеленген Галиев Өміртайдың тайы
болды. Көкбай ауылынан келген
шабандоз Нұрасыл қамшылаған
Гермоншақ атты бұл қылқұйрық әлі-ақ
талай сайыста топ жаратынын дәлелдеді.
Ал осы жарыста ІІ- орын алған
көкбайлық Қырықбаев Серіктің Сұңқар
атты жас тұлпарын жас шабандоз Дамир
тізгіндепті. Бұл күні жүйріктері арқылы
Көкбай аулының мәртебесі асқақтағаны
анық. Келесі кезекте ІІІ- орын алған
қарауылдық Сартов Ролланның
Еркежирені болды. Шабандоз
Берікболға да бәрекелді деушілер көп.
Бұдан соң құнан жарысы 7
шақырымға жіберілді. Бұл бәйге
бойынша І- орын қарауылдық Сағатов
Қанаттың Лашын атты тұлпарына
бұйырды. Ал ІІ- орынды Көкбай
ауылынан келген Сайлаубекұлы
Парасаттың Күмісаяғы еншіледі. Сондай-
ақ, ІІІ- орынды Қарауыл ауылынан
Айшөкеновтың Нарқасқасы алды.
Осылайша, жарыс көрігін қыздырған
барлық жеңімпаздар Наурыз мерекесіне
орай арнайы тігілген сыйлықтармен
марапатталды. Бәйгеге қиқу қосқан
жанкүйер жұртшылық әдемі әсер
сыйлаған жүлдегерлерді құттықтап
жатты.
P.S. Шығыс халықтарында жыл
басы саналатын Наурыз мән-
маңызының бүгінгі күнге дейін
сақталып келуі қазақы салт-
дәстүрмен тығыз байланыста.
Себебі, шуақты көктеммен жеткен
шұғылалы Әз - Наурызда ұлттық
әдет-ғұрыптар ұрпақтан- ұрпаққа
жетіп, ерекше сән - салтанатпен
сабақтасып жатады. Бұл игілікті
үрдіс Абай ауданында да ерекше
нақышпен
көрініс
тапты.
Шыңғыстау бөктеріндегі мереке
биыл біршама жаңашылдыққа ие
болды. Иә, биылғы Наурыз
мейрамын мерекелеу жылдағыдан
өзгеше өрбіді. Тойдың тың сипаты
тамашалаушы көпшіліктің назарын
бірден аударды. Көрерменге
жаттанды болған түйелі көштің
орнына бүгінгі өскелең буын үшін
танымдық-тағылымдық мәні зор іс-
шаралар
қатары
ұйымдастырылыпты.
Бұл
жаңалыққа әсіресе жастар қуаныш
білдірісті.
Міне,
осылайша,
көптен
күттірген төл мерекеміз төрімізге
озды. Жыл басы жаңарып,
жаңғырудың даңғылына түскен Абай
елі үшін мол жақсылықтардың
бастауы болғай деп тілейміз біз де!
Бетті әзірлегендер:
Анар СӘРСЕНБИНА,
Тоғжан РАХЫМБЕКҚЫЗЫ,
Нұржан БАЙТӨС.
PDF
создан
с
пробной
версией
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
16-22 наурыз 2015 жыл
Ауыл, мекеме күндері
Медеуліктер бұл жолы да
тыңғылықты дайындықпен келіпті.
Әсіресе, сахна мәдениетін
сақтаулары өте жоғары болды.
Сахна шымылдығын «Кекті бала»
драмасымен ашқан медеуліктер
өнері көрермен көңілінен шықты.
Соғыстың басталған мезетінен
бастап, Жеңіс алауын желбіреткен
қуанышты күнді сомдаулары өте
сәтті шықты. Сұрапыл соғыстың
зардабынан жетім қалып, әке-
анасын, аға-бауырларын шарқ
ұрып іздеген, сөйтіп ну орманда
адасып, жауынгерлерге жолыққан
баланың жан айқайы нанымды
көрсетілді. Ал Қазбек
Мұқатаевтың «Жесірлер туралы
толғау» атты домбырамен
шырқаған әні Ұлы Отан соғысы
тақырыбын тіптен тұздықтай
түсті. Сондай-ақ, фольклорлық
ансамбль Д.Доганың вальс
әуенін нақышына келтіре
орындаса, осы ансамбльдің
сүйемелдеуімен «Айналдым
елім!» әнін сызылта салған
Жаннұр Төлеубаева да зор
қошеметке бөленді.
Кезекті
номинациялар
бойынша қыздардың қазақ биі
«Са лт а н ат », ор ыс би лері де
тамаша нөмірлердің қатарын
толықтырды. Ал «Тақиялы
періште»
кинофильмінің
желісімен келтірген компози-
циялық қойылым да твист биін
түрлендіріп, түлетіп жібергендей
әсер қалдырды.
« Өн ер -жа с тан » де ме кші
көпшілік алдында Т.Төрәлінің
«Іздеме» әнін орындаған ұлдар
тобының шабытпен, жігермен
жеткізгендері талғампаз қауымға
ұнағаны анық. Сонымен қатар
балалар хоры, ардагерлер
ансамблі, көше әндері де өз
мәнінде шырқалды.
Ұстазы Әділбаева Ләйлә
шәкірті Наргиз Ақтайлақпен
микрафонның
техникалық
ақаулығына да қарамай «Туған
өлке» әнін жоғары деңгейде
шырқап шықты. Қос дауыс шамасы
даярлықтың жоғарылығынан болса
керек, жарасымды шықты.
Сондай-ақ, гитара үнін әуелеткен
Ермек Қабышевтің өнері кәсіби
әртістерден кем түспеді. Әсіресе,
«Әннің де естісі бар, есері бар»
дегізген Мереке мен Кәмшат
Дүйсенбековтердің жанұялық
дуэті тыңдарманын ұзақ қол
соқтырып, кештің ажарын аша
түсті.
Өз кезектерінде медеулік жас
ақындар да ұлы Абайды ұлықтап,
Жеңіс күнін жырға қосты. Концерт соңында
да
«Б а қы тт ы мын
өзіңмен»
әнін
тамылжытқан Дүйсенбековтердің жанұялық
дуэті көрермендердің ерекше ықыласына ие
болып, талайды тамсандырды. Осылайша,
концерт шымылдығын медеуліктер көпшілік
дауыста «Жойылсын соғыс» әнімен түсіріп,
өз нөмірлерін асқақтата аяқтады.
Концертті қорытындылап, сөз алған
«Нұр сана» са лт-дәстүр орталығының
төрайымы Қаныша Нұрғалиева ерекше
көңіл күй сыйлаған медеулік барлық
өнерпаздарға ел атынан аналық ақ алғысын
жеткізді. Сахнада жүріп-тұру мәдениетін
жоғары ұстаған өнерпаздардың өнерлері
өрге жүзсін деген ақжарма тілегін де
жеткізді.
Осылайша сахнаны мереке мен мерейге
бөлеген медеуліктер өнер әлемінде осал
еместіктерін, өнерпаз екендіктерін тағы бір
мәрте дәлелдеді.
Анар ҚАБДІЛДА,
«Абай елі»
Ел іші-өнер кеніші. Бүгінде «Қазақстан - өткені тарих, келешегі кемел ел!»
атты аудандық көркемөнерпаздар байқауы өз жалғасын табуда. Бұл жолы шағын
ауыл болса да тіршілігі мерекелі, ісі берекелі Медеу ауылының өнерпаздары
аудан орталығындағы үлкен сахнада өздерін сынға салды.
Мәдени шараның
ш ы м ы л д ы ғ ы
т е а т р л а н д ы р ы л ғ а н
көрініспен ашылды.
Осылайша, сахна сәнін
келтірген өнерпаздар
легі кезегімен шығар-
машыл
нөмірлерін
ұсынып, ауыл ішінің
өнер кеніші екенін
аңғартып бақты. Тірек
ауылы саналатын әрі
халық саны жағынан да
көш басында тұратын
ауылда кең мәдениет
ошағы мен Тайыр
Жомартбаев атындағы
халық театрының барын
ескерсек, бұл өңірдің
осал еместігіне көз
жеткіземіз. Әсіресе,
театр
актерлерінің
шеберлік қабілеттері
жазушы, соғыс ардагері
Мәлік Ғабдуллиннің
«Жас Қ а з ақ » а тты
тарихи драмасын арқау
еткен
қойылымда
ерекше ашылды. Көрініс
монологпен басталып,
полктағы қарулас қазақ
жауынгерлері ішінде аса
ерлікпен қаза болған
Төлеген Тоқтаров пен
Батталов Жұмажанның
ұрыс даласындағы бір
сәттік ерлікке толы
көріністері
жұрт
назарына ұсынылды.
Сол түні анасына
жазған ақырғы хатының
да қаламы кеппестен жау
оғынан қаза тапқан
Т.Тоқт аров бейнесі
ерекше
сомдалды.
Майдандасы Рамазан
Е л е б а е в т ы ң
авторлығымен «Жас
Қазақ» әнінің туына
себеп болған Төлеге-
ннің ерлігі көрініс
желісінде айрықша
мәнге ие еді. Артынан ән
шумақтары шырқалған
шақта тіптен нанымды
шыққан
қойылым
көрерменнің
зор
ықыласына кенелді.
С ю ж е т т і к
койылымнан
кейін
майданда қаза тапқан соғыс ардагерлерін 1 минут
үнсіздікпен еске алып, ерлікке тағзым жасалды.
Осылайша театрланған көріністің келісті шығуына
ролдерді сомдаушы кейіпкерлердің шеберліктері
ерекше әсер сыйлағанын айта кету ләзім.
Байқауда байыпты жыр жолдарын әуезді
мәнерге салып оқыған қос жүргізушінің сөзінен
соң ұлт аспаптар оркестрінің орындауында «Ата
толғауы» күйі ұлттық аспаптар үнінің
үйлесімділігіне еліте білді. Артынша ансамбльдің
сүйемелдеуімен бір топ қыз- жігіттердің
шырқауында «Біржан мен Сара» операсынан
мерекелік хор да сәтті шығып, ерекшелігімен есте
қалды.
Ал балғын қимылдарымен қазақ биін келістіре
билеген «Балаус а» ясли- бақшасының
бүлдіршіндері де концертке көрік бере түсті. Қазақ
биімен
өрбіген
қойылым
соңы
Ассамблеяның 20
жылдығын арқау
етіп, әр ұлттың бір
шаңырақ астындағы
берекелігін, Қазақ
хандығы мен Жеңіс
солдатын,
Ат а
заңымызды паш
еткен көк байрағы-
мызды сахна төріне
көтеріп, атаулы
күндерді де қамтып
өтті.
Өз
кезегінде
а р д а г е р л е р
а н с а м б л і н і ң
о р ы н д а у ы н д а
«ардагерлер» әнін
ерлікке
тағзым
үлгісімен жалғап,
сахнаға Көкбай
ауылының тұрғыны,
соғыстың салқын
лебін
көзімен
көрген
ардагер
Ж ұ м а ғ а з ы
Әзкеұлын шығарып,
ұрпақтары
гүл
шоқтарын табыс
етіп, дүйім жұрт
орындарынан тік
тұрып
құрмет
к ө р с е т т і .
А р д а г е р л е р і н
алқалы көрерменнің
алдына шығарып
қ ұ р м е т т е у і
ансамбльдің ажарын
ашып, концерттің
салмағын еселей
түсті.
Ал, трио құрған
ұлдар тобының
о р ы н д ау ы н д а ғ ы
«Үк ілі қ ыз » ә ні ,
қыздар тобының
«Көзімнің қарасы»
мен эстрадалық
топтың тұла бойды
ш ы м ы р л а т а
шырқаған «Қазақ
елі»
әндері
т ы ң д а р м а н ы н
т а м с а н т п а й
қоймады.
Мың
бұралған «Кербез»
бишілер тобының да
«Ұйғыр», «Рок Н-
Рол» билері тартымды шықты. Аспаптық шығарма
жанры бойынша «попури» орындаған оркестр
ұжымы да балалар хоры, ұстаз шәкіртімен бөлімі,
жас ақындар жырлары, дәстүрлі ән жанры,
әзілкештердің қағытпа қалжыңдары, жанұялық жұп
та көрерменнің зор қошеметіне ілікті.
Сондай-ақ, Көкбай Жанатайұлының «Сабалақ»
атты тарихи поэмасынан үзінді оқыған
А.Тұрғазинаның өнері де көпшіліктің ықыласына
бөленді. Осылайша концерт шымылдығы хор
орындауындағы әнмен жабылып, сахна төріне
көтерілген әділ- қазылар алқасының төрағасы Әсет
Медеуханұлы өнерпаздар өнеріне лайықты баға
беріп, концертті қорытындылады.
Тоғжан НҰҒЫБАЕВА,
«Абай елі»
Кезекті көркемөнерпаздар байқауын жалғаған Көкбай ауылы бұл жолы да көрікті
концерттерімен көрермен көзайымына айналды. Бүгінгі мерейлі шақты өткен тарихпен
ұштастырып, кемелді келешектің елесіне жетелеген көкбайлықтар концерттік
бағдарлама желісін жылдағыдан да жарасымды әзірлепті. Әр жанр түрі талғаммен
таңдалынып, композициялық қойылыммен шебер астасып жатқанын аңдадық.
Осылайша, концерттік кештің мағынасы арта түсіпті.
PDF
создан
с
пробной
версией
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
16-22 наурыз 2015 жыл
Білім көкжиегі
«Тегінде адам баласы адам
баласынан ақыл, білім, ар, мінез
деген қасиеттерімен озады» деген
Абай сөзі еш уақытта өз мәнін
жойған емес. Дарынды, талапты
жастар еліміздің жарқын
болашағы. Елбасымыз
Н.Назарбаев «Бізге керегі - шын
дарындар. Мемлекет өзінің
талантты ұлдары мен қыздарын,
тарлонбоз жүйріктерін қолдауға,
қорғауға міндетті» деп жастарға
ерекше мән берген. Баланың
бойындағы дарындылық,
ғылымилық қабілетін,
танымдық қасиетін ашу,
айқындау- заман талабы.
Мектебімізде әдіскер ұстаз
Тұрсынбекова
Аққайшаның
жетекшілігімен жаңашыл іс-әрекетті
ұйымдастыру бағытында байқаулар
ұйымдастырылып,
танымдық
ізденістерге
толы
сабақтар
педагогикалық оқулар, түрлі сайыстар
барысында талапқа сай түрленіп
отырады. Мектебімізде жаңашыл
ұстаздарға да, дарынды оқушыларға да
шығармашылық жұмыс жасауға
толықтай жағдай жасалған. Білім
ордасының директоры, жас болса да бас
болған Р. Тілеухановтың, оқу ісінің
меңгерушілері
А.Садыбекова,
Г.Галиевалардың да еңбектері зор.
Мұғалімдерге жаңашыл оқыту
технологиясынан кеңінен қолдана
отырып, сапалы білім, саналы тәрбие
беруге көп ықпал жасап отыр.
Біздің мектепте жас ұрпақтың
ертеңіне жол салып, бағыт-бағдар
беріп жаңашылдықпен, шығарма-
шылдықпен қызмет жасап жүрген
ұстаздар көп. Сөз орайында
мектебіміздегі қазақ тілі мен әдебиеті
пәні бірлестігінің бүгінгі тыныс-
тіршілігінен айтар болсақ, оқушы
бойларындағы дарындылықты аша
отырып, жеке тұлға қалыптастыруда
аянбай еңбек етіп жүрген білікті
ұстаздар Б.Имантай, Г.Молдабаева,
Б.Искакова,
жас
ұстаздар
Ж.Қабыланбекова,
Ж.Еділова,
Ә.Омарова, М.Саятбек, А.Асылжанова
сияқты мұғалімдерді атап өткен жөн.
Бұл орайда қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің аптылығы аясында пән
мұғалімдері өзінің теориялық білімі
арқылы оқушы бойында қоршаған
ортаны сүюге, шығармашылықпен
жұмыс жүргізе білімнің қыр-сырына
үңілдірді. Пән апталығында ашық
сабақтар мен тәрбие сағаттары, әдеби
сазды кештер, «Мың бір мақал»
сайыстары өтті. Атап айтқанда, жаңа
технологияны қолдана отырып 6-
сыныпта әдебиет пәнінен Г.Молдабаева
өткізген Б.Соқпақбаевтың «Менің атым
Қожа», 4 «в» сыныбында пән мұғалімі
А.Асылжанованың «Қазақтың ұлттық
ойындары», 7 «а» сыныбында, 10 «а»
сыныбында
пән
мұғалімі
Б.Искакованың Ы.Алтынсаринның
әңгімелері, 7 «б» сыныбында
С.Мұқановтың «Саятшы Ораз»
тақырыбында
пән
мұғалімі
Ә.Омарованың, 5 «в» сыныбында
өткен М.Әуезовтің «Ақын қонақтар»
тақырыбында пән мұғалімі Ж.Еділова,
8
«а »
сыныбында
өткен
М.Мақатаевтың шығармашылығынан
пән мұғалімі Ж.Қабыланбекованың
сабақтарын атауға болады. Бүгінде
оқушы тәрбиесінде сыныптан тыс
тәрбие сағаттарының да маңызы зор.
Тәрбие берудің негізгі міндеті-ұлттық
сана сезімі оянған, ожданы биік,
еңбекқор оқушыны тәрбиелеу болса, 8
«б» сыныбында өткен «Мың бір
мақал» сайысының да тартымды өтуі
үлкен жауапкершіліктің арқасы. Бұл
сайыста І-орынды Қайранбаева
Арайлым, ІІ-орынды Қуанышбекқызы
Дариға, ІІІ-орынды Қабілетқызы Гүлзат
иеленсе, Ерболқызы Арай, Қади Ақжол,
Құсбеков Ерсін мадақтау қағазымен
марапатталды.
«Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт
шығады»
демекші,
дарынды
оқушылардың
көп
болуы
шығармашылықпен жұмыс жасайтын
ұстаздарға байланысты. Әр ұстаз
алдындағы шәкіртінің табиғи дарынын
танып, оны одан әрі дамытуға күш
жұмсап отыруы керек. Осындай бағытта
бар күш-жігерін шәкіртіне арнап
жүрген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімдері Б.Искакованың, Б.Имантай,
Г.Молдабаеваның шығармашылық
жұмыстарын айта кетуге болады. Таяуда
өткен «Ақберен» байқауында ІІ-орынды
жеңіп алған Еркінұлы Қуаныш А.Яссауи
олимпиадасында да жоғарғы көрсеткіш
көрсетіп ІІ кезеңге жолдама алса, 9 «а»
сынып оқушысы Советқазықызы Балнұр
VII Республикалық «Жарқын болашақ»
олимпиадасының аудандық кезеңінде
«Жас ғалымдар» номинациясы
бойынша «Шәкәрім шығармаларындағы
бейнелік» тақырыбында ғылыми
жобаны қорғап ІІІ-орынды иеленді (пән
мұғалімі Г.Молдабаева). Ал, 9 «а»
сынып оқушысы Саметова Халида осы
олимпиаданың «Жазушылар»
номинациясында І- орынды
қанжығасына байласа, 10 «б» сынып
оқушысы Сая Мейізбекова «Көркем
сөз» номинациясына қатысып ІІ-
орын алды (пән мұғалімі Б.Имантай)
сынып жетекшісі Н.Сиязқызы. Абай,
Шәкәрім шығармашылығынан өткен
аймақтық жарыста 9 «а» сынып
оқушысы Төкенова Айдана ІІІ-
орынды жеңіп алды.
Қорыта айтқанда, мектебімізде
оқушыларды нәтижеге бағыттай
оқытуда жаңа технологиялық
үрдістерді қолдана отырып,
шығармашылықпен еңбек ете
бермекпіз.
Гүлназым
МОЛДАБАЕВА,
«Абай» атындағы жалпы
орта білім
беретін мектеп-лицейдің
қазақ тілі мұғалімі
Ауыл мектебінде
Достарыңызбен бөлісу: