Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп Бағасы келiсiмдi Абай аудандық қоғамдық-саяси апталық газетi



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата05.02.2017
өлшемі34,68 Mb.
#3449
1   2   3   4   5

Бүгінде  аядай  ғана  Орда  елді

мекенінде  оралымды  істер  көп.  Бұл

ретте  батыр  бабамыз  ер  Мамайдың

есімімен  аталатын  білім  ордасын

өзге  ауыл  мектептерінің  алды,  тіпті,

көпшілігіне  үлгі  болып  жүр  десек,

артық  айтқандық  емес.  2008  жылы

ел  игіліне  жол  тартқан  жаңа  нысан

бүгінде  білім  көкжиегін  кеңейткен,

өнерлі  өрендерімен  өрге  басқан

бірегей  білім  ошағына  айналды.

Осынау жылдар аралығында  жаңа білім

ордасында көз сүйсінер көптеген игілікті

істер  орын  алды.  Мәселен,  мектеп

басшылығы мен биолог ұстаздардың тың

идеясымен әрі күш салуларымен мектеп

ауласы жазғы уақытта жайқалып тұрар

жасыл желекке айналса, әсем ғимарат іші

де  қызығарлық  кейіпке  енген.  Аулада

жайқалған  гүлзар  жаныңды  сергітсе,

мектеп фойесіндегі табиғи өсімдіктердің

үйлесімі ерекше сүйсіндіреді.

Жаңашылдыққа құмар білім ошағының

ұстаздары тағы бір игілікті істі қолға алып, тың

бастаманы жүзеге асырып отырған жайы бар.

Өткен жылдың қараша айында ғана жұмысын

бастаған жылыжай бүгінгі күні алғаш рет өнім

беріп,  мектеп  оқушыларын  қыс  мезгілінде  де

жаздық  өніммен  қамтып  отыр.  Жылыжайда

мәпелеп өсірген балғын көкөністер бүгінде көз

жауын алып пісіп тұр.

Даланы ақ ұлпа қар басып жатса да, жылыжай

ішінің  температурасы  бір  қалыпта  сақталуда.

Яғни, 27С0-ты ұстап тұрады. Мұндағы мәдени

дақылдар қыс мезгілінде де жаздағыдай жасыл

күйге еніп,  жуырда жеміс  берді.  Қызара пісіп

тұрған жұп-жұмыр қызанақ, үлкендігі оқушының

білегіндей болатын балғын қияр кімді де болсын

жұтындырмай  қоймайды.  Сонымен  қатар,

мөлдіреп  піскен  бүлдірген,  жапырақты  салат

өсімдігі, тәбет ашар иісі мұрын жарған тағамдық

аскөк  егіліп,  мектеп  асханасын  мол  өнімнің

астында қалдырды. Қазіргі күні сабағынан жаңа

үзілген  көкөністер  мектеп  оқушыларының  ас

мәзірінен  табылуда.  Алдағы  өзек  талар

«ұзынсарыда» балалар үшін мол дәруменнің көзі

даяр деген сөз.

-  Бүгінде  балаларға  өз  жылыжаймызда

өсірілген өнімдерден түрлі салаттар әзірлеп тегін

ұсынамыз.  Оқушылардың  күнделікті  рацион

қорын  толықтырып,  дұрыс  тамақтануларына

осылайша  қол  жеткіздік,  -  дейді  осы  істің

бастамашысы  болған  мектеп  директоры  Роза

Ұзақова.  Расында  ауданымыздың  өзге

мектептерінен сәскелік тамақтану сәтінде балғын

көкөніске  аузы  жеткен  жасөспірімдерді  көре

қоймасыңыз анық.

Жылыжайдың жалпы аумағы 24 шаршы метрді

құрайды екен, негізгі жылыту жүйесіне қосылған.

Өсімдіктерге қажетті жарық көзі де жеткілікті.

Ал, өнімнің молдығы ерекше күтіп-баптаудың

нәтижесінде орын алыпты. Бұл орайда биолог

ұстаздардың  еңбектері  зор  болып  тұр. Баптай

білсең  әр  көкөністің  де  берері  мол  болмақ.

Мәселен, қияр күн ара бір реттен, ал жұмасына 3

рет  суарылса,  қызанақ  3  күнде  бір  реттен,  ал

аптасына екі  рет су құйылады екен.

Көкөністердің өсіп жетілу мерзімі де әртүрлі,

қияр 50-60 күнде пісіп, көлемі 9-12 см., салмағы

100-120  гр  тартады.  Ал,  қызанақтар  енді  ғана

қызарып жатыр. Химия қолданылмайтындықтан

өнімдер экологиялық тұрғыдан таза деуге болады.

Осындайда, «Әуелі Аллаға сиынып, одан соң

өз жігеріңе сүйеніп еңбек етсең – қара жер де

береді, құр тастамайды!» деген хакім Абайдың

қара сөзіндегі өсиеті ойға оралады.

Иә, күтімі жоғары жылыжайда жүйелі еңбек

етіп  жатқан  жұмысшылар  қолының  да  табы

сезіледі.  Ойға  алған  істің  орайын  келтірген

еңбекқор жандарға еңбектерінің жемісті болуына

біз де тілек білдіріп қайттық.

Тоғжан РАХЫМБЕКҚЫЗЫ,

«Абай елі»

Құндызды  көркемөнерпаздары  концерттік

бағдарламамен наурыз айының 16 күні Көкбай

ауылына  барып  қайтты.  Мұндағы  мақсат:

Құндызды  өнерпаздарының  өнерін  көрсетіп,

шығармашылықтарын  дамытып,  тәжірибе

алмасып  қайту.

Концерттік бағдарлама «Ақ көйлек – ақ арман»

атты М.Шахановтың «Танакөз» поэмасы негізінде

жасалған  бір  перделі,  төрт  көріністі  шағын

қойылымымен  басталып  биылғы  жылғы  атаулы

мерекелерге арналған арнаумен жалғасты.

 Әншілердің орындауларында «Тек алға», «Анаға

сый», «Чайхана», «Еркеле», «Жарайма», «Қазақтай

ел қайда» т.б. әндер шырқалды. Мың бұралған биші

қыздарымыз «Шығыс биі», «Үнді», «Флешмоп» сияқты

билерімен халықтың қошеметіне ие болды. «Шәкір

ұрпақтары» жайдарман тобы да өз әзіл-қалжыңдарын

тарту  етті.  Д.Ақылтаев    өз  шығармашылығынан

өлеңдерін оқып берді.

Бұл  Е.Төлендиев  жетекшілік  етіп  жүрген

«Мейрамғали Исатаев» атындағы Құндызды халық

театрының деңгейінің өскенін айқындайды.

Концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін Көкбай

ауылдық  округінің  әкім  аппаратының  бас  маманы

Г.Ақшолақ, мәдениет үйінің меңгерушісі А.Ақболатов

сөз алып өнерпаздарымызға өз тілектестіктерін білдірді.

Көкбай  ауылына  барып  қайтуға  қолдау

көрсеткені үші Абай ауданының  Мәдениет үйінің

басшыларына алғысымызды білдіреміз.



Бақытжан СЫДЫҚОВА

 Құндызды ауылдық округі әкімі

аппаратының  жастар ісі маманы

Өскелең  ұрпақ  пен    аға  буын  арасында

салауатты өмір салтын насихаттау шаралары

ауылымыздағы      Ж.Молдағалиев  атындағы

орта  мектепте  кең  көлемде  қолға  алынған.

Соның  бір  айғағы  ретінде,  жуырда  ұстаздар

арасында  өткен  «Сергектік»  атты  спорттық

ойын сайысын айтуға болады.

Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі,

жас 

ұстаз 


Өтепбергенова 

Арайдың


ұйымдастыруымен өткен бұл сайысты дене тәрбиесі

пәні  мұғалімі  Мерей  Нұрғалиев  қызықты,  әрі

тартымды түрде жүргізе білді.

Айта  кетейік,  сайыстың  негізгі  шарттары

бойынша  әрбір  топтың    таныстырылу  бірінші

кезекте өтуі тиіс болатын. Ал өзге кезектегі талаптар

қатарына допты нысанаға лақтыру, қызықты теннис,

«жарқанат ойыны», мергендер ойыны, «қырыққабат

ойыны»,  поезд    болып  жүгіру  және  арқан  тарту

тәрізді сынақтар қойылды. Үш топқа бөлініп, өзара

атау иеленген командалар осылайша жарыс көрігін

қыздырып жіберді.

Жарыстың  шарттары  бойынша  әділқазылар

алқасы ардагер ұстаздар Т.Қойбағыс,

Т.Балиева, Н.Әлсейітовалар төрелік жасады.

Осылайша  мәреге  жеткен  сайыстың  соңында

ардагер  ұстаз  Торғай  Қойбағыс  мұғалім

ұйымдастырушылар мен жарысқа қатысушыларға

ризашылық білдіріп, алғысын жеткізді. Сондай-ақ,

сайысты  әлі  де  болса  бұдан да  жоғары  деңгейде

өткізу  керектігін  айтып,  жеңімпаздарды  мақтау

қағаздарымен марапаттады.

Әр топ  жетекшілері  1- орын,  2  - орын,  3-  орын

деңгейлері бойынша мадақталды. Жалпы, бұл жолғы

сайыс ерекшеліктері мол болған соң ба, қатысушыларға

да, көрерменге де  ұнады. Осындай тартымды спорттық

іс-шаралар келешекте де жалғасын таба бермек.

Дарын БИТИБАЕВА,

Тоқтамыс  ауылы

Салауатты өмір – салтымыз!

PDF 


создан

 

с



 

пробной


 

версией


 pdfFactory Pro 

www.pdffactory.com



16-22  наурыз  2015  жыл

Әкеге сағыныш

Сын садағы

Ерліктің даңқы мәңгілік

Естеріңізде  болса,  газетіміздің  өткен  нөмірлерінің

бірінде жарық көрген ауыл спортының ахуалы жайындағы

сын мақалаға тағы оралсақ дейміз. Оған себеп, өзге емес,

өз ауданымызда  орын алатын  спорттық  додалардан  тыс

қалып,  қатысуға  құлықсыздық  танытудан  жалықпаған

ауылдық округтердің керенаулығы тағы да түрткі болуда.

Аядай  ауылды  ұйыстыра  білуге  міндетті  әкімдерді

осылайша  түртпектеп  отыру  қажет  пе  дерсің.  Әйтпесе,

басшы  ретінде  орайын  тауып, жастарын  жұмылдырып,

намысқа тырысса  да келіп  қатысулары тиіс  еді ғой.  Бір

емес  бірнеше  рет  спорттық  сайыстан  шет  қалған

медеуліктердің мешеулігіне айтар сөз де таусылды. Бұдан

өзге  де  ерекшелеп  айтуға  тура  келетін  ауылдар  бар.

Олардың  қатарында  тірек  ауылы  ретінде  өзгеге  үлгі

болудың  орнына  дәл  спорттық  шараларға  келгенде

кежегелері  кейін  тартатын Көкбай  мен Саржалдың  бұл

салаға  салғырттық  танытулары  тіптен  ұят.  Бұл

керенаулықты жою  туралы осыған  дейін өткен  жиында

аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбековтың өзі қадап айтқан

болатын.  Бірақ,  бұл  айтылған  нұсқауды  округ  әкімдері

сол  жиын  өткен  жерде  қалдырып  кеткен  сыңайлы.  Бұл

керенаулік газетімізде де бірнеше мәрте сынға ілікті. Бірақ,

әзірге  нәтиже  болмай  тұр.  Осындайда  хакім  Абайдың:

«Бойда  қайрат,  ойда  көз  –  болмағанға  айтпа  сөз!»  деген

нақылының әлі де маңызын жоймағанына көз жеткізесің.

Бүгінде  ауданымызда  спорт  саласының  қарыштап

дамуына зор қолдау бар. Материалдық база да жыл сайын

жақсарып келеді.  Бірақ, тағы  да ауылдардағы  жергілікті

атқарушы биліктің спортқа «уақыт таппауы» алдымыздан

шығады. Осы орайда жоғарыда аты аталған ауылдық округ

жастарының  ойымен  бөлісіп, мәселенің  анық-қанығына

көз жеткізген  едік. Мәселен,  Медеу  ауылының  тұрғыны

Жаннұр  Төлеубаеваның  айтуынша,  ауылында  спортпен

айналысуға  ешқандай  мүмкіндік  жоқ  екен.  Тіптен,

спорттық құрал- жабдықтардың ең қарапайым түрі - қол

добының  жоқтығы  да қол  байлау  болатындығын  ашына

айтты.  Жарысқа  қатысуға  ынталы болғандарымен  көлік

мәселесі,  жол  қаражаты  «алынбас  қамал»  екендігін

жеткізді.

Ал,  Саржал  ауылының  жас  маманы  Ақанұлы

Өмірсеріктің 

айтуынша 

әкімдік 


тарапынан

ұйымдастырушылықтың жоқтығы негізгі себепкер болса,

Көкбай  ауылының  жастары  атынан  Елдос  Тайтөлеуов

әкімдікке еш сын артпайтындықтарын, қолдаудың барын,

тіптен,  жыл  сайын  мектеп  түлектерінің  демеушілігімен

спорттық киімдердің берілетінін  айтып ақтарылды. Олай

болса,  жарысқа  қатыспауға  не  себеп?  Өздерінің

құлықсыздығы,  жігерлерінің  жетіспеушілігі  қол  байлау

болды ма? Алайда, барлық жағдай жасалып отырса, жуырда

ғана ұйымдастырылған спорттық шараларда неліктен төбе

көрсетпеді?  Тағы  да  тұйыққа  тірелеміз.  Біреуі  әкімнен

қолдау  таба  алмай  жүрсе,  бірі  сол  мүмкіндікті

пайдаланудың жолын  таппай  жүргендей.  Алда әлі  талай

туы желбіреген  дүбірлі  сайыстар  мен тартысты  додалар

күтіп  тұр.  Демек,  бұл  олқылықтың  орнын  толтыруға

мүмкіндік  бар.  Тек  басшылықтан қолдау,  ұйымдастыру

істері,  ал жастардан жігерлілік болса  болғаны.

Иә,  Елбасы  Н.Назарбаев  өзінің  Қазақстан  халқына

арнаған кезекті бір Жолдауында алдағы 2020 жылға қарай

республика  халқының  ең кемі  30  пайызының  спортпен

тұрақты  шұғылдануларына  жағдай  жасау  қажеттігін

үкіметке баса тапсырған болатын. Ал спорттық шараларға

шекесінен қарайтын біздің кейбір ауылдық округ әкімдері

Елбасы  саясатына  немқұрайдылықтары арқылы  «қарсы

шығып», ел үкіметі қолға алған басымдықтарды кері тартып

отырғаны ма? Бұл – қала берді мемлекетіміздің дамуына

деген қарсылық емес пе деген ой да қылаң береді.

Ауданның  намысын  қорғап, абыройын  аласартпауда

спорттық шараларға да дұрыс көзқарас керек екені анық

қой.


Тоғжан  НҰҒЫБАЕВА,

«Абай  елі»

Спорттық шаралар

Ағымдағы жылдың  қантар-наурыз айлары

аралығында Өскемен қаласында футзалдан әуесқой

командалар арасында XVIII ШҚО чемпионаты

өткен болатын. I лига бойынша Абай ауданының

құрама командасы үздік өнер көрсетіп, жүлделі 2

орынды жеңіп алды. Осы жеңіс арқылы аудан

құрама командасы келесі жылы өтетін жоғары

лигада ойнауға жолдама алды.

Бұл  жеңіс  оңайлықпен  келген  жоқ.  Оң

нәтиже  футболшыларымыздың    тиянақты

дайындығының,  жеңіске  деген  жігері  мен



Наурыздың 

13-14 

күндері

аралығында  дене  шынықтыру  және

спорт  бөлімінің  ұйымдастыруымен

Жеңістің  70  жылдығына  арналған  Абай

ауданы  әкімінің  жүлдесі  үшін  аудандық

спартакиадада 

шағын 

футболдан

аудандық  жарыс  өткізілді.

Спорттық  шара  барысында  ауылдық

округтерден  келген  командалардан  екі  топқа

бөлініп  өзара  кездесу  өткізді.  Ересектер

арасында  өткен жарысқа  6  команда  қатысты.

Атап айтқанда: Қарауыл, Құндызды,  Кеңгірбай

би, Архат, Тоқтамыс, Қасқабұлақ ауылдарының

командалары қарымта байқасты. Бұл жарыстың

қорытындысы  бойынша  1  орынды    Қарауыл

ауылы, 2 орынды - Кеңгірбай би ауылы, 3 орынды

–Архат  ауылының  командалары  иеленді.

Сонымен  қатар  ойын  барысында  ерекше

өнерімен  көзге  түскен  спортшылар  арнайы

марапаттауларға  ие  болды. «Үздік  қақпашы»

атағына Мамажаев  Сырым (Қарауыл),  «Үздік

ойыншы»  атағына Қайроллаев Әсет (Архат), ие

болса,  «Үздік  қорғаушы»  атағын  Серғалиев

Мақсат (Кеңгірбай би) атанды.

Жарыс  жеңімпаздары  мен  жүлдегерлері

Абай  ауданының  дене  шынықтыру  және

спорт бөлімінің мадақтамалары және бағалы

сыйлықтарымен  марапатталды.



«Абай елі» ақпараты

ұйымшылдығының және үлкен жауапкершіліктің

арқасында  келді.  Сонымен  қатар,  әр  аптаның

сенбі,  жексенбі  күндері  Өскемен  қаласына

барып,  шебер  ойын  үлгісін  көрсеткен

ұйымшылдықтары да өз нәтижесін берді. Сондай-

ақ, жерлесіміз, команда шабуылшысы Медетов

Қайрат осынау  жарыстың «Үздік  ойыншысы»

атағына ие болды.

Жоғарғы лигаға өткен футболшыларымызға

алда да үлкен жеңістер тілейміз.

«Абай  елі»  ақпараты

Сағынар  адамың  бар  болса,

сағыну  да  бір  бақыт  екен...  Иә,  бұл

күнде асқар таудай болған жан әкемді

сағынып жүрмін. Өз заманында көпті

көрген, ел сыйлаған білімді де зерделі,

ел  ағасы  болған  жан  әкемнің

басымнан  сипап  отырып:  «Адам

өмірде бірін-бірі сағынып іздейді, мен

де  балалық  шағымды,  ата-анамды

сағынамын.  Сен  де  ертең  біз  көзден

кеткенде,  көңілден  кетірмей  еске

ұста»  деуші  еді-ау,  қайран асыл  әке!

«Сағыныш  біткен  кезде  тіршілік

тоқтайды»  дейтін.  Бүгін  ойлап

қарасам,  әкемнің  әңгімесін  бала

кезімде түсінбеппін. Қазіргі күні оны

жиі еске алуым, сол сағыныштан екен

ғой.

Менің әкем Ұлы Отан соғысының



ардагері  Молдабаев  Әбілқасым  1915  жылы

бұрынғы  Семей  уезінің  Шаған  болысында  шаруа

отбасында  дүниеге  келген.  Өмір  бойы  мал

шаруашылығымен  айналысқан  ата-анасы  1932

жылы  қайтыс  болады.  Жастайынан  жетім  қалған

баланы, әкесінің  жамағайын туыстары  сол кездегі

байлар  қырғыз  жеріне  үдере  көшкен  кезде  алып

кетпекші болып, Абай елінен Семей шаһарына  жол

жүрген  ұзақ  сапарда,  орта  жолда  дем  алуға

тоқтаған  кезде,  бала  туған  жерден  жырақтап

мәңгілікке  кетіп  бара  жатқанын  сезді  ме  екен,

көліктен түсіп, сол маңайға  тығылып қалған екен.

Таң  атқанша  жас  баланы  арлы-берлі  іздеп  жүріп,

таба  алмаған  туыстары  қырғыз  еліне  жол  тартып,

сол жақта мәңгілікке тұрақтады. Ал әкем сол беті

туған  жерінде  қалыпты.  Сол  туыстарына  бала-

шағасын ертіп, көзі тірісінде  Мадияр бауыры мен

Мадина  келініне  барып,  туыстық  мауқын  басып,

бір  жасап  қалып  еді,  жарықтық.  Иә,  ол  кезде  мен

бала болсам да бәрі есімде. Әкем жол жүргенде де

төзімді,  айналасындағы    адамдармен  тез  тіл

табысып,  ортақ  әңгімелесіп  отырушы  еді.

Айналасына  шуақ  шашып,  әкелік  мейіріммен

мейірлене  қарап  талай  мағыналы  әңгіме  айтып,

өмірге қызығушылығымды арттырырушы еді. Енді

міне,  бұл  өмірден  бақилыққа  кеткеніне  14  жыл

болыпты.

1930  жылы  жергілікті  жеті  жылдық  мектепті

аяқтағаннан  кейін  ол  Семейдегі  байланыс

техникумына  оқуға  түседі.  Техникумды  бітіріп,

техник-монтер деген мамандық алып шыққан әкем

1933-1934  жылдары  кеңестік  партия  мектебінде

оқиды.  Оны  бітірген  соң  1936  жылға  дейін

Шыңғыстау  (қазіргі  Абай)  аудандық  комсомол

комитетінің  хатшысы  болып  қызмет  атқарады.

1937 


жылы  Жоғары  коммунистік  ауыл

шаруашылығы мектебін аяқтап, 1942 жылға дейін

балалар  үйінің  директоры  болған.  Тепсе  темір

үзетін жас жігіт Абай аудандық атқару  комитеттің

басшысы  болып  жүрген.  1941  жылы  Ұлы  Отан

соғысы басталып,  ел іші  дүрбелеңге толған  кезде,

ана  баладан,  жар    жан-жарынан  мәңгілікке

айрыларын  білді  ме  десеңізші!  Отан-ананы

қорғауға  Шығыс  өңірінен  ауыл  азаматтары

аттанып жатты. «Әкеме келіп, жалғыз

балам еді, соғыстан алып қалыңызшы»

деген    өтініш-тілектер  сай-сүйегімді

сырқыратушы еді»-деп әкем еске алып

отыратын. Әкем ел басына күн туған

заманда  қолына  қару  алып  майданға

өз  еркімен  аттанды.

Осылайша 

1942 


жылы

Калининград  бағытындағы  атқыштар

дивизиясында соғысады, Севостополь,

Харьков  қалаларын  азат  етуге

қатысады. Лейтенант атағын  алған  ол

1943  жылдың  соңына  қарай  аяғынан

жараланып,  госпитальда  жатып

емделгеннен  кейін,  1944  жылдың

мамыр  айында  елге  оралды.  1945

жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін

Абай  аудандық  атқару  комитетінде

жауапты  хатшы, Шұбартау ауданында

зоотехник,  Абай  ауданындағы  мал  дайындау

мекемесінің  бастығы,  тұтынушылар  одағында

ревизор  және  басшылық  қызметтер  атқарған.  1953

жылы  Қарауыл  ауылдық  Кеңесінің  депутаты  болып

сайланған.  Әкемнің  Ұлы  Отан  соғысындағы  және

бейбіт  өмірдегі  еңбектері  бағаланып,  «Ұлы  Отан

соғысы»  орденімен  және  «Ұлы  Отан  соғысындағы

ерен  еңбегі  үшін»,  «Германияны  жеңгені  үшін»,

«Маршал    Жуков»,  «Ұлы  Жеңіске  20,30,  40,  50,  55

жыл»,  «Тың  игергені  үшін»,  «КСРО  Қарулы

Күштеріне  60 жыл»  сияқты  көптеген  медальдармен

марапатталған.  2001  жылы  өмірден  өтті.

Әкем соғыста  болғанда  елде  кішкентай  ұлы  мен

анам  Эллатия  жалғыз  қалыпты.  Анамның  руы

Ырғызбай, текті жердің қызы болған. Абай ауданында

балабақшаның меңгерушісі  болып қызмет  жасапты.

Әр  сөзін  мақалдап  сөйлейтін  анам  ел  алдында  өте

сыйлы адам болған-ды. Қонақжайлығын ауылдастары

сағына еске  алып  айтып  отырады. Әкем  майданнан

өлеңдетіп  сағынышпен жиі «үшбу хат» жазады екен.

Оны  мына өлең  жолдарынан көруге  болады:

Қарауыл жалғыз шоқы, кіндік қоныс,

Атыңды  атап, хат  жазу  маған  борыш.

Сәлем  берем, аяулы  жар бір  өзіңе,

Қабыл  ал,  сәлемімді  жауынгердің-

Отан  қорғау-бізге  аманат...

деген сияқты өлең жолдарымен сәлем жолдапты.

Анам  да  жиі  ел  өмірінен,  ел  аманатын,  өзінің

амандығы  туралы  хат  жазатынмын  деп  еске  алып

отырушы  еді.  Отан  соғысының  отты  жылдарында

елге  аман-есен  оралып,  еңбек  майданында

шыңдалған  асыл  әкемнің  бейнесі  мәңгілік  ел

жүрегінде сақталары сөзсіз. Бұл күнде өмірден озған

әкемнің  мағыналы  сөздерін  есте  ұстай  отырып,

оларды  жас  ұрпаққа  насихаттау,  ерлік  істерін  үлгі

ету  –  біз,  ұстаздар  үшін  үлкен  бақыт.  Міне,

сондықтан  жас  жеткіншектерді  патриоттылыққа

тәрбиелеуде, ата, әкелерден қалған асыл мұраларды

қадірлеуге,  олар  туралы  жазылған  естеліктердің,

шежіре-кітаптардың  мағынасын  сіңіртудің  берері

ұшан  теңіз.  Мен  әкемді  сағындым...

Қызы  Гүлназым  Әбілқасымқызы  Молдабаева

Абай  атындағы  мектеп  лицейдің  мұғалімі

Ұлы  Отан  соғысы  еліміз

үшін  үлкен  нәубет  әкелгені

белгілі.  Сол  бір  сұрапыл

соғыста  хабарсыз,  жат

жерден топырақ  бұйырған

боздақтарымыз  қаншама!

Жеңістің  70  жылдық

мерекесі  қарсаңында  сол  көп

боздақтардың  бірі,

Құдайбергеновтер  әулетінің

үлкені,  ағамыз  Уанғазы  (Әуе)

Құдайбергенов  жайлы  айтып

өтуді  жөн  көрдім.  Ол  кісінің

соғыста  қаза тапқаннан  кейін

жерленген  жеріне  ғаламтор

арқылы  іздеу  салып

нәтижесінде  фотосуреттерін

тауып  алдық.  Ағамыздың

суретін  ғаламтордан  тауып

көрсеткен  өнер  мектебінің

ұстазы,  әріптесім  Нұргүл

Сүниятқызына  алғысым

шексіз.

Әуеміз  жайлы  деректерге

келетін  болсақ,    ол  кісі  жайлы

әкемнің апайы, Құдайбергенқызы

Мафруза, Макуза  апаларымыздан

естігеніміз  көп.  Құдайбергеннен

Уанғазы,  Бейсенғазы,  Қайырлы-

ғазы  (менің  әкем),  Есенғазы

тарайды.

Құдайбергенов  Уанғазы  1919

жылы  «Жаңа  арна»  колхозында

туған.  Орта  мектепті  Аягөз

қаласында  оқыған,  соғыстың

алдында  Таскескен  ауылында

мұғалім болып қызмет еткен, 1941

жылы  соғысқа  сол  жерден

шақырылады. Ағамыз 1943 жылы

майдан  даласында  сол  иығынан

ауыр жараланып демалысқа келеді,

сол  кезде  бір  жылдай  ауылдық

советте  қызмет  атқарады.  Осы

жылы    жан  жары  Әсемғазина

Жұмағайшамен шаңырақ  құрған.

Одан Аманғайша есімді бір  қызы

бар.  1944  жылдың  жаз  айында

соғысқа қайта шақырылып, Аягөз

қаласында,  Сергиопольда  екі  ай

әскери  дайындықтан  өтеді.

Уанғазының    Аягөз  қаласында

тұратын  Арғынғазы  Жылқыбаев

(атамыз  Құдайбергеннің  інісі)

деген ағасы  бар,  жеңгесінің  есімі

Үміт.    Уанғазы Аягөз  қаласында

әскери  дайындықтан өтіп  жатқан

кезде  оған    әйелі  Жұмағайшаны

жолықтырып,   қызы Аманғайшаны

көрсеткен    де  осы  ағасы

Арғынғазы  болады. Үміт жеңгесі

тамақ  апарып  тұрған.  Ал

Уанғазының  қызы  Аманғайша

ағамыз  тылда  болған  кезде

нағашыларының 

бауырында

болған.  Аманғайшаны  нағашы-

лары    өз    тектерін  беріп,  яғни

Әсемғазина    Аманғайша  деп

жаздырған.    1945  жылы  27-

гвардия    құрамында  соғысқа

қатысып, бұл гвардия 23-қаңтарда

қаланы  басып  алса,  ағамыз

ертеңінде  24 қаңтарда қаза тапты.

Батыс 


Пруссия 

Кляинур


маңайында  жерленген.

Уанғазы    ағамыз  елге  сәлем

жолдап  өлеңмен  хат  жазып

отырыпты.

«Әкешім  алдымдағы  асқар

тауым,


Құндызды туып-өскен  қайран

елім.


Қызығым   Бейсен,  Талап  жан

жүрегім,


Сендерді  аман  көрсем  бар

тілегім»,-деп жырына қосқан екен.

Қазақта «Ағасы бардың жағасы,

інісі бардың тынысы бар» деп тегін

айтылмаған 

ғой. 


Інісі

Құдайбергенов  Бейсенғазы  1932

жылы туған.  Соғыс басталған кезде

9  жасар  бала  болған  ол  буыны

қатпастан  колхоз  жұмыстарын

атқарған,  ал  анасы  Биғаным

апамыз колхозда қоймашы болған.

1949  жылы  Қарауылдағы    орта

мектепті  қызыл  аттестатпен

бітірген.  1952  жылы  Алматы

байланыс 

 

техникумын



тәмамдаған. 

Одан 


Мәскеу

қаласында  оқып,  жоғары  білім

алған.  Әскер  қатарынан  оралған

соң  да    Уляновскідегі    әскери

байланыс училищесіне оқуға түсіп,

маман  атанады.  Ал  1960  жылға

дейін   кавказдық әскери  округте

әскери  қызметте  болған,  1966

жылға  дейін  Германияда,  1971

жылға  дейін  Түркменияда,  осы

жылдан 1987 жылға дейін Алматы

қаласында    Орталық  Азиялық

әскери  округте  әскери  қызмет

атқарған.  Бүгінде  Алматыда

тұрады,    демалыстағы  полковник

шенінде.  Бейсенғазының  ұлы

Сәбит Құдайбергенов те әке жолын

жалғастырып, Алматының  әскери

училищесін  қызыл  дипломмен

бітірген.  Тура әкесі  сияқты ол  да

Мәскеудегі  Фрунзе  атындағы

академияны да қызыл  дипломмен

бітіріп шыққан. Бүгінде Қорғаныс

министрлігінде  қызмет  жасайды.

Генерал-майор шені бар.

«Аталар  ерлігі  -  ұрпаққа

ұлағат»  демекші,  Әмірханұлы

Құдайберген  ұрпақтарының  бірі

Қайырлығазыдан туған  кенже ұлы

-    мен  Сымбат  Құдайбергенов

әкемнің  ағасын,  осы    Уанғазы

ағамызды  іздеп,  оның Ұлы  Отан

соғысқа 

қатысқандығын

айғақтайтын  деректерді  жинап,

бүгінгі  ұрпаққа  үлгі    ретінде

көрсетуді парыз санадым. Ер есімін

ел есінде  сақтау мақсатында  осы

істі қолға алдым. 2000 жылы Семей

мемлекеттік  университетінің

көркем  сурет кафедрасын  бітіріп,

2007  жылдан  күні  бүгінге  дейін

ауданымыздағы  Өнер  мектебінде

ұстаздық 

еңбек 

жолымды


жалғастырудамын. «Ұлы  бардың

өзі бар, қызы бардың ізі бар» демей

ме,  Уанғазы  ағамыздың    жалғыз

қызы  Аманғайша  апамыз  бүгінде

Семей қаласында тұрады. Жездеміз

марқұм Арғынғазы  Серікбаев екеуі

7  бала  (4  қыз,  3  ұл)  тәрбиелеген.

Осылайша,  Уанғазы  ағамыздан

қалған бір қыздан жеті ұрпақ өрбиді.

Апамызға  осы  ұрпақтарының

қызығын көріп, ұзақ ғұмыр берсін

деймін.


Сымбат

ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,

Қарауыл  ауылы

PDF 


создан

 

с



 

пробной


 

версией


 pdfFactory Pro 

www.pdffactory.com



16-22  наурыз  2015  жыл

Қарауыл ауылының тұрғыны,

аяулы жар, асыл әке Бекежанов

Матанның өмірден өткеніне 40

күн  болды.    Отбасының  тірегі,

асыл әке, немерелерінің сүйікті

атасы болған  әкеміздің  жатқан

жері жайлы, тұрағы пейіштің төрі

болсын дейміз. Сағыныштан еске

аламыз.

Кім келіп бұл өмірден



кім кетпеген,

Кім қалар ажал

шіркін індетпеген.

Қырық күн болды бақиға кеткеніңе,

Мәңгілік мекен жайға жеткеніңе.

Күтіп жүрміз бір жаққа кетті деп,

Мазалайды ойлар келіп сөккілеп.

Мұңлы ойлар жүректерді мекендеп,

Сағынтады сағынышқа жетелеп.

Жалтаңдайды Никоң қайта-қайта есікке,

Иманың жолдас қылсын бір Аллам.

Бір өзіңе бағыштадық құранды,

Сол дұғамыз болсын жарық шырағдан.

Еске алушылар: жолдасы Бижамал, балалары,

немересі Нүриддин,

Бекежановтар әулеті.

Марқұм Бекежанов Матанның  40 күндік асы сәуір

айының 4 күні  «Еңлік-Кебек» тойханасында ерлерге

сағат  11:00-де,  әйелдерге  сағат  14:00-де  беріледі.

Қатымға барлық туған- туыс, құда- жекжат, көрші-

қолаң, достары мен ауылдастарын шақырамыз.

Абай ауданы білім бөлімінің ұжымы осы  бөлімнің

бас  экономисі Қасымжанов Қуат  Санақбекұлына

және Шәкерім атындағы орта мектептің  мұғалімі

Қасымжанова Қарлығашқа сүйікті бауырлары

Қасымжанов  Мейрамбектің

мезгілсіз  дүниеден  өтуіне  байланысты

қайғыларына  ортақтасып, көңіл айтады.

***


Абай аудандық Тұтынушылардың Құқықтарын

Қорғау Басқармасы және Абай аудандық сараптама

орталығы  осы  мекеменің  дәрігер-  бактериологі

Төлеубаева Айтжамал Бекайдарқызына сүйікті әкесі



Қалиев  Бекайдардың

дүниеден өткеніне байланысты көңіл айтады.



Әкешім абзал жанды асыл едің...

Көзінің  тірісінде  асыл  жар,  абзал әке,

ардақты  ата  болған    Бекайдар

Қалиұлының   өмірден озғанына наурыз

айының  28 жұлдызында  40 күн   болады.

Өзінің  жарқын  ғұмырында  әулетіміздің

тірегі,  ұрпақтарының  қамқоры,  елінің

қадірлі азаматы бола білген аяулы әкемізді

қайғыра еске аламыз.

Әкеміз    1934  жылы  10  желтоқсанда

Абыралы өңірінде дүниеге келген. Балалық

щағы Ұлы Отан соғысының  ауыртпалық

жылдарымен  тұстас  келіп,  еңбекке  ерте

араласқандардың бірі. Әкесі соғыстан оралмады, анасы Тиыштыбала екі

қызымен жалғыз ұлын аяғынан тұрғызып,1971 жылы дүниеден өтті. 1951

жылы алғашқылардың бірі болып трактор тізгініне отырған азаматтардың

бірі болды.  1954-1956 жылдары Кеңес Армиясы қатарында Примор

өлкесінде әскери міндетін атқарып келген соң,1957 жылы  анамыз Нұрипа

Жүнісбекқызымен  отау құрып, іргелі отбасы болды, 8 балаға өнегелі

тәрбие берді. Әкеміз  Абай ауданының ауылшаруашылығының өркендеуіне

сүбелі үлес қосты. 1957- 1969 жылдары « Қызылту» совхозында, 1970

жылдан 1995 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін  «Ақбұлақ» совхозында

шопан болды.Талай социалистік жарыстардың жеңімпазы болып, ауыспалы

қызыл туды жеңіп алып, еңбегінің жемісін көрді.Қай  жерде, қай ауылда

жұмыс істесе де еліне қадірлі  болды. Әкем қарапайым еңбек адамы болса

да  адами қасиеттері мол, пайым- парасаты терең, көзі ашық көңілі ояу

жан еді. Кеңес кезіндегі  «Жұлдыз», « Жалын» «Қазақ әдебиеті», « Лениншіл

жас», «Совхоз туы»  сияқты газет-журналдарға жазылып, оқитын.

«Баласын оқытуды жек көрмеген» адамның бірі болды.Ұл-қызы өмір

теңізінде, кемелері желкен жайып кетуіне қолдан келгеннің бәрін жасады,

рухани желеп жебеді. «Адам ұрпағымен  қөрікті» ғой, әкеміз балалары

мен немерелерінің қызығын көріп, шөбере сүйіп кетті. Балалары мен

немерелерінің қөбі жоғары білім алып, әр салада еңбек етіп, алдыңғы

қатарда болғанына  шүкіршілік етіп, өмірден өтті. Жаратылыс заңы солай,

өмірге келмек бар, кету де бар...

Ұшырдың қызды қияға,

Қондырдың ұлды ұяға,

Қанша жасқа келсе де ,

Әкесін бала қия ма? дегендей әкемізге деген сағынышымыз ұлғая

түскендей.

Сөндірмейтін әке жаққан шырағын,

Ізіңізде бар қыздарың, бар ұлың.

Сағынамыз жаның болсын жаннатта,

Тілегіміз нұрға толсын қабірің.

Сағынышпен еске алушы балаларының атынан Айтжамал

Бекайдарқызы, Қалиевтар әулеті.

Марқұм  Бекайдар  Қалиұлының  рухына  бағышталған  40

күндік  асы  28  наурыз  күні  Семей  қаласында    «Сарыарқа»

мейрамханасында  ерлерге  сағат  11:00-де,  әйелдерге  сағат

13:00-де  беріледі.  Қатымға  барлық  туған-туыс,  құда-жекжат,

дос-жаран, ауылдастарды шақырамыз.

Жоғалды

Жұматаева  Ардана  Жұматайқызының  атына  2004  жылы  Көкбай

атындағы  орта  мектеп  бітірген  ОБ  №1018171  нөмірлі  орта  білім

аттестаты жоғалғандықтан жарамсыз деп саналсын.



Көңіл айтамыз

ҒИМАРАТТА ӨРТ ШЫҚҚАН ЖАҒДАЙДАҒЫ

АЛҒАШҚЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕР

Аудан бойынша малдың күйдіргі

(сібір жарасы)  індетіне қарсы егілуі

АЗДЫРУҒА

БАСТАЙТЫН  ҚАДАМ

«Арақ  –  атаңнан  қалған  ас  емес»  дейді  дана  халқымыз.  Ата-

бабаларымыздан  бізге  қалған  мұра  –  ел,  жер,  тіл,  діл,  дін.  Ендеше,

неге    маскүнемдікке  салынып,  арақтың  соңында  барлық

абыройымызды төгіп, адасушылықтардың орын алуына жол береміз?

Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бүгінгі қоғам

үшін  өзекті  болып  тұр.  Өйткені,  алкоголизм  дертінің  артында  жеке

адам, жанұя тағдыры тұр.

Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін

шайқалтады, адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады. Осыған орай

мен  де  өз  ойымды  білдірмекке  қолыма  қалам  алдым.  Бірде  бір  хатым

дастарханы басында отырып, Құнанбай қажы мешітінің бас имамы Болат

Самырбай арақ ішетін адамды айта келіп, ішпейтін адамның өзі арақ ішетін

адамның қасында бірге отырса, ішетін болып есептеледі деді. Өте орынды

сөз, халықты тәртіпке, мәдениеттілікке шақырып отыр.

Бүгінде адамдар тойды, мерекені, туған күнді арақпен өткізеді. Арақ ішпесек

тойдың сәні, мәні болмайды деп санайтын саяз түсінік қалыптасқан. Кейбіреулер

тағдырдың тауқыметін, қиын жағдайын уайымдап арақ ішеді. Мұның бәрі бос

сылтау. Саралап қарасақ, өмірде қиын тағдыр да, қуаныш та қатар жүреді. Төзу,

шыдамдылық, сабырлылық керек. Көпке топырақ шашудан аулақпын. Алайда,

келеңсіз жайттар да жі кездеседі. Өкінішке орай ауылда, ауданда, арамызда кейбір

ер азаматтар арақты сылқия тойып, құлағанша ішеді. Күн сайын салынып ішкен

соң ақыры маскүнемдік дертке душар болады. Үйінен тыныштық кетеді. Әйелі

шыр-пыр болып жүреді, қиын жағдайға төзеді. Топты балаларының да мазасы

қашады. Есін білмей күнде арақ ішіп келген күйеуі әйелін балағаттап, дөрекі

сөздер айтады. Ал әйел байғұс іштен тынып, бәріне көндігеді. Арада 20-30

жылдай  уақыт  өтеді,  әйел  адамның  осы  уақыт  ішінде  жүйкесі  жұқарып,

денсаулығы нашарлайды. Әйел бақыты осы ма? Әсіресе, қазақтың ер  азаматтары

маскүнемдік дертке ұшырамай, арақ ішуден аулақ болса екен деймін.

Өмір  өлшемі  -  салауаттық,  салауаттық  -  өмір  заңы.  Адам  баласының

жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай

жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой.

Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік

алады емессің бе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі

сәнді  өмір  сүруге  болады.  Сондықтан  да  халқымыз  алкоголизмге,

маскүнемдікке, есірткі тұтынуға қарсы бірлесіп әрекет жасауы тиіс.

Маскүнемдікке қарсы шараларды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек

етейік.  Адамды аздырып, жүрегінен иман, жүзінен нұр кетіріп, көңіліне,

өміріне қара дақ салатын арақ, есірткіден аулақ болу – әрбір мұсылманның

басты міндеті. Ендеше баршамыз осынау міндеттің үдесінен шыға білейік.

Жұмагүл ЖАСҰЗАҚОВА,

зейнеткер,

Қарауыл ауылы

Салауатты өмір салтын ұстанайық!

Абай  ауданының  Төтенше

жағдайлар бөлімі өрттердің алдын

алу  мақсатында  ғимараттардың

Басшыларына 

және


қызметкерлерінің  назарына  келесі

нұсқамаларды ұсынады:

- Кез келген бейтаныс ғимаратта

кіру  және  шығу  жолдарының

орналасуы  тәртібін  есте  сақтап

қалыңыз,  сонымен  қатар,  негізгі

және 

қосалқы 


есіктердің

орналасуына мән беріңіз;

- Егер де «Өрт!» деген айқайды

естісеңіз немесе түтін иісін сезсеңіз,

от жалынын байқасаңыз, дереу өрт

сөндіру  қызметіне  «101»-ге

хабарлаңыз;

-  Сабырлылық  пен  ұстамдылық

сақтауға  тырысыңыз,  жаныңыздағы

адамдарды тыныштандырыңыз. Үрейге

бой алдырмай қарама-қарсы бағытта

есікке қарай жылжыңыз;

-  Топ  ішінде  келе  жатқанда,

қартаң  адамдарға  жол  беріңіз,

қорқыныш салдарынан қозғала алмай

қалған  адамдарға  көмектесіңіз,

олармен байсалды, түсінікті түрде

сөйлесуге тырысыңыз;

-  Иін  тірескен  топ  ішінде

қалсаңыз,  шынтағыңызды  бүккен

күйде қолдарыңызды қос бүйіріңізге

қойыңыз  да,  жұдырығыңызды

түйіңіз.  Кеудеңізді  шалқайтып,

аяғыңызды  алға  тіреп,  адамдар

тегеурінін  арқаңызбен  тоқтатуға

тырысыңыз,  сөйтіп  алдыңызды

босатып, асықпай жылжыңыз;

-  Түтіні  қалың  бөлмелерге

кірмеңіз!;

-  З аманауи  ғима раттардың

құрылысына көбінесе улы заттарды

бөліп шығаратын пластик, синтетика

және т.с.с материалдар қолданылады.

Ондай  улы  ауамен  бірнеше  рет

тыныс  алудың  өзі  адамды  өлімге

әкеліп соғуы мүмкін;

-  Бөлмелердің,  дәліздің  түтінге

толғанын  көрген  сәтте  түтін  жете

қоймаған  басқышқа  немесе  есікке

қарай  жүріңіз,  тек  жеделсатыға

кіруге  болмайды.  Өрт  кезінде

жеделсатыны пайдалануға мүлдем

тыйым салынатынын есте сақтаңыз;

-  Қабырғалардан,  тұтқалардан

ұстап қозғалыңыз, қол орамал немесе

киім арқылы дем алыңыз;

- Түтін қоюлана бастаса еңкейіп

немесе жер бауырлай жылжыңыз;

Ауа  температурасының



жоғарылағанын  сезсеңіз, қауіпті

аймаққа жақындағаныңыз. Мұндайда

ең  дұрысы  –  кейін  шегіну.   Егер

қалың 


түтіннің, 

жоғары


температураның  және  өрттің

кесірінен басқышқа немесе дәлізге

шыға  алмайтын  болсаңыз,  есікті

мықтап  жауып,  тез  арада  кейін

қайтқаныңыз жөн;

-  Ес іктің  жа рықтары  мен

желдеткіш  саңылауларын  дымқыл

шүберекпен бітеңіз;

-  Түтіннің  қалыңдығы  қауіпті

деңгейге  жетіп,  ғимараттағы

температура  тым  артқан  болса,

есікті  жақсылап  жауып,  балконға,

лоджияға  шығу  керек.  Суланған

немесе  дымқыл  жапқыш  немесе

басқадай матаны ала шығыңыз, өрт

жалыны  есік  немесе  терезе

саңылауларынан өткен  жағдайда

қымтану үшін қажет болады;

-  Егер  де  түтіні  қалың  дәліз

арқылы шықпақ боп шешсеңіз (өте

қауіпті),  суланған  қалың  матаны

жамылып, еңкейіп немесе еңбектеп

қозғалыңыз. 

Қарапайым  өрт  қауіпсіздігі

ережелерін  сақтау  арқылы  –

өміріңізге 

төнген 

қауіптен


сақтанатыныңызды  естен  шығар-

маңыз.  Отқа  әрқашанда  абай

болыңыз!

Рауан АРДАҚҰЛЫ,

Абай ауданының ТЖБ аға

инженері

өртке карсы қызметінің

лейтенанты

Аудан  бойынша малдың күйдіргі (сібір

жарасы) індетін қарсы іс-шаралар туралы

ҚР  «Күйдіргі  (сібір  жарасы)  табиғи

қолайсыз  елді  мекендер  Кадастрі»

бойынша Абай ауданының 8 елді мекені

қолайсыз аумаққа жатады  (Құндыздыдан

басқа).  1956  ж-1984ж  аралығында

ауданның аумағы 4200 га жерін қамтыған

10 ошақ тіркеліп, 158 бас ұсақ мал, 11 бас

МІҚ, 22 жылқы ауырған, ұсақ малдың бәрі,

МІҚ-10,  жылқы  -18  бас  өлген.  Күйдіргі



(сібір жарасының)  терілік түрі және ішектік

түрі болатыны мәлім. ҚР аумағында кез

келген уақытта сібір жарасының табиғи

ошақтары бар болғандықтан, бас көтеру

мүмкіндігі  бар  екендігін  есте  ұстау

қажеттігін  дәлелдейді.  Күйдіргі  (сібір

жарасы) аса қауіпті ауру. Күйдіргі (сібір)

жарасының  қоздырғышы  50  жылда

өлмейді,  өзінің  өнетін  уақытын  күтеді.

Көбіне  МІҚ,  ұсақ  малдарда  кездеседі,

малды  емдеуден  гөрі  оларды  жойып,

өртеген  дұрыс.  Ауру  адамдарға  шикі  ет

арқылы, дұрыс қайнамаған,  піспеген ет,

сүт өнімдері арқылы  және малдәрігерлік

анықтамасы  жоқ  малды  ырықсыз  сою

кезінде жұғады. Аурудың терілік түрінің

жабық мерзімі 2-10 күн. Алғашқы белгісі-

масаның шаққаны тәрізді, бір күннен соң

ішіне қан үймелеп жарылады да жара пайда

болады. Дене қызуы көтеріліп, лоқсу, бас

ауыру,  жүрек  қағуы  болады.  Ішектік

түрімен  ауырғандардың  50  пайызы  өлім

жітіммен аяқталады. ҚР ДСМ 30.12.2004ж.

№  905  ҚР  АШМ  10.01.2005ж.  №  09

біріккен  бұйрығын  басшылыққа  ала

отырып,  Абай  ауданы  аумағында

зооантропонозды жұқпалардың алдын алу

бойынша шараларды іске асыратын жұмыс

тобын құрып, бірге шешілетін мәселелерді

тиімді,  жедел  шешу  қажеттігі  туындап

отыр. Жұмыс тобы зооантопонозды ауруға

шалдыққан 

ауыл 

шаруашылығы



малдарының және адамдардың арасында

аурушаңдықтың алдын алуға, төмендетуге

бағытталған іс шараларды іске асырылып,

санитарлық  –  эпидемиологиялық  және

малдәрігерлік  саладағы  заңнамаларға

сәйкес жұмыс жасауы қажет.



Талғат ЕРДЕНБЕКОВ,

ҚР ҰЭМ Комитетінің

ШҚО ТҚҚ Департаментінің

Абай аудандық

Тұтынушылардың Құқықтарын

қорғау

Басқармасының басшысы

101 хабарлайды!

PDF 


создан

 

с



 

пробной


 

версией


 pdfFactory Pro 

www.pdffactory.com



16-22  наурыз  2015  жыл

“Абай елі”

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Абай аудандық

қоғамдық-саяси апталық газет

Газет  айына  төрт  рет  шығады.

Редакция  оқырман  хаттарын

қайтармайды.

Автордың мақалалары редакция-

ның көзқарасын бiлдiрмейдi.

Жарнама  мен  хабарландыру-

дың  мазмұны  мен  мәтiнiне  жар-

нама  берушi  жауапты.



Редакцияның  мекен-жайы:

070100  Қарауыл  ауылы,

Құнанбай  көшесi,  12-үй.Тел/факс:  9-23-43

e-mail:  abay_eli_1@mail.ru

Газет  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет,  Ақпарат  және

қоғамдық  келісім  министрлігінде  01.07.13  жылы  тіркеліп,

№13720- Г тіркеу куәлігі берілген.

Газет  “Спектр”  ЖШС    баспа  орталығында  офсеттiк  тәсiлмен

басылып  шығады.  Мекен-жайы:  Шугаев  к-сi,  30.

Таралымы  2200  дана.

Тапсырыс  №

2  Баспа  табақ.

Қарауыл  ауылының  тұрғыны,

әріптесіміз, асыл жар, ардақты ана, аяулы

келін Шакен Сымбат Өмірбекқызын

көк  желекті  көктеммен  бірге  келген

мерейлі  40  жасымен  шын  жүректен

құттықтаймыз. Осы қуанышты күні Сізге

деніңіздің  саулығын,  шаңырағыңызға

ырыс  байлығын,  жүрегіңізге  мәңгі

жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің

шалқыған шаттығын тілейміз.

Сымбат, туған күнің құтты болсын!

Ағайын-туысқанмен ортаң толсын.

Жасыңа дәл осындай жас қосылып,

Көңілің дариядай жарық болсын.

Бақытты отбасының кеш ғұмырын,

Өмір өзі жазады отты жырын.

Дәулетпен дәм - тұзың құп жарасып,

Ақ сүтіңді ақтасын құлындарың.

Күміс күлкі жүзіңнен арылмасын,

Болсын дейміз әрдайым бағың басым.

Отбасыңа тілейміз біз амандық,

Жаратқан дәйім Сізді жарылқасын.

Ізгі ниетпен: Абай аудандық көп балалы

және тұрмысы төмен отбасыларының балаларына

арналған интернат ұжымы.

Хабарландыру

Саржа л  ауылдық  округіне  қарасты  «Гүлім»  шаруа

қожалығы «Ақ құдық» қыстағына ВЛ-10кВ Л-4 ПС 110/35/

10 кВ Электр құрылғысына қосылу үшін жұмыс жобасын

мемлекеттік  экологиялық  сараптамаға  және  Өскемен

қаласындағы қоршаған ортаны қорғау басқармасына және

та б и ға т  п а й д а л а н у   ре с у рс та ры  ре тте у   ме к е ме с і н е

жі б е рі л ге н д і гі н   х а б а рл ай д ы.   М ү д д е л і   тұ л ға л а рд ың

э кол оги ял ық   э кс п е рти з а   б а с қ а рма с ын а   жол ығуд ы

сұраймыз.

Абайдың замандасы Көкбай ақынның жақсы атқа жаны

құмар болса керек. Бірде орайы келіп, ел ішінде ауызға іліккен

Көкбесті дейтін атты бір түйе, екі бестіге айырбастап алады

да, олжасын ақындардың ұстазы Абайға көрсетуге келеді.

Ат  жалының  буы  бар,  оған  ақындық  шалымы  қосылған

Көкбай:

- Асалаумағаләкум, Абай ақын,



Алдыңнан өнеге алдық талай ақын.

Бір түйе, екі бесті беріп алдым,

Мінуге алшаңдатып, қалай атым?-

десе,Абай: «Мақтанға жарып-ақ қалдық емес пе!»- деп,

қасындағыларға қарап күліпті.

Сонда Абайдың  жанында отырған Біралы ақын:

-Қанат жоқ ер жігітке аттан басқа,

Өнер жоқ жазу, сызу хаттан басқа.

Ат жақсы, алған жары жақсы  болса,

Жігітті ел қояр ма мақтанбасқа,-

Депті.

Осы кезде Абай қисынды сөзге ден қойып:



-Ендеше  Көкбай  жоғары  шықсын.  Ал  мынау  отырған

Сүлеймен деген жігіт, осы  ауылға арық атын жаяу жетелеп

келіп  отыр.  Әңгіме  ат  туралы  болған  соң,  мұны  да  құр

қалдырмай, бірдеңе десең жарар еді,- дейді. Сонда Біралы

іркелместен:

-Жігітті кім таниды жүрмеген соң,

Атағын ауыл-елі  білмеген соң.

Ер түгіл, еркек деуге аузым бармас,

Бір тайды үркек қылып мінбеген соң,- деген екен.

...деген екен!

Ұлтымыздың  ұлық  мерекесі  -

Наурыз  мейрамын  өзіндік  өрнегімен

өткізген  мекемелер  қатарынан

Қарауыл  гимназиясының  ұжымы  да

табылды. Білім ордасы жуырда мереке

құрметіне  «Наурыз  аруы  -  2015»

мектепішілік  арулар  байқауын

ұйымдастырды.

Көктем мезгілі табиғат сұлулығына әр

кіргізсе,  ару  қыздарымыз  елдің  көркін

кіргізеді. Сол себепті де бұл екі ұғым жер-

әлем жаңарған осынау шақта өзара әсем

үйлесімділік табатыны белгілі.

Наурыз  айы  туғаннан  бастап  әрбір

білім ордасында қыз сыны сияқты бірқатар

байқаулар  да  басталып  кетеді.  Сондай

шаралардың  бірі  ретінде  Қарауыл

гимназиясының  8  «ә»,  9  «ә»

сыныптарының ұйымдастыруымен өткен

«Наурыз аруы-2015»  оқушылар сайысын

атауымызға болады.

Мерекелік  сайысты  оқушылар

«қауышу»  рәсімімен  ашып,  қатысушы

өнерпаздар жарапазан айтып, аталмыш

мектептің  ардагер  ұстазы  Бағдат

Нұрғалиева «алас» рәсімін жасады. Ұлыс

күнінің  ұлық  салтанатында  гимназия

ұстазы  Алуа  Рымбектің  «Наурыз»  әні

орындалып,  ұйымдастырушы  топ

көрерменге Наурызкөжеден дәм татқызды.

Ал сайысқа жоғары сынып оқушылары

шығып,  өзара  шеберлік  сынасты.

Таныстыру,  өз  өнерін  көрсету,

қатысушылардың білім зердесін тексерген

сұрақ жауап туры, шығармашылық сайыс -



Шаһар төріндегі шығармашылық кездесу

 Жуырда  Семей  қаласындағы



Абай 

атындағы 

облыстық

кітапханада  жерлесіміз,      ақын,

сазгер,  ҚР  Мәдениет  қайраткері

Елдар  Оразалының  «Жырларым

менің – сырласым» атты тақырыпта

әдеби-сазды кездесу кеші болып өтті.

Шығармашылық 

басқосуға

шаһардағы  зиялы  қауым  өкілдері,

әдебиеттанушылар,  ғалымдар  мен

студенттер  қауымы  қатысты.

Қазақ әдебиетінде өзіндік із қалдырған

ғалым,  ұлағатты  ұстаз  Кәмен

Оразалинның  перзенті, асылдың тұяғы

Елдар  әке жолын жалғастырып, туған

жеріне кірпіш болып қаланды, мәдениет

саласын 

басқарудағы 

іскерлік,

ұйымдастырушылық 

қабілетімен,

жобаларымен көптеген жетістіктерге жетіп,

ауданның дамуына айтарлықтай үлес қосты.

Аталып тұңғыш есімім,

Дүниенің аштым есігін.

Саяңда өстім, есейдім,

Туған  жер  –  алтын  бесігім,  -  деп

жырлаған  ақын  Елдар  Оразалының  өмір

жолдары  мағыналы.  Оның  әке  өсиетіне

адалдығын,  кәсіби  маман,  ақын,  әуезді

әндерімен  сазгерлік,  әншілік  қасиеттерін

бейнелеген  слайд  көрсетілімі  көпшілік

назарына ұсынылды.

Қазақы дәстүрмен Е.Оразалының туыс

апайы  Жұмағайша  Омашева    аналық

жүрегімен  ақ тілегін білдіріп,  шашу  шашты.

Осыдан  кейін кешті  жүргізуші    Зағия

Төлеуғазықызы  сөзді  қонақтарға    беріп,

кездесуге келген семейлік зиялы қауым өкілдері

Сейітжан  Тәбәрікұлы,  Төкен  Ибрагимов,

Молдабек Жанболатов, Отантай Кәріпжанұлы

және Жақсыбек Екібаев, Ғазез Қабдрахманов,

М.Әуезов атындағы колледждің директоры

Шағангүл Жанаева, әулеттің атынан Самар

Оразалиндер сөз алып, ақын туралы, оның

өлеңдері туралы жылы лебіздерін білдірді.

Кітапхана жанынан құрылған «Поэзия

бұлағы»  клубының  жас  ақындары

Е.Оразалының  лирикалық  сезімге  толы

өлеңдерін шабыттана оқыды.

«Төгілген  тердің  көрсем  деп  кейде

жемісін,


Жүресің  болжап  уақыттың  барар

өрісін…» - деген жаны сұлулыққа, көкірегі

биік армандарға толы ақын Елдар Оразалы

шараға қатысып отырған Шәкәрім атындағы

Семей  мемлекеттік  университетінің

филология  факультетінің  және  М.Әуезов

атындағы педколледж студенттері тарапынан

қойылған сұрақтарға сөз маржанын төгілте

өлеңмен де, қара сөзбен де жауап қайырды.

Әсіресе,  бұл мәдени  іс-шара  болашақ

жастар үшін үлгі-өнеге аларлық  тағлымы

мол, ғибратты кеш болды.

Кешке  арнайы  келген  «Қаламқас»

ансамблінің  әншілері  Тамара  Көзбаева,

Нұрбек Өмірбек, Еркін Жолжігіт, Арайлым

Берлешовалар  ақын  әндерін  орындап,

қатысушыларға әсерлі көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ,  өткен  жылы  27  қарашада

облыстық А.Пушкин атындағы кітапхананың

ұйымдастыруымен  өткен  «Менің  өлкем-

менің 

Отаным!» 



атты 

байқау


қорытындысында Елдар Кәменұлының

«Уақыт жемісі» атты өлеңдер мен әндер

жинағы «Таңдаған жұмысына берілген»

номинациясы  бойынша  арнайы

дипломды    Абай  атындағы  әмбебап

кітапханының  директоры  міндетін

атқарушы Аязбаева Гүлмира Мұратқызы

табыстады.

Шараға  қатысушылар  «Жыр

жазамын  жүрегіммен»  атты  кітап

көрмесіне  қойылған  ақынның

кітаптарымен,  мерзімді  басылым

мақалаларымен  танысты.  Көпшілікке

ақын туралы құрастырылған бетбелгі,

буклеттер үлестірілді.

Кеш соңына қарай жиналған қауымға

Елдар  Оразалы  өз  шығармашылығынан

қонақкәде  ретінде  «Туған  күн»  әнін

орындап, ән шашу  сыйлады.

Сондай-ақ,  Семей  жұртшылығымен

кездесуге мүмкіндік берген Абай атындағы

облыстық  кітапханаға  ризашылығын

білдіріп,  өзінің  жақында  ғана  шыққан

«Уақыт жемісі» атты кітабын қолтаңбасымен

сыйға тартты.

Кітапхана ұжымының атынан Гүлмира

Аязбаева  танымдық кеш иесіне:

-  Осы  кітаптың  ізімен  шабытты

өлеңдеріңіз  оқырман  қауымды  қуантып,

тартымды туындыларыңыз кітапханамыздың

өлкетану қорын толықтыра берсін!» деген

тілекпен ақынға ақ жол тіледі.

Шара соңында қатысушылар ақынмен

естелікке суретке түсті.



Назым КҮЗЕНБАЙ,

Абай ауданы.

қолөнер,  сән  үлгілерінің  шеруі  сияқты

бөлімдерден  тұрған  байқау  танымдық,

тағылымдық тұрғыдан мағыналы сипат алды.

«Наурыз аруы-2015» тәжіне үміткерлер

мол екен. Сегізінші, тоғызыншы, оныншы

сынып  оқушылары  қатысқан  шарада  9

оқушы өзара сынға түскен болатын. Сайысқа

осы мектептің физика пәні мұғалімі болған

ұлағатты  ұстаз  Бағдат  Нұрғалиева,

«Қаламқас» ән-би ансамблінің күміс көмей

әншісі Тамара Көзбаева, аймақтық «Семей

таңы» газетінің Абай ауданындағы меншікті

тілшісі, өлкетану мұражайының қызметкері

Бұлбұл Мәкенова, «Жастар орталығының»

басшысы Мейіржан Смағұлов және «Абай

елі» апталық газетінің бас редакторының

міндетін атқарушы Нұржан Байтөс төрелік

етті.

Байқау  бес  бөлімнен  құралыпты.  Әр



бөлімнің де өз үздіктері болды. Мәселен,

алғашқы бөлімде өз таныстыруын өлеңмен

өрген  өрендер  ішінде  8  «ә»  сынып

оқушысы Ажар Уатжанова дара шықса,

екінші бөлімде 8 «а» сыныбының оқушысы

Диана Садырбекқызына оқыған «Жетімнің

монологына»  көзіне  жас  іркіп,

тебіренбеген  көрермен  болмады.  Ал

үшінші бөлімнің шарты бойынша аруларға

өз  қолдарымен  жасаған  бұйым,  тағам

түрларін  көрсету  міндеттелген  еді.

Қазақстан  халқы  ассамблеясының  20

жылдығы сынды айтулы датаны қамтыған

қолөнер үздігі болып 9 «а» сыныбының

оқушысы Толымбекқызы Гүлім танылса,

сән үлгілерін көрсеткен соңғы бөлімде 9

«а»  сыныбының  оқушысы  Әлия

Бақытқызы талаптан табылды.

Айта  кеткеніміз  жөн,  соңғы  бөлімде

оқушылардың дайындап әкелген кешкі киім

үлгілеріне берілген бағада қазақ қызына

тән, оның ішінде «Наурыз аруы» деген атқа

сай  талап  ескерілді.  Сондай-ақ,  «қызға

қырық үйден тыйым» деген ұстаным әділ-

қазылар тарапынан қатаң сақталды.

Кеш соңында байқауға қатысушылардың

өнерлері  сараланып,  марапаттау  рәсіміне

ұласты.  Атап  өтсек,  8  «а»  сыныбының

оқушысы Талшын Советқызы «Ибалы ару»

атағын алса,  8 «ә»  сыныбының оқушысы

Еңлік  Төлепбекова  «Шебер  ару»,  осы

сыныптың  тағы  бір  оқушысы  Ажар

Уатжанқызы  «Зерделі  ару»,    9  «а»

сыныбының оқушылары Әлия Бақытқызы

«Сымбатты  ару»,  Гүлім  Толымбекқызы

«Өнерлі ару», 9 «ә» сыныбының оқушылары

Аяулы Айтмұхамбетова  «Бұрымды  ару»,

Ауагүл  Жолдыбаева  «Тапқыр  ару»,  ал

«Көрермен  көзайымы»  номинациясы

бойынша 10 сынып оқушысы Айнұр Сиязова

көрермен 

ілтипатына 

бөленіп,

марапатталды. Ал «Наурыз аруы-2015» тәжі

ерекше өнерімен, өзіндік болмысымен тәнті

еткен  8  «а»  сынып  оқушысы  Диана

Садырбекқызының еншісінде кетті.

Кешегі Зере мен Ұлжан сынды жаны

ізгі аналарымыздың сарқытындай сезілетін

Айгеріммен Тоғжанның бүгінгі сіңілілері

осылайша әз мерекенің әрін кіргізді.

Нұржан БАЙТӨС

«Абай елі»

Наурыз аруы-2015

PDF 


создан

 

с



 

пробной


 

версией


 pdfFactory Pro 

www.pdffactory.com



Document Outline

  • абай
  • абай
  • абай
  • абай
  • абай


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет