Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет6/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Актиномицеттер (ескі атауы: сәулелі саңырауқұлақтар) – диаметрі 0,4-1,5 мкм-ге дейін жететін даму сатыларының кейбір стадияларында бұтақтанған мицелий құруға қабілеті бар бактериялар (кейбір ғалымдар актиномицеттердің бактериалды табиғатына байланысты саңырауқұлақтық мицелий аналогы – жіңішке жіпшелер деп атайды) тобы.
Ең кең таралған жері – топырақ: оның құрамында актиномицеттердің барлық туыс өкілдері кездеседі. Люминесцентті микроскопия көмегімен анықталатын прокариотты биомассаның 10-15% мөлшерін және дәстүрлі қоректік орталарда сұйытылған топырақ суспензиясын егу кезінде өсіп шығатын бактериялардың ¼ бөлігін құрайды.

Эукариоттар (грек. еu – жақсы, толығымен және karyon – ядро) – құрамында ядросы бар организмдер. Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ бір немесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Эукариоттар жасушалары прокариоттармен салыстырғанда күрделі келеді. Эукариоттар жасушалары көптеген ішкі мембраналармен жеке бөліктерге бөлінеді. Бұл бөліктерде бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз әртүрлі химиялық реакциялар жүреді. Бұл жасушаларда ядро мен органеллалар (митохондрия, рибосома және Гольджи кешені) қызметтері жақсы жіктеледі. Ядрода жасушаның генетикалық материалдары (ДНҚ, онымен байланысқан заттар) шоғырлана- ды. Эукариоттар жасушалары митоз жолымен бөлінеді.


Микроскопиялық (зең) саңырауқұлақтар - эукариотты гетеротроф-ты организмдер, спора түзетін, қолайсыз жағдайларға шыдамды көп жасушалы микрорганизмдер. Бүгінде 100 мыңға жуық түрі мəлім. Зең саңырауқұлақтарының денесі: бұтақтанған жіңішке және бір-бірімен айқасып жататын жіпшелерден тұрады. Оларды гифалар деп атайды. Гифалар тармақталып жіпшумақ түзеді, оны мицелий деп атайды. Микроскопиялық саңырауқұлақтардың ауалық мицелиі - өрмек түрінде, мамық түрінде және т.б. түрінде кездеседі. Саңырауқұлақтар жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді және көбею органдарының құрылысы жағынан әртүрлі болады. Жыныссыз көбею кезінде споралар ауа мицелийінің ерекше гифаларында, конидийлерінде немесе спорангийлерінде түзіледі. Саңырауқұлақтардың спорангийлері, әсіресе конидийлерінің құрылысы және сыртқы түрі әртүрлі өкілдерінде алуан түрлі болады. Жынысты көбею кезінде спора түзілуге жыныс процесі, яғни екі жыныс клеткаларының қосылуы, сонымен бірге олардың ядроларының бірігуі бастама болады. Нәтижесінде арнайы маманданған көбею органдары түзіледі. Бұл органдардың, жыныс процестерінің формалары саңырауқұлақтарда көптүрлі болады.
Ашытқылар – бір клеткалы эукариотты организмдер қатарына жатады. Оның көлденеңінен өлшемі 3-5 мкм-ге, ал ұзындығы 6 дан 10-15мкм-ге жетеді. Ашытқылардың пішіні – дөңгелек, сопақша, жұмыртқа және эллипс тәрізді болып келеді. Ашытқылар – клетка қабықшасынан, цитоплазмадан және ядродан тұрады. Цитоплазмада – клетка құрамына кіретін заттарды байқауға болады /май тамшылары, гликоген/. Клетканың қартаюына байланысты клетка шырынына толы вакуоля пайда болады. Ашытқылардың көбеюі бүршіктену арқылы жүреді, ал қолайлы жағдай пайда болғанда – споралар түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет