Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет3/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

С.Прузенер генетикалық құрамы тек блоктан құратын жаңа инфекциялық агент ашты (1997) оны прион деп атады.
Ресейде микробиологияның даму кезеңі ауру қоздырғыш микробтарды зерттеуден (Гамалея, Ценковский, Тереховский) басталып, бара бара микроорганизмдерді және топтастыру (Надсон, Артара, Красильников), микроорганизмдердің экологиясы мен физиологиясы (Омелянский, Исаченко, Иерусалимский, Мишустин) және биохимиясы сияқты салаларға да тарады.
Микробиология көп салалы ғылымға жатады.
Зерттеу нысанасы қарай: вирусология, бактериология, микология; паразитология және вирусология;
Тіршілік ету аймағына қарай: топырақ, ауа, су;
Сонымен, қазіргі таңдағы микробиология микробтардың атқаратын қызметіне қарай бірнеше салаға бөлінеді:
1.Қолданбалы микробиология - тағам, санитарлық, геомикробиология, микроб синтезі;
2.Мақсаттағы микробиология - медициналық, ауылшаруашылық, өндірістік, ветеринарлық;
3.Іргелі микробиология – цитология, метаболизм, генетика, экология және систематика.
С.Н.Виноградский, В.Л.Омелянский және М. Бейеринк микробиоло-гияның экологиялық бағытының негізін салушылар болып табылады.
Микробиология жетістіктері ауыл шаруашылығы саласында да кеңінен қолданылады: микроорганизмдердің негізінде өсімдіктердің ауруына қарсы препараттар жасалады, азотты тыңайтқыштар мен жем азығы сүрленеді. Микроорганизмдер мен микробиологиялық әдістер бұзылған экожұйенің қайта қалпына келуінде, жанаргаз алуда және экологиялық тиімді технологиялар жасауда үлкен рөл атқарады.
Микробиологияның өндірісте, әсіресе биотехнологияда алар орны зор. Болашақта микробтарды адам тағамдары мен мал азығы ретінде тікелей қолдану көзделіп отыр. Олардың химиялық жолмен алуға мүмкін емес антибиотиктерді, көптеген ферменттерді, витаминдерді, гиберрелиндерді, алкалиодтарды, гармондарды және т.б өндірудегі орны күннен-күнге артып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет