Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен


-топ. Сульфаттотықсыздандырушы архебактериялар



бет43/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80
Байланысты:
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

32-топ. Сульфаттотықсыздандырушы архебактериялар. Экстре-малды термофилдер, қатаң анаэробтар, сульфаттан күкіртсутегін түзетін организдер. Бұл топқа жататын бактериялар Archaeglobales қатарына, Archaeglobaceae тұқымдасына, Archaeglobus туысына жатады. Негізгі түрі – A.fulgidus. A.Profinilus түріне жататындар – миксотрофтар.
33-топ.Экстремалды галофилді аэробты архебактериялар (галобак-териялар). Бұл топқа бактериялары ас тұзы концентрациясы жоғары орталарда тіршілік ететін организмдер. Қозғалмайды, ал қозғалатындарда клетканың бір шетінде талшықтар шоғы болады. Клеткалары кокк немесе дұрыс емес таяқша пішінді.Таяқшалар грам-теріс, ал кокк тәрізділер грам-оң болады. Таяқшалы бактериялардың пішіндері әр түрлі: таяқша, лента, үшбұрыш, тікбұрыш тәрізді болады. Табиғатта тұздылығы жоғары жерлерде таралған. Галофилдер Halobacteriales қатарына, Halobacteriaceae тұқымда-сына және 6 туысқа біріктіреді. Туыс-тары: Haloarcula, Halobacterium, Halococcus, Haloferax, Natronobacterium, Natronococcus.
34-топ. Клетка қабықшасы жоқ архебактериялар. Бұған термоаци-дофилді микоплазмалар топтастырылған. Бір ғана туысы бар: Thermoplasma. Плеомофты клеткалары сфералы және жіпшелі түрде болады. Қабықшасыз, тек клетка мембрансымен қапталған, оның 7 нм-ге тең. Грам-теріс, қозғалмалы, талшықтары бар.Облигатты термофилдер 33 - 67 температура аралығында өседі. Бейтарап жағдайда клетка лизиске ұшырайды, факультатифті анаэробтар.
35-топ. Молекулалы күкірт ( ) пайдаланатын экстремалды термо-филдер мен гипертермофилдер. Бұл топ организмдерінің морфологиясы алуан түрлі: таяқша, жіпше, кокк, диск тәрізді клеткалар. Грам-теріс. Қозғалғыш не қозғалмайтын аэробтар, факультативті анаэробтар. Хемоавто-трофтар мен хемогетеротротар. Мекен ету орталары: континенталды сульфатарлы жерлер мен теңіздің гидротермалды жүйелері, жанартаулар баурайындағы ыстық бұлақтар.
Бұл топ 3 топшаға бөлінеді:
1) термоацидофилді аэробтар не факультативті анаэробты кокк тәрізділер - Acidianus, Desulfurolobus, Metallosphera, Sulfolobus).
2) таяқшалы немесе жіпшелі қатал анаэробтар - Pyrobaculum, Thermofilum, Thermoproteus.
3)кокк немесе диск тәрізді қатал анаэробтар - Desulfurococcus, Hyperthermus, Pyrococcus, Pirodictium, Staphylothermus, Therm.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет