Оқу ісі жөніндегі орынбасар: Г. Тянова Мұғалімнің аты-жөні



Дата08.11.2022
өлшемі139,5 Kb.
#48587
Байланысты:
1-сабақ. Анаэробты және аэробты тыныс алу


Бекітемін:
Оқу ісі жөніндегі орынбасар: Г. Тянова

Мұғалімнің аты-жөні:

Тянова Гүлназ

Пән/Сынып:

Биология, 9 сынып

Күні:

8.11.2022жыл

Тарау немесе бөлім атауы:

9.2A Тыныс алу

Сабақтың тақырыбы:

Анаэробты және аэробты тыныс алу. Анаэробты және аэробты тыныс алу үдерістерін химиялық реакция теңдеулерін қолданып қарастыру. Анаэробты және аэробты тыныс алудың тиімділіктері.

Оқу мақсаты:

9.1.4.1 - тыныс алу реакциясының химиялық теңдеуін пайдалана отырып, анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстыру

Бағалау критериі:

  • Аэробты және анаэробты тыныс алу типтерін біледі;

  • Аэробты және анаэробты тыныс алу типерін ажыратады;

  • Аэробты және анаэробты тыныс алу типтерін мағынасын түсінеді.

  • Тыныс алу жүйесінің химиялық реакциясының теңдеуін қолдана отырып аэробты тыныс алу жүйесін сипаттайды және анықтайды.




Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

3 минут

Ұйымдастыру

Сәлемдесу.
Миға шабуыл. Сабақ тақырыбын ашу үшін «1912 жылы Атлант мұхитында Ұлыбританиядан АҚШ-қа аттанған алып «Титаник» кемесі апатқа ұшырайды. 100 жылдан астам «Титаник» кемесі 4000 метр тереңдікте мұхит түбінде жатыр. Мұхиттың түбінде оттек мүлдем жоқ, дегенмен зерттеушілер кемені тат басып, ыдырай бастағанын баяндайды. Кеменің коррозияға ұшырауының себебі неде болуы мүмкін?» проблемалық сұрағы қойылады
Сабақтың тақырыбы: Анаэробты және аэробты тыныс алу. Анаэробты және аэробты тыныс алу үдерістерін химиялық реакция теңдеулерін қолданып қарастыру. Анаэробты және аэробты тыныс алудың тиімділіктері.
Бүгінгі сабақта тыныс алу реакциясының химиялық теңдеуін пайдалана отырып, анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстырамыз
Сабақ мақсаттары:

  • Аэробты және анаэробты тыныс алу типтерін білу.

  • Аэробты және анаэробты тыныс алу типерін ажырату;

  • Аэробты және анаэробты тыныс алу типтерін мағынасын түсіну.

  • Тыныс алу жүйесінің химиялық реакциясының теңдеуін қолдана отырып аэробты тыныс алуды спаттау және анықтау.




Тақырыпқа жетелеу.

Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа шоғырландырады.




Презентация Слайд 1-4

10 минут


Жаңа сабақ

Тақырыптың мазмұнын ашуға арналған бағыттауыш сұрақтар қойылады.
Тағамның құрамында қант бар екенін білеміз, ол бізге қуат береді.
Бірақ біз бұл энергияны қанттан қалай аламыз?
Бұл организмдердің барлығын не біріктіреді?
Олардың барлығы қозғалады және бұл энергияны қажет етеді.
Осы әртүрлі ағзалар қозғалу үшін энергияны қалай алады?
Ағзаларға энергия қажет:
• күрделі молекулаларды құруға арналған химиялық реакциялар
• қозғалыс
• жылыну үшін
Тапсырма 1. Алдыңғы білімдеріңізді қолданып келесі сұрақтарға жауап беріңіз.
Аэробты тыныс алудың ауызша теңдеуін аяқтау үшін осы сөздерді қолданыңыз.
Таңба теңдеуін жаза аласыз ба?
Тыныс алу үшін глюкоза мен оттегін қайдан алатынымызды және көмірқышқыл газы мен сумен не болатынын түсіндіріңіз.
Энергияның тірі организмдер үшін маңызды болуының үш себебін келтіріңіз.
Аэробты тыныс алудың химиялық реакциясы:
С6Н12О2 + О2 = СО2 + Н2О + АТФ
Глюкоза + оттегі = көміртек диоксиді + су + энергия
Адам денесінде жүздеген трилион жасушадан құралатын болса, сол жасушалардың әр қайсысы тыныс алады. Жасуша ішінде жүретін тыныс алуды жасушалық тыныс алу деп атайды. Жасушалық тыныс алу 2-ге бөлінеді.

  • Аэропты тыныс алу

Тыныс алу үдерісіне оттек атысатындықтан бұл үдеріс аэробты тыныс алу деп аталады. Аэробты тыныс алу кезінде энергия көп бөлінеді. Энергия жасушаның ішінде митохондрияларда өндіріледі. Ағзада оттек тотығу реакциялары нәтижесінде органикалық заттарды ыдыратып, энергияны босатып шығарады.

  • Анаэробты тыныс

Анаэробты тыныс алу кезінде ағзалар оттекті қажет етпейді. Тыныс алуға оттек қатыспағандықтан қоректік заттар толық ыдырамайды, сондықтан түзілетін энергияның мөлшері аз болады. Анаэробты тыныс алу адам ағзасында ауыр физикалық жаттығулар жасаған кезде бұлшықеттерде жүзеге асады. Жануарлар жасушаларында уақытша оттек жетіспегендіктен глюкоза цитоплазмада сүт қышқылына дейін ғана ыдырайды.

Анаэропты тыныс алу 2 кезеңнен ал аэропты тыныс алу 3 кезеңнен тұрады. Аэропты тыныс алудың үшінші кезеңі митохондрияда жалғасады.


Митохондриялар — жіпше және түйіршік тәрізді органоид. Ол автотрофты және гетеротрофты организмдердің цитоплазмасында кездеседі. Митохондрияның құрамына енетін ақуыздардың көпшілігі — тотығу процесін камтамасыз ететін, матриксінде және ішкі мембраналарына орналасқан ферменттер болып табылады. Жануарлар жасушаларына қарағанда жасыл өсімдіктерде митохондриялар аз кездеседі, өйткені митохондриялардың кейбір қызметтерін хлоропластар атқарады.



Жаңа тақырыпты меңгеру.

Тақырып бойынша оқушылардың алдыңғы білімін

Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Презентация Слайд 5-13







Жасушалардың тыныс алуы

  • Білімленд сайытынан




  • Факультативті аэробтық организмдер тобына оттектің бар-жоғын талғамай тіршілік ететін организмдер жатады, мысалы, күкірт, темір бактериялары оттекті нитраттардан, сульфаттардан, т.б. қосылыстардан алады.

  • Облигатты аэробтық организмдер тотығу реакциясы кезіндегі энергияны пайдаланады, мысалы, сірке қышқыл бактериялары этил спиртін сірке қышқылына дейін, ал кейбір зең саңырауқұлақтары қанттарды лимон, қымыздық, глюкон қышқылдарын түзгенге дейін тотықтырады.

  • Оттектің (О2) қатысуымен жүретін биологиялық процесті аэробиоз деп атайды. Аэробтық организмдердің арасында ең маңыздысы фотосинтез процесіне қатысатын организмдер – цианобактериялар, балдырлар және түтікті өсімдіктер.

  • Аэробтық организмдер табиғатта кеңінен таралған және ондағы зат айналымына үлкен, топырақтағы түрлі ауру қоздыратын бактерияларды жояды. тіршілігіне

  • Ауаның құрамындағы оттектің белгілі мөлшері мен қысымы қажет.

Аэробты және анаэробты тыныс алу үдерістерін салыстыру кестесі.



Оттегі туралы біз не білмейміз? Оттегінің ағзаға кері әсері бейне материалды тамашалау.





https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/tynys-alu-zhujesi/lesson/zhasushalardyng-tynys-aluy
Слайд 15

Слайд 16


https://www.twig-bilim.kz/kz/film/the-dark-side-of-oxygen

7 минут

Бекіту:

  • 1. Аэробты тыныс алудың анаэробты тыныс алудан айырмашылығы неде?

  • Аэробты тыныс алу оттегі қатысында жүреді

  • 2. Анаэробты тыныс алудың аэробты тыныс алуға қарағанда энергетикалық құндылығы неліктен төмен екендігін реакция теңдеуін жазып түсіндір.

  • Аэробты тыныс алу

С6Н12О2 + О2 = СО2 + Н2О + 38АТФ
Глюкоза + оттегі = көміртек диоксиді + су + энергия

  • Анаэробты тыныс алу

С6Н12О2 = 2C3H6O3 + 2АТФ
Глюкоза + оттегі = сүт қышқылы + энергия

Тақырыпты бекіту



Оқушылардың жаңа тақырып бойынша меңгергенін анықтау

Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Слайд 18




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет