Қадір түні оқылатын дұғалар kz Дұғалар


Алладан кешірім өтінгенде, ең жақсысы былай



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата21.04.2023
өлшемі388,5 Kb.
#85447
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қадір түні оқылатын дұғалар - kz »Дұғалар

Алладан кешірім өтінгенде, ең жақсысы былай
деп дұға айту
«Я, Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа
құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені
жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. Meн күш-
құдіретім жеткенше Саған деген уәдемді, әрі
сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің
жамандығынан Өзіңе сиынамын. Маған берген
нығметтеріңді мойындаймын, әрі күнәларымды да
мойындаймын. Мені жарылқай гөр! Шын мәнінде,
Сенен өзге күнәларды жарылқаушы ешкім жоқ!»
«Аллаһуммә, Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә,
халәқтәни уә әнә ‘абдукә, уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә
уә’дикә мә-стәтағту, ә’узу бикә мин шәрри мә
санә’ту әбу-у ләкә би-ни’мәтикә ‘әләййа уә әбу-у
би-занби, фәғфир ли, фә иннәһу лә яғфиру-з-
зунубә иллә Әнта!»
Кешірім сұрау дұғасы
«Я, Алла! Шын мәнінде, мен өзіме аса көп
зұлымдық жасадым. Күнәларды кешіретін Өзіңнен
басқа ешкім жоқ. Өз жарылқауыңмен мені кешір
де, маған рақым ет. Расында, Сен аса
Жарылқаушы, ерекше Рақымдысың!»
«Аллаһуммә, инни заләмту нәфси зулмән кәсиран
уә лә яғфиру-з-зунубә иллә Әнтә. Фағфир ли
мәғфиратән мин ‘индикә уәрхамни, иннәкә Әнтә-л-
Ғафуру-р-Рахим!»
Кімде-кім: «Әстәғфиру-Ллаһ-әл-’Азыймә-лләзи лә
иләһа иллә һууә-л-Хайю-л-Қаййуму уә әтубу
иләйһ!» («Одан басқа құлшылыққа лайықты құдай
болмаған Тірі әрі Мәңгі Жасаушы Ұлы Аллаһтан
кешірім тілеп, әрі Оған тәубе етемін») - десе, ол
тіпті шабуылдаған дұшпаннан (соғыс алаңынан)
қашқан болса да, Алла оны кешіреді!»
Қадір түнінде оқылатын дұға
Айша анамыздың (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.а.у.):
«Уа, Алла Елшісі, егер мен Қадір түнінің
басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?» ‒
деп сұрағаны риуаят етіледі. Бұған
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Я, Алла, расында, Сен –
Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре
гөр!
«Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббуль-ъафуа
фаъфу-ъанни» ‒ деп айт», ‒ деп жауап берген (әт-
Тирмизи, Ибн Мәжаһ, әл-Хаким). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет