Қадір түні оқылатын дұғалар kz Дұғалар


Алладан Өзін жақсы көретін жүрек, иман сұрау



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата21.04.2023
өлшемі388,5 Kb.
#85447
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қадір түні оқылатын дұғалар - kz »Дұғалар

Алладан Өзін жақсы көретін жүрек, иман сұрау
Я, Алла! Өзіңді жақсы көруді және Сені жақсы
көретінді жақсы көруді және Сенің жақсы көруіңе
жақындататын әрбір амалды жақсы көруді маған
нәсіп ет. Уа, Алла! Сенен мәселенің қайырлысын,
жақсы дұға, жақсы нәтиже және жақсы сауап
сұраймын. Мені бекем ет және таразымды
ауырлат, иманымды нығайт, дәрежемді көтер,
намазымды және ғибадаттарымды қабыл ет,
қатемді кешір және маған жоғары дәрежелі
Жәннатты нәсіп ет!
«Аллаһумма инни әс-әлукә хуббәкә уә хуббә мән
йухиббукә, уә хуббә куллә ъамә лин йуқаррибуни
илә хуббик. Аллаһумма инни әс- әлукә хайрал-мәс-
әләти, уә хайрад-дуъа-и уә хайран-нәжәхи, уә
хайрас-сәуәби, уә сәббитни уә сәққил мауазини, уә
хаққиқ имәни, уәрфаъ дәражәти, уә тәқаббәл
саләти уә ъибәдәти, уәғфир хати-әти уә әс-әлукәд-
дәражәтил-ъулә минәл-жәннәһ».
Береке сұрау
Я, Алла! Менің естуімді, көруімді, мінезімді, сырт
келбетімді, отбасымды, өмірімді және амалымды
берекелі етуіңді сұраймын, ізгі амалдарымды
қабыл еткейсің. Сенен Жәннаттағы биік дәрежені
сұраймын.
«Аллаһумма инни әс-әлукә ән тубәрикә фи сәмъи,
уә фи бәсари, уә фи халқи, уә фи хулуқи, уә фи
әһли, уә фи махйа-я, уә фи ъамәли, уә тәқаббәл
хәсәнәти, уә әс-әлукәд- даражәтил-ъулә минәл-
жәннәһ».
Алланың разылығын сұрау
Я, Алла! Шынайы иман, иманды көркем мінез,
артынан бақыт ілескен табыс, Сенен келетін
мейірім және жарылқау, кешірім және
разылығыңды сұраймын.
«Аллаһумма инни әс-әлукә сиххатән фи имәни, уә
имәнән фи хусни хулуқин, уә нәжәхән йәтбәъуһу
фәләхун, рахмәтән минкә уә ъафиәтән минкә, уә
мәғфиратән уә ридуәнә».
Алладан көмек сұрау
Я, Алла! Істерімнің қорғаушысы болған дінімді, өмір
сүретін дүниемді, қайтып оралатын ақыретімді
түзегейсің. Өмірімді ізгі амалдарды көбейту, ал
өлімімді барлық жамандықтан демалу қылғайсың.
Уа, Раббым! Маған көмектесе гөр және маған
қарсы көмектеспегейсің. Мені жеңіске жеткіз және
біреуге жығып берме. Мені тура жолға сал және
тура жолды маған жеңіл қылғайсың.
«Аллаһумма әслих ли динил-ләзи һууә ъисмәту
әмри, уә әслих ли дуния-ялләти фиһә мәъәши, уә
әслих ли әхиратил-ләти иләйһә мәъади, уәжъалил-
хәятә зиядатән ли фи кулли хайрин, уәжъалил-
мәутә рахатән ли мин кулли шәрр. Уә Рабби
әъинни уә лә туъин ъаләйя уәнсурни уә лә тәнсур
ъаләйя, уәһдини уә йәссирил-һудә ли».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет