Қадырова Нұрсая дсмиИ-20-1 3 тақырып: Зияты зақымданған балалар


Зият кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ерекшеліктері



бет3/3
Дата25.11.2022
өлшемі30,08 Kb.
#52677
1   2   3
Зият кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ерекшеліктері.

Қазіргі кезде елімізде зияты зақымдалған балаларды оқыту қарқынды жұмыс істеу шегінде тұр. Айта кетсек ежелгі ғасырда зияты зақымдалған балаларды адам ретінде көрмей құбыжық немесе жын шайтан ретінде көріп өмір сүруіне мұрша бермеген. Кейіннен келе мұндай балаларды гуманистік көз қараспен қарап шіркеулерде кейін арнайы мекемелерде оқытып қарастырған болатын. Ең алғашқы болып арнайы оқыту мекемелері АҚШ- та ашылған болатын. Кейіннен келе КСРО мемлекетінде де көптеп кездескен. Ал енді біздің елдегі мұндай балаларға көрсетіліп жатқан оқыту процестеріне тоқтала кетсек. Оқыту дегеніміз- мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс- әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі- мұғалім мен оқушының бірлескен іс- әрекеті.
Қазақстан Республикасында « Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагокикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11- шілдедегі № 343 заңы қабылданған. Ақыл- ой кемістігі бар балаларды арнайы мектепте оқыту мынадай екі кезеңнен тұрады:
1 кезең –I – IV сыныптар;
2 кезең – негізгі (V-IX сыныптар, X өндірістік сынып).
Дайындық сыныбы мен 1- сыныпқа 7-8 жастағы балалар қабылданады кейін көмекші мектепте 18 жасқа дейін білім алады. Сыныпта оқушылар саны 12 адамнан аспайды. Алғашқы 1-4 сыныптарда оқушыны жан- жақты дамытады психологиялық медициналық педагокикалық үйрету және қолдау арқылы білім беру процесі жүзеге асады. Кейіннен оқушылардың білім алуға қызығушылығы артып, оқу процесінде оқушы өз бетімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Бұл балаларда таным процестері жеткілікті мөлшерде дамымағандықтан 1- ден 9- сынып аралығында «Танымдық әрекетті түзеу» пәні енгізіледі. Бұл пәнде оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін арттыру мінез- құлқын түзеуге, ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған. Кейбір пәндер қосымша жүктемеге негізделген, жаратылыстану пәнінің мазмұны валеология элементтерін қамтиды ал география экологиялық білім негізімен оқытылады.
4- сыныптан 6- сыныпқа дейін «Жалпы еңбекке баулу» пәні оқытылады. Бұл сыныптарда балалар тігін тігу және кәсіби столярдың басты түрін меңгереді. Бұл балаларда баға қою тәртібі де ерекше болады. Оқу білімдернң нұсқалық нормасында В.В. Воронкованың жетекшілігімен Рессейде Білім беру Академиясының түзеу педагокика Инситуты қызметкерлері көмекші мектеп оқушыларын педагокикалық саралау кіреді. Ақыл- ой кемістігі бар оқушылардың негізгі көрсеткіші:
- ойын қорытындылау, оның ішінде білімі мен ептілігі;
- ойлау әрекетінің сөйлеу- логикалық және практикалық;
- компоненттерінің арақатынасын ұғыну;
- тапсырмаларды шешуде өз бетімен жұмыс жасау;
- оқушылардың көмекті сезінуі, ересектер тарапынан көрсетілген көмекке көзқарасы;
Ақыл- ой кемтар балаларға арналған арнайы мектептің түзету жоспары мұндай балаларды қоршаған ортаға бейімдеуге өздігінен өмір сүріп кетуіне ықпал жасайтын оқу процесін ұйымдастыру. Оқу бағдарламасының мемлекеттік стандартта сәйкес жеіңл деңгейі (1 тип) және қалыпты (2 тип) оқушыларға арналған оқу жоспарының екі нұсқасы ұсынылады. Арнайы мекемеде балалрдаң бәрі бірдей меңгере алмайды меңгерген жағдайда да оқу, санау, жазу дағдылары әлеуметтік бейімделуі аз болады. Көмекші мектептің оқу жоспарын дайындау негізі пәндік оқыту принципінен құралған. Оқу жоспарындағы пәндер цикл бойынша бөлінген:

  • Гуманитарлық;

  • Жаратылыстану математикалық;

  • Мәдениеттану;

  • Әлеуметтік бейімделу және еңбекпен оңалту;

  • Түзеу технологиялары;

Көмекші мектептерде зияты зақымдалған балалардың мүмкіндіктеріне бейімделген дәстүрлі пәндер мен түзеу пәндері оқытылады.
«Түзеу ритмикасы» бұл сабақта балалар дене қозғалысын жетілдруге, бағдарлай алуды дамытуға, ептілікке, музаклық сезім және эстетикалық сезімдерін қалыптаструға бағытталған.
«Емдік дене шынықтыру» балада жүріп- тұру функциялары бұзылған балалрарды оңалту мақсатында жүзеге асады. Сабақ топпен немесе жеке де жүріп отырады.
«Логопедиялық сабақтар» көмекші мектепте ақыл- ой кемістігі бар балаларда көптеп кездесетін тіл кемістігі көптеп кездеседі. Сөйлеу бұзылушығы ақыл- ойы кемтар балалардың психологиялық дамуына, білім алуына кері әсерін тигізеді.
«Танымдық іс- әрекетті түзеу» сабақтар ақыл- ойының кемістігі бар балаларды дамытуға, оқу және іс- жүзіндегі іс- әрекетке дайындығын қалыптастыруға бағытталған.
Мұндай мектептерде еңбекке баулу сабағы бойынша «Тері ісі», «Көгалдандыру» қосымша сабақтарына сағат бөлінген. Әрбір оқушы қажетті білімді меңгереді. Қыздар іс тігумен, тоқу, көктеумен айналысады. Ұлдар ағаш шеберлігін үйренеді. Зерттеу барысында анықталған кемістіктермен баланы тәрбиелеу мен оқытудағы коррекциялық жұмыстар бірнеше кезеңдерді қамтиды:

Кезеңдер

Жас ерекшеліктері

Мектепте оқыту кезеңдеріндегі талаптар:

Бірінші кезең

4 – 7 жас мектепеке дейінгі кезең

Санитарлық гигеналық талаптар мен моториканың дамуын анықтау

Екінші кезең

8 – 16 жас аралығы

Өзін – өзі қызмет жасау, Қарапайым сауаттылық, Сөздерді байланыстыру

Үшінші кезең

16 – 18 жас аралығы

Болашақ өмірге бейімдеу, Еңбекке араласып үйрену, Әлеуметтік ортаға бейімделу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет