Adobe Photoshop программасы


Adobe Photoshop бағдарламасының түс үлгілері



бет3/8
Дата06.01.2022
өлшемі4,36 Mb.
#16817
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8

Adobe Photoshop бағдарламасының түс үлгілері

  • Adobe Photoshop бағдарламасындағы кез-келген сурет растрлық болып табылады. Ол сканер арқылы еңгізілсін, басқа бір бағдарламадан еңгізілсін немесе фотошоп бағдарламасы арқылы жасалсын ол – растрлық болып табылады. Растрлық суреттер- кішкене тік төртбұрышты түстер қосындысынан тұрады. Әрбір нүкте- пиксель деп аталады. Ол белгілі бір түсті немесе реңді көрсетеді. Пиксельді суретті үлкейту арқылы пиксельдерді бөлек- бөлек өзгертуге болады.
  • Adobe Photoshop бағдарламасының түстер палитрасы (Color Picket) алдыңғы қатардың және артқы қатардың түсін таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар түсті сандар координатасын жазу арқылы таңдауға болады. Adobe Photoshop бағдарламасында дайын түстерді де таңдауға болады. Ол CMYK–моделінің түстері. Бағдарламадағы түстер палитрасы негізгі болып алынған. Басқа палитраны қолданғаннан кейін негізгі палитраға ауысу үшін менюде «файл» > «Орналастыру» > «Негізгі палитра».
  • Color (Түс) палитрасы түстерді араластыруға және таңдауға мүмкіндік береді. Бұл түстер суретті өзгерту кезіндегі құралдарға қолданылады, мысалы, Fill (құю) немесе Canvas Size (Холст размеры). Палитра моделінен түс моделін таңдаңыз, осы кезде сурет түстерін араластыруға болады. Түсті таңдау үшін ,палитрасынын астында орналасқан түстер жобасын басыңыз. Түстер таңдайтын Color Picket (Түс палитрасы) панелін ашу үшін, негізгі төртбұрышты шертіңіз, егер ол қазір жабық болса, оны екі рет шертіңіз. Түстер палитрасының астындағы сол бөлігінде екі кішкентай тіктөртбұрыш бар: ақ және қара. Оларды шерту арқылы түстерді белгілеуге болады: негізгі- қара, артқы түс-ақ. Ақ және қара түстерімен әртүрлі суреттер бейнелеп салуға болады.
  • Color Picket (Түстер палитрасы) мынадан тұрады:
  • Түс таңдау бөлігі (үлкен төртбұрыш)
  • Түс реңдерін таңдау бөлігі
  • Түс салыстыру бөлігі (кішкентай тіктөртбұрыш, ол көлденең екі бөлікке бөлінген: үстіңгісі – нақты түс, астыңғысы – таңдалған түс)
  • Цифрлы түстер бөлігі: HSB, RGB, Lab, CMYK моделдері.
  • Түстерді салыстыру бөлігінде екі ескерту шығуы мүмкін.
  • Warning: out of gumut for printing - Стандартты түстер аймағынан шығып кету
  • Warning: not a Web safe color -Қауіпсіз түстер аймағынан шығу (интернет үшін)
  • Бірінші ескерту (үшбұрыш ортасында леп белгісі бар)-сіз таңдаған түсті басып шығаруға мүмкін емес екендігін көрсетеді. Себебі CMYK стандартты түстер аймағында сіз таңдаған түстің жоқ екендігін көрсетеді. Осы кезде сіз таңдаған түске ұқсас, стандартқа сәйкес түс үлгісі көрсетіледі.
  • Екінші ескерту (кубик)- бұл ескерту сіз таңдаған түстің Windows және MAC ақпараттық жүйесінде жұмыс істейтін бағдарламаларда әртүрлі көрсететінін айтады. Себебі олар әр түрлі палитралар жүйесінде жұмыс істейтінін көрсетеді. Осы екі ақпраттық жүйеде бірдей көрсететін түс үлгісі жанында көрсетіледі. Сол түсті таңдау үшін тіктөртбұрышты басыңыз.
  • Color Picket (Түстер палитрасы) арқылы:
  • Түстер реңінің аймағын белгілеуге болады.ол үшін өзгерту тетігін қою (H, S, B, R, G, B, I, a немесе b) және тышқанды қозғалту арқылы.
  • Үлкен төртбұрыштың белгілі біл аймағын шерту арқылы, белгіленген түстер ішінен түс таңдауға болады
  • HSB, RGB, Lab немесе CMYK Түстер моделінен түстің цифрлық белгісін белгілеу арқылы түс таңдауға болады.
  • Стандартты каталогтардағы керекті түстерді қолдану үшін Custom (түстер каталогы) мәзірін басу керек. Бұл жерде Adobe Photoshop бағдарламасының стандартты 17 түстер каталогы көрсетілген. Осы каталогтардың ішінде ең көп тараған PANTONE.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет