Ескі суреттер... Бұл ондаған жылдар бұрын өмір сүрген адамдардың тарихы. Бұл ескі альбомдарда сақталған, қолдан қолға өткен, ескірген, сарғайған суреттер. Осындай ескі мұралардың көп бөлігі мұражайларда, мұрағаттарда, жеке коллекцияларда, альбомдарда сақталған. Суреттердің барлығы уақыт өте келе өзгеріске ұшырайды. Осы суреттерді қалпына келтіруге Adobe Photoshop бағдарламасы көмектеседі. Осы бағдарлама арқылы біз ескі суреттегі міндерді тазалай аламыз, суреттерді түстендіре аламыз. Енді суретпен жұмыс істеу тәсілін талқылайық. Егер ескі суреттерді алатын болсақ ескі суреттердің көбі арнайы мамандармен сурет студияларында жасалған. Бұл суреттерде сурет ашықтылығы жақсы қойылған. Осындай суреттерге түс беру өте оңай. Сурет түссіз болғандықтан (сканерден өткізген кезде ол RGB форматта сақталады ), біріншіден оны RGB форматынан Grayscale моделіне ауыстыру керек. Бұл суреттің көлемін азайтады және Adobe Photoshop бағдарламасында жұмыс істеуді оңайлатады. Одан кейін техникалық ақаулармен жұмыс істеу керек, оның ішінде түсін белгілеу, реңін келтіру.