«Адвокаттық қызметке үміткерлерді іріктеу» тақырыбына байланысты жазбаша түрде ситуациялық есептер дайындау



Дата02.10.2023
өлшемі14,92 Kb.
#112651
Байланысты:
адв 4 апта


«Адвокаттық қызметке үміткерлерді іріктеу» тақырыбына байланысты жазбаша түрде ситуациялық есептер дайындау

  1. Азамат Айболатов Мансұр Дәулетұлы Адвокаттық қызметке үміткер ретінде барлық құжаттарын тапсырып, Аттестаттаудың бірінші кезеңі, яғни, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуден өтуге келді. Бірақ, ол тестілеу тәртібін бұзды, анығырақ айтатын болсақ, тестілеуге ұялы телефон алып кірген. Айболатов Мансұрдың ұялы телефон қолданып отырғанын тестілеу операторы көріп, тестілеуден шеттетіле отырып, тестілеу талаптарын бұзушылық туралы акт толтыртып, шығарып жіберді. Келесі кезекте, азамат Дәулетұлы қайтадан аттестациялауға қатыса алады ма? Егер қатыса алатын болса, қанша уақыт көлемінде қайта тапсыруға болады?

Жауап: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20774 болып тіркелген “Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу” мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына сәйкес, Аттестаттауды өткізу кезінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттерді қағаз, электрондық және өзге де жеткізгіштерде, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларда (оның ішінде мобильдік телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) пайдалануға жол берілмейді. Мұндай құрылғылар тестілеу кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақтауға орналастырылады. Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті алушыны ағымдағы аттестаттаудан шеттете отырып, бұзушылық туралы акт жасайды. Аттестаттаудан шеттетілген көрсетілетін қызметті алушы шешім шығарылған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.

  1. Аттестациялаудан өту кезінде техникалық ақаулармен тест тапсырып отырған кабинетте компьютер немесе емтихан тапсырушының кінәсінен емес басқа да жағдай болып қалса, емтихан тапсырушы кінәлі болады ма? Онымен қоса 3 айдан соң ғана қайта тапсыра алады ма?

Жауап: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20774 болып тіркелген “Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу” мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына сәйкес, Еңсерілмейтін күш (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар) салдарынан, сондай-ақ техникалық ақаулар себебінен тестілеуді жалғастыру мүмкін болмаған кезде тестілеу тоқтатыла тұрады және тестілеу рәсімін тоқтата тұру туралы акт ресімделеді. Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан қайтадан өтеді.

  1. Азаматша Дайрабаева Айгуль Мыразаханқызы, Адвокаттық қызметке үміткер ретінде аттестациялаудан өтпек болды, екі этаптан тұратын аттестациялаудың біріншісінен, яғни, Заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуден сәтті өтті, бірақ екінші кезеңге, Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған тестті орындауда төмен балл алып қалды. Айгуль қайтадан емтихан тапсыра алады ма? Қайта емтихан тапсырғанда бірінші этап баллдары сақталады ма?

Жауап: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20774 болып тіркелген “Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу” мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына сәйкес, Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 % (жетпіс) және одан астамын құраса, көрсетілетін қызметті алушы заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеудің екінші кезеңіне жіберіледі. Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 65 % (алпыс бес) және одан астамын құраса, көрсетілетін қызметті алушы практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі. Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың екі кезеңінен оң нәтижемен өткен кезде аттестаттаудан өткен болып есептеледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет