А.Ә. Ниязғалиева, Г. Г. Тҧрғаналиева


 – жаттығу. –хана қосымшасы арқылы жасалған диалект



Pdf көрінісі
бет117/200
Дата06.01.2022
өлшемі1,37 Mb.
#14641
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   200
 
5 – жаттығу. –хана қосымшасы арқылы жасалған диалект 
сӛздерге  мысал  келтіріп,  оларды  кірістіріп,  «Орал  кӛшесінде» 
тақырыбында шағын әңгіме құрастырыңыздар. 
 
6  –  жаттығу.  Поэзиялық  шығармалардан  морфологиялық 
ерекшелікке  байланысты  он  шақты  мысалдар  тауып 
жазыңыздар.  
 
 
Студенттің ӛзіндік жҧмысы: 
 
1)  «Жастар  және  диалект  сӛздердің  орны»  тақырыбында 
пікірталас  дайындау  (екі  жақты  пікір:  «Диалект  сӛздер 
тілімізді  шҧбарлайды»  немесе  «Диалект  сӛздер  тіліміздің 
сӛздік қорын байытады») 


121 
 
11-модуль  
Танымдық блок 
Диалектілік лексикография –диалектологияның бір саласы 
Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  Тіл  білімі  институты            
1969  жылы  «Қазқ  тілінің  диалектологиялық  сҿздігін»  бастырып 
шығарды.  Бұдан  бұрын  шағын  диалектологилық  сҿздіктер 
шыққан  болатын.  Оның  бірі  профессор  С.  Аманжоловтың 
монографиялық еңбегінің соңына тіркеліп берілген сҿздік болса, 
екіншісі 
Ж. 
Досқараевтың 
«Қазақ 
тілінің 
жергілікті 
ерекшеліктері» деген еңбегі.  
Диалектологиялық  сҿздіктің  теориялық  та,  тҽжірибелік  те 
маңызы  зор.  Ҽдеби  тілде  баламасы  жоқ  сҿздерді  жарыққа 
шығарып,  ҽдеби  тілде  жиі  қолдану  игілігіне  айналдыруда  бұл 
сҿздіктердің  маңызы  зор.  Бұл  жағынан  диалектологиялық 
сҿздіктер екі тілді  сҿздіктерді, түсіндірме жҽне терминологиялық 
сҿздіктерді  құрастырушыларға  кҿптеген  тың  материалдар 
беретіні сҿзсіз.  
Текстологиямен  шұғылданып  жүрген  ғалымдарға  да  сҿздік 
диалектілік  ерекшеліктердің  сырын  ашуда  белгілі  дҽрежеде 
кҿмегін  тигізеді.  Жоғары  оқу  орындарында  оқып  жүрген 
студенттерге  қосымша  оқу  құралы  болумен  қатар,  мектеп 
мұғалімдері  үшін  оқушылардың  жазба  жұмыстарындағы 
диалектілік  сипаттағы  қателерді  танып,  оларды  түзетіп  отыруда 
да  диалектологиялық  сҿздіктің  мҽні  зор.  Оны  этимологиялық 
зерттеушілер  үшін  де,  жалпы  қазақ  тілінің  лексикология 
мҽселелерін зерттеуде де кең пайдалануға болады.  
Диалектологиялық  сҿздіктер  ҿзінің  құрылысы  жағынан, 
реестірлік  сҿздерді  түсіндіру  принципі,  мысал  беру  тҽртібі 
жағынан  ҽдетте  түсіндірме  сҿздіктің  құрлысына  ұқсас  келеді. 
Диалектологиялық 
сҿздікте 
ҽдеби 
тілде 
норма 
болып 
қалыптаспаған,  таралу  шегі  (изоглосы)  бар  сҿздердің  бҽрі 
қамтылады. Бұл сҿздікке диалектілік ерекшеліктерімен араласып 
жатқан изоглостық шегі бар диалектілік кҽсіби сҿздер де енеді. 
Диалектологиялық  сҿздікке  кірмейтін  сҿздер:  а)  ҽдеби  тілде 
норма  болып  қалыптасқан  сҿздер,  ҽ)құрамында  фонетикалық 
ерекшеліктері  бар  сҿздер  (мышық-мысық.т.б.),  б)  құрамында 
грамматикалық  ерекшеліктері  бар  сҿздер  (барың,  баражақ, 
барасыңыз  т.б.),  в)  жалпыхалықтық  сипаты  бар  кҽсіби  сҿздер 
(жҥгері,  қарбыз,  қауын,  мақта,  шортан,  кҥнбағыс  т.б.),                       


122 
 
г)  қарттардың  тілінде  сақталып  қалған  кітаби  тіл  элементтері 
(ләкін, міллет, ғаділ, мәшхҥр, ғҧмыр  т.б.) ғ) ҽдеби дублеттер мен 
ҽдеби-қарапайым дублеттер (егер//ҽгер, себеп//сҽбҽп, фікір//пікір, 
разы//риза//ырза  т.б.),  д)  топонимика  мен  ономастика  топтарына 
жататын сҿздер. 
Cҿздікте  ең  алдымен  реестрлік  сҿз  беріледі.  Одан    кейін 
жақшаның ішінде сол сҿз жазылып алынған облыс пен ауданның 
аты кҿрсетіледі. 
Диалоктологиялық  сҿздік  сҿздің  таралу  шегін  кҿрсете 
алмайды. 
Бұл 
диалектологиялық 
атластың 
міндеті. 
Документациядан  кейін  реестрдегі  сҿз  ҽдеби  тілдегі  балама 
синонимімен түсіндіріледі. Егер ҽдеби тілде бұл сҿздің баламасы 
болмаса, реестрлік сҿз баяндау түрінде түсіндіріледі. Одан кейін 
экспедиция материалдарынан мысал беріледі де, соңында жақша 
ішінде сол мысалдың қай жерден жазылып алынғандығы жҿнінде  
географиялық документация беріледі. Одан кейін кҿркем ҽдебиет 
пен баспасҿз материалдарынан алынған мысалдар беріледі. 
Диалектілік тіркестер сҿздік мақаласының (словарная статья) 
ішінде берілмей, жеке реестр ретінде беріледі. Мысалы, жҧмыс 
жасау, не зат, жер шығып кету т.б.  
Егер  тіркестегі  не  мақал-мҽтелдердің  құрамында  кездесетін 
диалектілік  сҿз  тіркесі  не  мақал-мҽтелдерден  тыс  жеке 
қолданылатындай  қабілеті  болса,  ол  сҿз  жеке  реестрге 
шығарылады  да,  тіркес,  мақал-мҽтелдерден  сол  сҿздік 
мақаласының  ішінде  ромбиктен  кейін  (♦)  келтіріледі.  Омоним 
мен  кҿп  мағыналы  сҿздер  басқа  вариантта  айтылатын  болса,  ол 
варианттардың  бҽрі  бір  реестрге  шығарылады  да,  араларына 
параллель 
белгісі 
(//) 
қойлады. 
Мысалы, 
айырмақ//айырмақшылық,  анжы//ҽнжі,  аңаза//аңыза.  Егер  ондай 
варианттар  барлық  жерде  емес,  ҽр  түрлі  территорияда 
қолданылса,  олардың  ҽрбіреуі  жеке  реестр  ретінде  беріледі. 
Диалектологиялық  сҿздік  жҿнінде  толығырақ  мҽлімет  беру 
мақсатымен реестрлік мақаланың бірнешеуін келтірейік. 
Жар  (Орал:  Қазт.,  Жҽн.,  Чап.,  Жымп.,;  Ойыл,  Шалқ.,  Ырғ.). 
Үйдің қабырғасы. Киімдеріміз жарда ілулі тұр еді. (Орал, Чап.). 
Жағын  таянып,  шам  жарығынан  жарға  түскен  қыз  басының 
кҿлеңкесіне  қарап  ұзақ  отырды.  (Х.  Есенжанов).  Жар  газеті  –
қабырға  газеті.  Жар  газеті  мен  жауынгерлік  листок  оқта-  текте 
бір шығады. («Қ-з жолы», 25.Х.1953). 


123 
 
Ілкі.  (Орал  Чап.,  Жымп.,  Қазт.,  Жҽн.,  Гур.    Маң..,  Теңіз). 
Алғашқы,  бірінші.  Ол  жерге  ілкіде  бір  барған  болатын.  (Орал, 
Чап.)  Соғыстың  ілкі  күнінде  жер  қайысқан  жендеттің  тілерсегі 
қырқылды  (Н.  Байғанин).  Ілкі  ҽзірде.  Алғашқы  кезде.  Шалғай 
қоныстарда,  бригадаларда  ілкі  әзірде  жұмыс  айтарлықтай 
болмады  («Соц.  жол»,  18.ІХ.  1958).  Ілкі  мезетте.  Алғашқыда. 
Қанша  сенбестік  болса  да,  оған  ілкі  мезетте  Филипп  Петрович 
ойына сап ете түскен-ді. (А. Фад. «Жас. гв.», 254 Ауд. Ғ. Сланов). 
Құдағай  (Гур.;  Орал.;  Орын:  Ад.  Бҿр.)  Құдағи.  Кҿршіміздің 
қҧдағайы  келіп  жатыр  (Орал,  Чап.).  Бар-  барын  айтады,  жоқ- 
зарын  айтады.  Құда  базына  айтады,  қҧдағай  назын  айтады. 
(мақал). 
Азын  -шоғын  (Орал:  Чап.,  Жымп.,  Қазт.,  Жҽн.,  Қарат.;  Гур.: 
Теңіз, Маң.) Азды кҿпті. Олар азын-шоғын істеген жұмыстарына 
разы болды. (Орал, Чап.) 
Шану  (Орал,  Гур.,  Ақт.).  Сену.  Мен  оның  сҿзіне  алғашқыда 
шанып  қалып  едім.  (Орал,  Қазт.).  Колхозшылардың  шанып 
тапсырған 400 қойы бар. 
Шанымды (Гур., Орал, Ақт.). Сенімді. Бұл  жұмысқа партия 
тек  шанымды  адамдарды  жіберді.  (Орал,  Чап.).  Тек  сыр 
ашпайтын шанымды адамдар болмаса ...(Қ. Аманжолов). 
Дҽліз.(Жамб.:  Тал.,  Луг.).  Кіре  беріс,  ауыз  үй,  сенек.  Дәліз 
ыбырсып  кетті  ғой(Жамб.,  Шу).  Дәліз  жарық,  оң  жақтағы  қонақ 
бҿлмеде күбір-күбір сҿз (З. Шашкин.) Парс.- даhлиз... 1) коридор, 
сени,  вестибюль,  прихожая,  длинный  проход  от  ворот  во  двор 
(ПРС,1953). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет