А.Ә. Ниязғалиева, Г. Г. Тҧрғаналиева



Pdf көрінісі
бет69/200
Дата06.01.2022
өлшемі1,37 Mb.
#14641
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   200
Ж  /  ш.  Келемеш  –  келемеж,  ырғалып-шырғалып  -  ырғалып-
жырғалып,  жаппа  пышақ  –  шаппа  пышақ,  еждеңе  –  ештеңе, 
жымылдықтың шаршауы - шымылдықтың балдағы, қиқа – шиқа - 
қиқа  –  жиқа.  Мысалы:  Егінді  жинау  жұмысы  ырғалу  – 
шырғалуды 
кҿтермейді 
(Орал, 
Жҽн.). 
Жымылдықтың 
шаршаулары түсіріліп, форточкалары жабылыпты. 
Ж / й. Ол, сол, бұл, қай, кей есімдіктері жер, жақ сҿздерімен 
тіркесіп  келсе,  олар  кейбір  оңтүстік  говорларда  бұяқ  (бұл  жақ), 
сояқ (сол жақ), сҿйерде (сол жерде), кҽйерде (қай жерде), бүйерде 
(бұл  жерде)  болып,  ж  дыбысы  й-ге  ауысып  айтылады.  Мысалы: 
Сен қайаққа баратын едің? (Шымк., Түрк.). Сойерде газеттер бар 
шығар (Шымк., Сайр.). Бұяқта егін жақсы шықты (Оңт. обл-да). 
Б  /  м.  Мұрнағы  күні  –  бұрнағы  күні,  мауыздау  –  бауыздау, 
мейіл  –  бейіл,  пейіл,  мҽйіт  –  бейіт,  мекіре  –бекіре,  меш  –  беш, 
қамыр – қабір, мойы – бойы. Бауыздау-мауыздау, матыру-батыру, 
мекіре-бекіре,  бейнет-мейнет,  мүгін-бүгін,  құрман-құрбан, 
мҽртеме-мҽртебе,  мейірман-мейірбан.  Ол  мұрнағы  күні  келді 
(Шымк.,  Түлк.).  Сайрам  суының  мойында  бұлақ  кҿп  (Шымк., 
Сайр.).  Шымкент,  Қызылорда,  Талдықорған,  Маңғыстау 
облыстарында  кездеседі.  Күніңді  отбасыңда  күймеңдеумен 
ҿткізетін болдың-ау.  


82 
 
Егер  есімдік  дауыстыға  бітсе,  ол  дауысты  дыбыс  түсірілмей 
ашық айтылады. Мысалы: Осы йерден сен қателестің ғой деймін. 
Ана  йақта  ойнап  жүрген  болар  (Қ.орда,  Қарм.).  Ат  үстінде 
аударылып,  сілтейді  ойақ-бұйағынан  (А.Тоқмағамбетов).  Бара 
жатыр,  келе  жатыр  сияқты  күрделі  етістіктер  кейде  бара  йатыр, 
келе  йатыр  түрінде  айтылады  немесе  баратыр,  келатыр  болып, 
екінші  сыңарындағы  ж  дыбысы  түсіп  қалып  айтылады.  Ж-ның 
түсіп  қалуы  тек  –а,  -е  кҿсемшелі  күрделі  етістіктерге  ғана  тҽн 
емес, -ып, -іп, -п кҿсемшелі тұлғалы етістіктермен тіркескенде де 
түсіріліп  айтылуы  мүмкін.  Мысалы:  сатып  атыр,  салып  атыр, 
айтып  атыр  т.б.  Бұл  құбылысты  ҿткен  ғасырда  Н.И.Ильминский 
де  байқаған  болатын.  Сҿз  басындағы  ж  дыбысын  аффрикат  ж 
(дж)  дыбысына  бейімдеп  айту  –  шығыс  говорларына  тҽн. 
Мысалы: жылқы  – джылқы, жоқ – джоқ, жігіт – джігіт, жаман – 
джаман, олжа – олджа.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет