А.Ә. Ниязғалиева, Г. Г. Тҧрғаналиева


З / ж. Нҽжік – нҽзік, зҽбір – жҽбір, нажағай – назағай, тҿжу –  тҿзу, жыту – зыту т.б.  Н  /  ң



Pdf көрінісі
бет70/200
Дата06.01.2022
өлшемі1,37 Mb.
#14641
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   200
З / ж. Нҽжік – нҽзік, зҽбір – жҽбір, нажағай – назағай, тҿжу – 
тҿзу, жыту – зыту т.б. 
Н  /  ң.  Ҿлен  айту  -  ҿлең  айту,  кҿбен  –  кҿбең,  ертен  –  ертең, 
барасын  –  барасың,  кҿленке  –  кҿлеңке  т.б.  Қыздар  ҿлендете 
жҿнелді (Шымк., Түлк.). 
Қ / у. Сылақ – сылау, бояқ – бояу, жамақ – жамау т.б. Қ жҽне 
у  дыбыстарының  ҿзара  алмасуын  ҽдеби  тілдегі  кейбір 
варианттарынан кездестіруге болады. Мысалы: қыстақ  –  қыстау, 
сұрақ – сұрау, сынақ – сынау т.б.  
Дыбыстардың тҧрақсыздығы 
Қазақ  сҿйленістерінде  контракция  (сҿз  құрамындағы 
дыбыстардың 
түсіріліп 
айтылуы) 
жҽне 
эпентезамен 
(дыбыстардың  қатыстырылып  айтылуы)  байланысты  біраз 
құбылыстар бар. Бұл құбылыстар ҽсіресе дауыссыз дыбыстардың 
құрамында  жиі  кездеседі.  Сҿз  ішінде  тұрақсыздығымен 
сипатталатын  дыбыстардың  жүйелілігі  дҽйекті  түрде  кездесуі 
бірдей  емес.  Кейбір  дыбыстардың  тұрақсыздығы  бір-екі 
мысалдан  аспай,  дҽйекті  түрде  кездесетін    құбылыстардың 
қатарына жатады. Тұрақсыздығы дҽйекті түрде жҽне сан жағынан 
да  басым  түрде  кездесетін  дыбыстардың  қатарына  тҿмендегі 
дыбыстарды жатқызуға болады. 
Р. Берку – беку, ҽбіргер – ҽбігер, жоңыршқа – жоңышқа т.б. 
Мысалдар: Ол ҿзіне беркілген тапсырманы мінсіз атқарып келеді. 
(Орал,  Чап.).  Сауыншыларға  беркіліп  берілген  сиыр  бар  (Орал, 


83 
 
Жҽн.).  Жақында  қалалық  ҽкімшілік  күзде  ағаш  егу  жоспарын 
қарап беркітті. Бізде  жоңұрышқаны  кҿп  егеді (Шымк,Ленг.). 
Л.  Еш  нҽрсе  қамады – еш  нҽрсе  қалмады, олай  боса – олай 
болса, кемей  қалды – келмей  қалды, сатамай  жүр – сата  алмай 
жүр.  Бұл  құбылыс  ҽсіресе  оңтүстік-шығыс  сҿйленістеріне  тҽн. 
Мысалдар:  Алған  товарларын  біразға  дейін  сатамай  жүрді 
(Алм.,Нар.). Диқаншылық қысаңыз білер едіңіз (Шымк.,Сарыағ.). 
Малымды  берамаймын,  ҽуре  болма  (Шымк.,Түркіс.).  Ҽртістер 
кеп ойын қойған екен, кҿрамадық (Жамбыл, Георг.). Қасап босаң 
соярсың, ҽділ босаң қоярсың (мақал). Телевидениенің  іші, құдай 
самасын,  адам  адасатын  бұлың-бұлың  жер  екен.  Бұл  құбылыс 
Монғолияда  тұратын  қазақтардың  тілінде  де  бар:  қаса  –  қалса, 
кесе  –  келсе,  саса  –салса  т.б.  Мысалы:  Тезірек  кесең  қайтеді. 
Осында қасаң, балам, қой жаясың. 
Н. Бешпент – бешпет, бақтаншы – бақташы, екенсаяқ- некен-
саяқ,  ажағай  –  найзағай.  Мысалдар.  Тҿлепбергенов  жылқы 
малының  белгілі  бақтаншысы.  Н.К.Дмитриев  сонор  р,  л  жҽне  н 
дыбыстарының  тұрақсыздығын  ҿте  ерте  заманнан  келе  жатқан 
кҿне құбылыстардың қатарына жатқызады.  
Ғ. Шылғи – шыли, туару – доғару, құмған – құман, суғару – 
суару,  шаңырақ  –  шаңғарақ,  аңызғақ  –  аңызақ.  Мысалдар:  От 
басында құмған, екі кҿзін жұмған (жұмбақ). Кет, мынауың шылғи 
ҿтірік  (Қ.Амманжолов).  Осыларға  шыли  сҿз  қатып  жүретінім  не 
екен  (М.Ҽуезов). Мал құдықтан  суғарылды.  Аңызаққа шыжыған 
Асқардың  да  аңқасы  кеуіп,  ақ  таңдай  бола  бастағасын  ауылға 
беттеді  (С.Мұқанов).  Үсеновтің  отарлары  қазір  осы  моторлы 
құдыққа  сауғарылады.  Біз  шаңырақ  демейміз,  шаңғарақ  дейміз 
(Шымк.,Сарыағ). 
Г. Сүгірет – сурет, егесі – иесі, бігіз – біз, кигіз үй – киіз үй, 
аттың егері//егҽрі – аттың ері т.б. Мысалдар: Аттың егерін алып 
кел    (Шымк.,Сайр.).  Етікшінің  тесетін  құралын  біз  бігіз  дейміз 
(Шымк.,Сарыағ)  Балаларға  қызықты,  сүгіретті  кітап  бар  ма? 
(Орын.,Ад.).  Күйеуінің  сүгіретін  тұсына  іліп  қойды  (Ғ.Сланов). 
Жатпадым  абақтыны  сүгіреттеп  (Х.Ерғалиев).  Неше  қатар  үй 
тігіліп ақ кигізден, келгендерге сыйлығын бере берді (Б.Майлин). 
Қ.  Құттық  –  құтты,  уалау  –  уқалау  т.б.  Бұл  дыбыстың 
тұрақсыздығы  кейбір  сҿздердің  ортасында  жҽне  аяғында 
байқалады.  Мысалдар:  Жақсылық  аға,  адал  жүрек,  ақ  ниеттен 
құттық  айтамыз  (Ғ.Сланов).  Осы  сҿздердегі  қ  дыбысының 


84 
 
тұрақсыздығын 
ҽдеби 
тілдегі 
тарқау-тарау 
сҿзімен 
салыстырыңыз.  Қ,  к  дыбыстары  тіліміздегі    кейбір  ескі,  кҿне 
формалаларда да түсіп қалып айтылады. Мысалы: Жақсының ҿзі 
кішік,  ойы  биік;  ұлық  болсаң,  кішік  бол  (мақал)  дегендегі  ұлық, 
кішік  сҿздері  ҽдеби  тілімізде  ұлы,  кіші  болып,  соңғы  қ,к 
дыбыстары түсіріліп айтылады. 
К.  Дҽнеңке  -  дҽнеңе//  дҽнеме,  ештеңке  –  ештеңе//ештеме, 
бірдеңке  –  бірдеңе//бірдеме,  біткеру  –  бітіру,  түзік  –  түзу, 
кірпікшешен  –  кірпішешен  т.б.  Мысалы:  Кіндік  кесіп,  кірімді 
жуған  жерім,  Жармасып  түндік  бауға  ес  кіргеннен,  Шаңдақта 
кірпікшешен  қуған  жерім.  Барсам  ештеңке  болмаған  екен,  бҽрі 
орнында (Алм., Шел.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет